Читать книгу Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы - Алтыншаш Жанарбековна Курманаева - Страница 3
ҚАРАБУРАЛА
ОглавлениеЕрте, ерте, ертеде ме? Жоқ, бұл сәл болашақтан дәм татқан ертегі болмақ, құлақ ұзыны тыңдасын, ішек қарны күлкіден тиылмасын. Каир түбіндегі Египет шаһараның қазынасын іздеп жүрген қыз тер-тепшесі шығып, әр нәрсені шұқумен тыным таппай жүр. Оның мақсаты – осы араның тың құпиясын зерттеп, тапқан бағалы затты мұражай шынысына тайға таңба басқандай қыстыру. Бір кезде кішкене күрегінің аузына ауыр заттың теңбілі тигендей болмасы бар ма? Қыз баласы әуелде алтынға қызық дегендей, әлгі ауыр затты қыз дереу арада қазып алды. Қараса, ешқандай да алтын жылтырамаған, яки, алтын жалаттырмаған құр қанқасы қалған шәйнек. Қыздың әрине ит терісі басына шықты. Бірақ «Ешнәрсені де лақтырма!» деген анасының дауысы қыз құлағын мазалап қоймаған соң, ол шәйнек бетін үрлеп, Қожанасырдың дорбасындай сөмкесіне салды. Кенет, әлгі шәйнектің оны белгісіз елге апармасы бар ма? Қыз жан-жанжағына қарап еді, манағы құмырсқаша тері шыққан жолдас серіктерінің біреуі де жоқ. Қыз мән жайды білу мақсатында, жақын маңдағы қаланы іздеді. Түсі ме? Өңі ме? Әлде көзіне елестеді ме? Оның алдында әлемннің жеті керемітінің біріне айналған – Бағдат. Сұлу қаланы тамашалап үлгірмеген қыздың басын біреу ауыр затпен бір перді. Қыз әрине жерге етбетімен құлады. Есің әрен жинаған қыз орынынан әзер дегенде тұрды. Қыз көзімен айналаны бір шолып шықты да, бір жігіттің шай құйып отырғаның көрді. Бойжеткен әдейі баяу жүріспен әлгі жігітке жақындады да: