Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор книги: id книги: 803708     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 282 руб.     (2,75$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Учебная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2017 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2163-9 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Кітапта ежелгі жəне ортағасырлардағы қазіргі Қазақстан территориясында жасаған түркі тайпаларының Иранмен жан-жақты қарым-қатынастары қарастырылады. Автор осы қарым-қатынастардың рухани жəне материалдық нəтижелерін талдап, отандық тарихымыздағы алар орынын анықтайды. Оқу құралы жоғары оқу орындарының шығыстану, тарих, мəдениеттану, дінтану мамандықтары бойынша білім алатын студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған.

Оглавление

Жомарт Жеңіс. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары

КІРІСПЕ

І ЕЖЕЛГІ ТҰРАН МЕН ИРАН

1.1. Ерте кезеңдердегі түркі-иран рухани байланыстары

1.2. Тұран мен Иран арасындағы саяси қатынастар

1.3. «Шахнаме» дастанындағы Тұран мен Иран

ІІ ТҮРКІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИРАН ЖӘНЕ ТҮРКІСТАННЫҢ КӨШПЕНДІ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫ (Х-ХІ ғ.)

2.1. ХІ ғасырдағы түркiлер қозғалысы қарсаңындағы аббасилiк Ирандағы дiни-саяси ахуал

2.2. Х-ХІ ғасырлардағы көшпендi түркi халықтары және олардың исламды қабылдауы

ІІІ ХІ-ХІV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІЛЕР БИЛІГІНДЕГІ ИРАН

3.1. ХІ-ХІ ғасырлардағы селжүк түркiлерiнiң Иранды жаулап алуы және оның дiни-саяси сипаты мен салдарлары

3.2. ХІІІ ғасырдағы моңғол-түркiлердiң Иранды жаулапалуы және оның cаяси-дiни сипаты мен салдарлары

ІV ТРКІЛЕРДІҢ ИРАН МӘДЕНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ

4.1. Түркiлер билiгi тұсындағы Ирандағы дiн мен руханияттағы өзгерiстер

4.2. Түркiлердiң Ирандағы материалдық мәдениетке ықпалы

ҚОРЫТЫНДЫ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

ҚОСЫМШАЛАР

Отрывок из книги

Еңбегіміздің тақырыбының нысаны ретінде Тұран атауын алуымыздың өзіндік себебі бар. Көшпенді түркілер мекендейтін Еуразияның кең-байтақ аумағы әртүрлі тарихи кезеңдерде түрлі атауға ие болды. Салыстырмалы бірыңғай этникалық сипатқа ие халықтар мекендейтін бұл аймақ ирандықтар тарапынан да Тұран деп аталды. Ирантанушы ғалым И. Жеменейдің айтуынша, жазба деректерде (араб-парсы деректерінде) түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір – б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап б.з. VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажырай бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес Одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.

Көне парсы діни жазбаларында, деректерінде Тұран мен Иран көрші жатқан, бірақ екі түрлі мәдениетке – отырықшылық пен көшпенді шаруашылыққа ие ел де, ирандықтар мен тұрандықтар бір тамырдан тарайтын, алайда кейін дәстүр алауыздығына орай бір-бірімен бітіспес жауларға айналған халықтар.

.....

Фердаусидiң орта парсы тiлiнде жазылған «Шахнаменің» толық мәтiнi 1999 жылы Қатре баспасынан (Иран) 1367 бет болып алтыншы рет басылып шықты. Иран әдебиетi мен тарихының керемет үлгiсi «Шахнаме» (патшалар кiтабы) жырының авторы Әбiлқасым Фердаусидiң «Шахнамедегi» автордың келтiрген түркiлер мен Тұранға қатысты мәлiметтердi түркi тарихын зерттеуде пайдаланудың едәуiр қиыншылықтары бар. Әсiресе осы мәлiметтер арқылы түркi тарихын хронологиялық тұрғыда жүйелеп көрсету өте қиын. Тiптi жырдағы түркi билеушiлерiнiң есiмдерi бiр ғана жиынтық түрде, тек Афрасиаб есiмiмен берiлген. Дегенмен оқырмандардың өздерiне керектi мәлiметтердi жырда келтiрiлген оқиғалармен салыстыра қарауына мүмкiншiлiк беру үшiн Ирандағы сасан әулетiнiң билеушiлерiнiң билеу кезеңдерi мен Тұран билеушiлерi (Түркi қағанаттары) кезiндегi тарихи оқиғаларды қатар көрсете кетудi дұрыс санадық.

Қазақтар мен парсы-тәжiктер – баяғы тұрандықтар мен ирандықтардың қазiргi ұрпақтары. «Шахнамедегі» Тұран тұлғалары көне тарихтың қаһармандары ретiнде есімдері халық ауыз әдебиетiнде насихатталып, қазақтың ат қою дәстүрінде де олардың әcepi байқалуы тиiс еді. Қазақ арасында кісі есімдерінің жырдағы кездесетiн тұрандық батырлар – Қарн, Барман, Құман, Қарухан, Пашанг, Ағрирас, Андаман, Мақатөрелерден гөpi ирандық Рүстем, Дастандардың көптігінің өзiндiк себептерi барлығы анық.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Подняться наверх