Читать книгу Сапарда - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Сапарда

Оглавление

I

Төніп әуе,

Тұнып теңіз,

Қызықтырған басында,

Ыңсыз, желсіз,

Теңіз елсіз…

Үміт

Ілгері асуда.

Қайықты сырып,

Кеттік бұғып

Алыс жолға —

Жыраққа!

Көзді жас қып,

Қош-қоштастық

Қара кемер —

Құраққа.

Үзлік-создық

Жүрдік, жүздік.

Көк теңізді айырып,

Су да шусыз.

Біз қайғысыз.

Кеттік ұзақ

Ай жүріп.


II

Таппай жаға,

Су сақыраға,

Күн жығылып сүңгиді.

Жылдам, шапшаң

Жамырап сам,

Түн түнжырап

Мүлгиді.

Желпіп теңіз,

Шықты лебіз,

Көкті бұлт торлады.


Сапарда

Подняться наверх