Читать книгу Арыным - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Арыным

Оглавление

Алқынамын, басылмайды арыным,

Тау селінде екпін қайрат, сарыным.

Жарлы-жалшы, жақыбайды жарылқау —

Жандағы ауру, жүректегі жалыным.

Егер салсам қос өкпеден тепкіні,

Елең емес тау жақпары, тек тұры.

Жау жапырар, көк дауылша бұрқырар,

Шүу дегенде кер бедеудің екпіні.


Арыным

Подняться наверх