Читать книгу Талап пен ақыл - Шəкəрім Құдайбердіұлы - Страница 1
Талап пен ақыл
ОглавлениеТалап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтіп мінді?
Талап шапса ақылға мініп алып,
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып,
Анық ақыл адымын аштырмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.
Талап деген ындынмен ентелемек,
Ойға алып, қызыққанын қылсам демек.
Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба,
Ойланып оны ақылға салса керек.
Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Түбі – жүрек, болады мида басы.
Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық –
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
ЬІнсап деген аспайды, кем қалмайды,