ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези

ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези
Автор книги: id книги: 831069     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 200 руб.     (2,14$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Книги для детей: прочее Правообладатель и/или издательство: Издательские решения Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9785449014696 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 12+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Шоко әлемде заттар шоколад пен халвадан жасалған. Бұл тәтті әрі танғажайып әлемде Елдес пен Рауза қызықты саяхатқа шығады. Олардың мақсаты ұрланған сиқырлы шоколад дәндерін еліне қайтару.

Оглавление

Рустем Серікұлы Сауытбай. ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези

1. Шококент

2. Екі үміт

3. Сүт көлі

4. Нуа ұстаз

5. Тақиялы періште

6. Аспандағы шайқас

7. Ғанундағы оқиғалар

8. Жұлдыз жағушы

9. Жұлдызды саяхат

10. Баяуөлгей

11. Ащы жоспар

12. Қазансел

13. Жаман шаман

14. Арам ой

15. Теруес

16. Қояншық Қоянкір

17. «Ә» жоспары

18. 45 дәрежелік саяхат

19. «Е»

20. Туар-дд

21. Алып жүрек

22. Арай апа

23. Ақымақтар қаласы

24. Жабысқақ дала

25. Сиқырлы сағат

26. Көкенің ішінде

27. Кітаптың күші

Отрывок из книги

Шококенттің бір отбасында бір жасар бала үйдің қабырғаларын кеміріп жатты. Өйткені үйдің қабырғалары шоколадтан жасалған еді. Жəне балақай шоколадты қатты жақсы көретін. Ол тіпті қасықтап жеуге кіріседі. Қабырғаның құлауына сəл қалған еді, сол кезде əкесі баланы уақытында тоқтатып, құтқарып алады. Балақайдың бет-аузы шоколад жағылып, түрі көрінетін емес. Тек көздері бадырайып, жан-жағына бір қарады. Бұл кішкентай Шококент тұрғыны әлі де аузындағы шоколадын бітірген жоқ. Ол көзін жұмып тұрып шоколадтың дәмін бар жанымен сезінді. Біраздан кейін үйдің бір жағы құлап түседі. Бұл үй қаланың қақ ортасында орналасқан еді. Үйлер моншақтай тізіліп, ерекше әдемілік беріп тұрды. Алайда, орталықтағы бір үйдің бұзылуы, моншақтағы бір маржан тастың үзіліп кеткені сыңайлы болды. Енді əкесіне басқа үй іздеуге тура келеді. Ал қыс болса жақындап қалды.

Шококентте үйлердің бұзылып, құлауы сирек кездесетін жайт емес. Кішкентай балақайларды шоколад жеуден бас тартқызу мүмкін емес. Сондықтан кішкентай балаларды жалғыз қалдыру өте қауіпті. Ал көрші балақайлардың қуанышында шек жоқ. Өйткені олар біраз уақыттан кейін қирап жатқан үйді жейтін болады. Сондықтан бұл елде балалар – нағыз «үй жегіштер». Сол себептен үйге қонақ шақыру қауіпті. Қонақтар балалармен келсе, байқап отыру керек. Әйтпесе отырыстың соңы өкінішті болуы мүмкін. Шоколадтың тартымдылық күшіне ештеңе төтеп бере алмайды. Ол сондай тəтті, сондай сиқырлы.

.....

Екі бауыр үйлеріне соғып, аналарына барлық жайды түсіндіреді. Аналары басында жібергісі келмей, көздері жасаурап қалады. Бірақ жіберуге мәжбүр. Әйтпесе Шококенттің хәлі мүшкіл. Осылайша, екі жас батыр сиқырлы шоколад дəндерін қайтару үшін Тұздейім еліне аттанады.

Қанттан жасалған жоталарды асқан соң, алдарынан ескі көпір көрінеді. Бұл əйгілі Құзан көпірі еді. Бұл көпір қара арқан мен қызыл ағаштан жасалған еді. Көпірді аспанның он екінші қабат періштелері жасаған деседі.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези
Подняться наверх