Читать книгу Жоба басқару РМР Certification емтиханына дайындалу жолындағы кеңестер - - Страница 3
2 бөлім Жоба басқару саласын оқығанның құндылығы
ОглавлениеЖоба басқару саласын оқып сауат алғанның бір пайдасы туралы айтып кетсек…
Он жылдан астам уақыт үлкен корпорацияда жасағаннан кейін біздің заманға ең қажетті қабілеттердің бірі жұмыс ұйымдастыра білу шеберлігі екенін ұқтым. Қай бағыттағы маман болсаңыз да (механика, өндірісті пайдалану, тоқ жағынан ба немесе құрылысқа қатысты жұмыстар) және қай деңгейде қызмет етсеңіз де (мысалы, инженер болуыңыз мүмкін, бөлімнің басшысы боласыз ба, немесе бір саланың координаторы болған жағдайда да), жұмыстың мақсатын анықтап, керекті мамандарды жұмылдырып, мақсаттарды және жұмыстың барысын анық етіп түсіндіріп, іс әрекеттерді жоспарлап, ресурстарды алдын ала қарастырып және соны жеткізіп, уақытымен есепті айдай анық қылып беріп, жалпы жұмысты жүргізе білу бір бөлек өнер болып табылады десек қателеспейтін сияқтымыз. Мен кезінде жас маман болып, жоспарлау кеңесшісі болып жұмыс жасап жүрген кезде, халықаралық тәжіребесі бар мамандар жұмыс ұйымдастырған кезде түрлі түрлі құралдар мен әдістерді қайдан таба қояды екен, деп көп таң қалатын едім. Сосын бірақ оқыған соң, Жоба басқару курстарын өте бастағанда неше түрлі жоспарлауға, рисктерді анықтауға және де тағы да басқа пайдалы құралдарды тауып ала бастағаным рас болатын. Тап осы жұмыс ұйымдастыру құралдары мен процесстері маған жұмысыма және жалпы сегіз қырлы бір сырлы маман болуға өте қажетті болып көрінгеннен кейін мен Жоба басқару саласын оқып көрейін деген ойға келдім.