Читать книгу БАЛҚАШТАҒЫ СУ ПЕРІСІ. Әңгіме - Алтыншаш Курманаева - Страница 3

1

Оглавление

Балқаш. Зәмзәм суындай тәтті тұнық көлдің маңайында бір кішкентай бала ау құрып, балық аулап жүр. Жанындағы балалар баяғыда үйлеріне кеткен. Ауды балыққа әбден толтырған ол көлдің жағасынан жылтыр бірденені байқағандай болды. Қолындағы ауды арбаға тие салысымен көлге жақындады. Алыстан өзін желіктіріп тұрған зат-маржан болып шықты. «Қандай әдемі!» – деп жалаңаяқ қолымен ала бергені сол еді біреу білегінен шап беріп ұстап алды. Жүрегі дір ете қалған бала басын жоғары көтеріп, бейтанысқа тура қарады. Шашы сыпыртқыдай айбақ-сайбақ, аяғының орнына балықтың құйрығы бар әйел балаға көрпеге оранған сәбиді ұстатып, жоқ болып кетті. Алғашында шыңғыра жаздап, қатты қорқып қалған бала сәбиді тастамастан жан-жағына тағы бір көз шалып өтті. Ешкім жоқ. Ол дереу сәбиді алысымен ауылына қайтты.

БАЛҚАШТАҒЫ СУ ПЕРІСІ. Әңгіме

Подняться наверх