Читать книгу Анық пен танық - Шəкəрім Құдайбердіұлы - Страница 1
Анық пен танық
ОглавлениеОйлаңыз ақыл-білім қайда болмақ,
Денеде, қандай орын-жайда болмақ?
Білу, нану, ұнату – ақыл ісі,
Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Ой сонда неше толғау шимай салмақ,
Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ.
Дәл солай қылайын деп ұнағанда,