Таңсық перзенті
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
З.С. Қағазбек. Таңсық перзенті
З. С. Қағазбек. ТАҢСЫҚ ПЕРЗЕНТІ
Қымбатты менің туысқандарым, бауырларым!
ТАҒЫ ДА БІР ЕСІМЕ САҚТАҒАН ӘҢГІМЕЛЕРДІ ТАРҚАТУҒА ТУРА КЕЛІП ТҰР
Бастау
Шаңырақтың тұңғышы
Жар таңдау
Ұрпақ жалғасуда
Мерей той
Өмірдің ащысы
Малай атаның кенжесі
Елмен қоштасу
Даналық көзі. Шыңдалу
Отрывок из книги
Алғы сөз орнына Бөдес, оның туған бауырлары, қарындасының әкесі Малай ата туралы бір-екі ауыз сөз айтуды жөн көрдім.
Малай ата Таңсық аймағының ардақты азаматы, аяулы перзенті. Малай Біткенбай ұлы ерлік пен өрліктің, парасат пен ақылдың, ұждан мен намыстың көк байрағын биікке желбіреткен азаматтың есте қалары даусыз.
.....
Көп сөйлемейтін. Жасында қайратты болған. Қолы шебер еді. Колхозда ұсталық етті. Ертеде Қараауыз елінің жылқысын Берліке деген елдің адамдары түнімен аңдып, таңға жақын күзеттегі Таяқбекті ұрып жығып, серіктестерінің басын жарып, үйір жылқыны айдап кетеді. Ауылда бір ғана бәйге атты арқандап ұстап отырса керек. Одан басқа ат болмаған соң ауыл адамдары түйе, өгіз мініп жылқының артынан қуады. Жылқы алушыларда бір мылтық болыпты.
Құғыншыларды күтіп алады. Әлгі бәйге атпен жетіп барған жігітті ырық бермей қуып тастап, ол қайта-қайта түйе, өгіз мінгендерге келіп тығылады. Сонда ауыл адамдары; «Астындағы атыңды Малайға міңгіз», – деп шулайды.
.....