Телерадиожурналистика

Телерадиожурналистика
Автор книги: id книги: 803843     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 284 руб.     (3,08$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Культурология Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2017 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2164-6 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқулық ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен базалық оқу бағдарламасына сай орындалған. Журналистика факультетінің студенттеріне, оқытушыларына, өздігі-нен электронды журналистиканың қыр-сырын үйренушілерге, сырттай оқитындарға арналады. Еңбек көп жылғы тәжірибені негізге алып, өңделіп жазылған. Оқулықта телевизия және радиожурналистика ғылымын зерттеуші ғалымдардың еңбектері және кәсіби журналистердің тәжірибелері пайдаланылды.

Оглавление

Клара Қабылғазы. Телерадиожурналистика

КІРІСПЕ

ТЕЛЕРАДИОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕМ

ДЫБЫС ЖАЗУ – ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

ТЕЛЕРАДИОХАБАРДЫҢ АКУСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

ТЕЛЕРАДИОХАБАРЫ – ДЫБЫС ӨНЕРІ

ТЕЛЕРАДИОНЫҢ БАСҚА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА ЖАНРЛАРЫ МЕН ПІШІНДЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

БҮГІНГІ БАҚ-ТЫҢ АУМАҚТЫҚ АУДИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР

ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

ТЕЛЕРАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІН САРАЛАУ

ФОРМАТТЫ РАДИО

ТЕЛЕРАДИОДАҒЫ ДИАЛОГ ҚҰРУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ

ТЕЛЕРАДИОХАБАРЛАРДАҒЫ МУЗЫКА МЕН ШУЛАР

ТЕЛЕРАДИОХАБАРЛАРДАҒЫ МОНТАЖ ТҮРЛЕРІ

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ

ҚОСЫМША СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

ЖАЗБАША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

СЕМЕСТР БОЙЫНА БЕРІЛЕТІН ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

СЦЕНАРИЙЛЕР ҮЛГІСІ

ГЛОССАРИЙ

СІЛТЕМЕЛЕР

Отрывок из книги

Бүгінгі өмір сүріп отырған қоғамды ақпараттық құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірмен біте қайнасып кеткен. Дүниежүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы әр тілдегі, әр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдері арқылы таралып жатады. «Журналистика – халық – қоғам» деп аталатын үштік бірінсіз бірі қызмет етуі мүмкін емес. Кез келген ақпарат таратушы ұйымдар өзіндік идеологияға қызмет етеді. Мысалы, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық және Президент» газеттері, «Қазақстан», «Хабар» телеарналары, Қазақ радиосы сияқты т.б. ұжымдар мемлекеттік мүддені насихаттайтын болса, «Солдат», «Тас жарған», «Свобода слова», «Республика» сияқты басқа да бұқаралық ақпарат құралдары оппозициялық бағытта жұмыс атқарса, ал «Алдаспан», «Ислам әлемі», «Нұрлы әлем», республикалық руханитанымдық «Нұр» газеті тәрізді ақпарат өкілдері діни бағыт ұстайды. Әрине, қай қоғамда болмасын БАҚ өкілдеріне кімді, нені жақтаймын, қандай мәселені көтеремін десе де еріктері, өйткені демократиялық бағыттағы үкіметтің ұстанған саясаты осындай.

Мемлекеттік билік саясатын жақтайтын саяси ақпараттық бағытты қалыптасырушы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Нұр Астана», «Вечерняя Астана» газеттері, «Ақиқат» «Простор» қоғамдық-саяси журналдары, «Хабар», «НТК», «Қазақстан», «Еуразия», «Алматы», «Астана», «КТК» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Жұлдыз FM», «Гәкку FM» сияқты радиоарналар және республикалық, аймақтық деңгейдегі басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бар.

.....

Журналистердің өмір құбылыстарын зерттеуге, сараптама жасауға және әлеуметтік психологияға қызығушылықтары артты. Жаңа радиопішіндер пайда болды. Бағдарламалар ақпараттық-музыкалық, ақпараттық-публицистикалық немесе музыкалық-ақпараттық болып бөлініп, тыңдармандар сұранысын зерттеуге жете көңіл бөлінді. Тікелей эфир тәсілі көбірек қолданыла бастады. Бұл тәсілдерді мемлекеттік радиолар да, мемлекеттік емес радиолар да қолданды. Радиохабарларда мәдени, эстетикалық, адамдық тәрбие беруден гөрі жеңіл музыка тыңдау, көңіл көтерушілік сияқты бағыт белең алды. Радионың адамдарға азаматтық тәрбие беру, адамгершілік сенімдерін насихаттау секілді негізгі функциясы назардан тыс қалды.

Радиохабарлар пішіндік өзгеріске түсті. Керісінше бір кездері қолданылмай кеткен радиокөпір пішіні пайда болды. Ол алғаш 1986 жылы КСРО мен АҚШ арасында ұйымдастырылды. Мәскеу студенттері мен Оңтүстік Иллинойст университеттері арасында екі сағаттық диалог өткізіліп, жастардың келелі мәселелері сөз болды.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Телерадиожурналистика
Подняться наверх