Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор книги: id книги: 803810     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 145 руб.     (1,54$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: История Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9965-791-81-3 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы доцентінің монографиялық еңбегі ХХ ғ. 50-60-жылдардағы француз-герман қатынастарының даму үрдісіне арналған. Француз-герман қатынастарындағы негізгі қағидалар мен өзара қатынастардың саяси ерекшелігі ғылыми негізде жан-жақты сараптаудан өткізілген. Екі елдің қатынасында маңызды орынға ие болған «Елисей келісім шартының» мәні мен маңыздылығы, сол кездегі кеңестік көзқарастың түп-тамыры айқындалған. Монографиядағы мәліметтер мен нәтижелердің жоғары оқу орындарында халықаралық қатынастар тарихы, Германияның, Францияның сыртқы саясаты бойынша арнайы пәндерден дәріс беруде, сондай-ақ француз-герман тарихына қызығушылық танытатын оқырмандар үшін пайдалы болары сөзсіз.

Оглавление

Амангелді Әліпбаев. Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ФРАНЦУЗ-ГЕРМАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

1. Француз-герман қатынастарының тарихи ретроспективалары

2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы француз-герман өзара байланысының негізі

3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі батысеуропалық саяси үрдістің француз-герман қатынастарына ықпалы

ІІ ТАРАУ. ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫ

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еуропалық қауіпсіздік және саяси ынтымақтастық мәселелеріндегі Франция мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қарым-қатынастар

2. Француз-герман қатынастарындағы 1954 жылғы Париждік келісімдердің рөлі мен орны

3. ХХ ғ. 50-ж. Франциядағы ішкі саяси ахуалдың еуропалық ынтымақтастық мәселесіндегі Париж және Бонн арасындағы өзара қарым-қатынастарға әсері

ІІІ ТАРАУ. ФЕДЕРАТИВТІК ГЕРМАНИЯ МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС

1. Герман-француз экономикалық қатынастарындағы “Шуман жоспарының” мәні

2. Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық шеңберіндегі герман-француз қарым-қатынастарының дамуы

IV ТАРАУ. ГЕРМАН-ФРАНЦУЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘНІСІ

1. Білім және мәдениет саласындағы герман-француз өзара қарым-қатынастарының қалыптасуы

2. Екіжақты ғылыми-техникалық зерттеулер және жастар мәселесі аясындағы ынтымақтастық

V ТАРАУ “ГЕРМАН-ФРАНЦУЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ ШАРТЫНЫҢ (1963 ж.)” МӘНІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. Федеративтік Германия мен Бесінші Республика арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа даму кезеңі

2. “Елисей келісім шарты”

3. ”Герман-француз ынтымақтастығы жөніндегі келісімшарты (1963 ж.)”: мәні мен маңыздылығына қатысты саяси көзқарастар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР:

Отрывок из книги

Халықаралық қатынастар тарихында әлемді экономикалық, саяси және экологиялық, сонымен бірге мәдени байланыстардың шырмай түсуі, мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды және жеке тұлғаларды күрделі өзарақатынас шеңберіне тарта түсетіндігі хақ. Яғни, мемлекеттер халықаралық қатынастар жүйесінде ақырындап өзара тәуелділік күйіне түсері айқын. Жалпы, өзара тәуелділік – соңғы кезеңдегі жаңа құбылыстардың бірі болып табылады. Соның негізінде кең етек алған жаһандану үрдісі ешбір мемлекеттің, мейлі әскери және экономикалық қатынаста қуатты болғанымен, жеке дара күйде дамуы мүмкін емес. Өйткені бүгінгі күнгі дамудың күн тәртібіндегі басты мәселе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сол негізде, жалпы жаһандану үрдісіне орай, ендігі жерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа геосаяси тұрғыдан қарағанда әлде қайда өзгерген, бүгінгі саяси дамудағы халықаралық қатынастар жүйесінің келбеті, өткен кезеңдегі жүйемен үйлеспейді десе болады.

.....

Гарольд Никольсонның айтуынша: ”Британдық саясат қашанда сол сәт Еуропада күшті деп есептелінетін, қандай да болмасын бір елге қарсы топты ұйымдастыруға бағытталды; Егер Еуропадағы ағылшын саясатының мақсаты – күштердің тепе теңдігі – Англияның тікелей қатысуынсыз іске асатын болса, онда олар “араласпау”, “әдемі оқшаулану” саясатын ұстауға әзір. Ал егер олардың қатысуынсыз іс жүзеге аспайтын болса, олар еуропалық іске ашық түрде араласып, әрине, мүмкіншілікке қарай, өздеріне аз міндеттемелер алып, “күштердің тепе теңдігін” сақтауға тырысады” [17]. Яғни, Ұлыбританияның да жалпы сыртқы саясаты жағрапиялық негізде құрылған геосаясат тұрғысынан қаралған. Сондықтан да, өзінің саяси мақсатына жету барысында Ұлыбритания француз-герман қатынасын тиімді пайдалануды көздеген болатын. ХХ ғасыр басындағы осы ағылшын-француз жақындастығы халықаралық қатынастар тарихында “Антанта” (“келісім”) деген атпен белгілі.

Бұл Одаққа қосылған Ресейдің де Германияға қарсы соғыстағы рөлі ерекше, тек оның жағрапиялық орналасуына ғана тоқталатын болсақ, Францияға қарсы топталатын германиялық күшті енді Шығыс бағытына да бөлу қажет еді. Соған қарамастан, Германияның қолына қару алып Францияға ұмтылғандығы соншалықты, 1914 жылдың тамыз айының аяғында, яғни, соғыстың басталғанына бір ай да болмай жатып, герман әскері Париж қақпасының алдында тұрды. Тек соғыс барысында Антанта мемлекеттерінің басымдылығы Германия мен оның одақтастарының күшінен артық екендігін айқындатты. 1914 ж. күзінде неміс канцлері Бетман-Гольвет соғыс мақсатын “герман империясының батысы мен шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, сол себепті де күшті мемлекет бола алмайтындай қылып Францияны әлсірету керек, Ресейді герман шекарасынан мүмкіндігінше аластату қажет”, – деп түсіндіреді [18, с.18]. Яғни, Германия да өзінің сыртқы саясатын геосаясат негізінде қарастырып, Еуропалық құрылықта үстемдікке жету үшін, сондай-ақ отар елдердегі ықпалын күшейту мақсатында, осыған орай мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ең алдымен жағрапиялық факторды тиянақтау қолға алынған. Осы мақсатқа жету барысында Германия соғыста жеңген жағдайда өзінің саяси-экономикалық құдіреттілігін де қамтамасыз ететіндігіне сенімді болған еді. Бірақ, қай мемлекет болмасын соғыс өртінің тұтануына өзін кінәлімін деп есептегісі келмеді.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Подняться наверх