Читать книгу Көктемде - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Көктемде

Оглавление

Жауыны жауып, жасылы

Жарқылдайды – жаз кепті.

Өкіреді өзен тасуы,

Қаңқылдайды – қаз кепті.

Ширады шымайт, шаң шықты

Кұрғады құмайт, саз кепті.

Төңірек ашық, тұман жоқ,

Көктен нұрын күн септі.

Тоғайда, көлде той қылып,

Қаптады құстар жер-көкті.

Ауылдың малы балалап,

Айран шықты аз-көпті.

Қонына құйып қоламта,

Қоқаң емдеп таз кекті,

Манаурап мал-жан жадырап,

Жан-жануар мәз бопты.

Құлазыған қыстайғы

Малға толды сай, қоқты,

Күпісі жалба жабағы

Тойтаң қағып, тай бопты.

Ісек шығып есіред,

Көрпелдес кентек көк тоқты.

Есінде шығар, елім-ау,

Емдеп ед Қоқаң қай көкті?

Қоқаң көгі құлпырды,


Көктемде

Подняться наверх