Читать книгу Ақылшы торғай - Шəкəрім Құдайбердіұлы - Страница 1
Ақылшы торғай
ОглавлениеБір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп.
Балаларға сатайын деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайьн:
– Босатсаң, үйретемін байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.
Айтайын үш ауыз сөз, ұғып алсаң,
Өз обалың өзіңе ұқпай қалсаң.
Соны білсең – есепсіз бай боласың,