Читать книгу Күнә немесе кінәні мойындау - - Страница 1
Бірінші тарау. Қара бұлтты кеш.
Оглавление1994 жылдың шәйдай ашық шуақты Қыркүйегінде, келместікте көрінген аспан мен жер таласқан көктің назарында, айқара жатқан Қарашықтөбенің оңтүстігінде Жайсай өңіріне кіретін, Жалынқұм ауылында, тұрмысы қарапайым шаруа отбасы тұрыпты. Таңның атысы ауыл ісімен түстен кештің батысы құмыра жасаумен өткен деседі. Шеберханасынан шықпаған күндері, жасаған ыдыс аяқтарынан қомақты қаржы жинаса, шәйпұлмен қоса, адал еңбек ақысын тауыпты мыс. Өндіру мен сату ғана қолынан келіпті. Өз жұбайымен бірге дала кезіп бұлақтай селдіреп аққан сауда көзінен, нандарын тауып отырған. Күнделікті базар тіршілік. Әйелінің де орта жастан асып бара жатқанынан өмір жастық қалыпты сақталсын деп, қарап тұра ма? Қырықты да бағындырыпты. Ақ маңдайында егістік үшін жыртылған жердің жүзі іспетті, қарттық шақтың алғашқы ізін жолдасының қақ шекесіне салып беріпті.
Таңғы бестің шамасында, ерте тұрған әйелдің тұмыстың алғашқы міндеті. Сиырды сауып, өріске айдап, бұзауын байлап екі шақырым үйден тыс алма бақтың да, жұмысын тындырып келетін көрінеді. Пысықтығынан емес, тірлік істеудің амалы, күнде қыбыр-жыбыр. Сырап болмасын деумен, кемінде екі мөшек алманы сонау қамшы лақтырым жерден беліне салып зорға көтеріп келеді деседі. Оның қылтанақты мөшегінде жайсыз, теріге жанасса қышытатыны болмаса, қолы ұзын жемпір оның өткізбей ұстап тұрары бар. Сыртынан күй тұрқы шыққан малшының киіміндей созылып кеткен камзол, белдемшеден құлаш жетпей, күлгін балағы тобығына дейін жауып әйелдің көркін оғаш көзден сақтайтын әрі үстінен тастамайтын бар мезгілдік көйлегі болатын. Еңкейіп дің арасынан шашылған алмаларды теріп жүрген уақытта шөп кезумен әрі бері шайқалған түйежапырақтыңда өңі қалыс бермей басына тартқан орамалына жабысқан тікенектерде сорайып тұр.
Жаңа айтқан екі қаптың әр қайсысы он бес келі алманы, көтеріп әкеліп үй маңындағы сарай алдындағы жәшіктің алдына қоя салып, сауып алған сүтін қайнатуға бет алғаны бар… Сондай бітпес қу тірлік. Жаздың аяғына таман, бақшада өскен көкөністі базарға апарып сатса, Қыркүйектен Қазанның соңына дейін, алмалы бақтан бұлар шықпайды деседі. Ыстық уақытта не істеді? Күйеуі де, сол тірліктің адамы ол қыш ыдыстарды сататын, әйелі сүттен дайындалған ақтың бәрін базаршылық жасайтын. Қыста, жылы шақта жиған тергеннің бәрін жертөледен біртіндеп алып жеп жатады. Олар үшін демалыс деген қыста және көрде. – Қалған мезгілде еңбек ету керек. Тірі адам, тіршілігін жасау керек дейді міс. Өндіріс өздерінде, сауда жүріп жатыр. Тек тіршіліктері қарапайым. Масаттану жоқ. Қонақжай…
Ванвеньтю отбасы, дәлірек айтқанда Дельванг пен Аниель – дің тұрмыс құрғандарына он алты жылдың күз шағынан асып барады…
Қожалықтың иесіне келсек, таң сәріде бұлда енесін емген бұзаудың қырбауын ұстап, болған іс тынғаннан кейін, мойнына салынған арқанды бұзау науаға, қора бұрышына әкеліп қағылған қазықтың көзінен өткізіп, жіптің күрмеуін тартып қалады. Әйелдің жарты шелек таңғы сүтті үйге алып барғанша тосып, артынша сиырды да өріске апарады. Өріске шыққан мал тез семіреді. Ұстайтын қой ешкілерінде айдап, малшыға қосады.
Үй құстарының да жемсауларын қамдағаннан кейін, сарай ағашына ілулі шалғысын, қора есігінің артына сүйелген айырын есек жегілген арбасына салып бұлда өз шаруа қамымен өріске кетті…
Сағат сегіз шамасы, ол уақытта сары далада шөп шабумен түске дейінгі аралықтың жақындау сәтінде келе жатқан қызған шақтың өзіне дейін біраз несібесін, яқи алдын күнгі орылғанды қайтарда жинап арбаға тиегенді, қыстың қамы малдың азығына демеп, салдыр гүлдір келген арба қайтқан шағында бір дауыста шығармастан, тек жер басып, топырақ шашқан есектің тұяқ тоқылы естіліп келеді. Маядай жиылған шөп жанында жүзі өзінен тыс қарап жатқан шалғының сабы ғана арба бас жағында отырған иесінің жамбасына тиіп тұр. Мойына асынып алған айырды қасына қоймастан, мекеніне жеткенше қолынан тастамады.
Үй маңына жеткен тұста, шарбақ жанынан күтіп алған әйелдің жылы алақанымен қолына ұстаған бір қыш құмыра айранды, тоқтаған арбаның үстінен қарғып түскен ерінің уысына ұстатып, ләм деместен қарап тұрды да қалды. Қолындағы ыдысты арбаның шетіне қойып, алдымен тер аралас дермене мүңкіген түймелі қызыл ала жейдесін салынбалы тұсын ағытып, жеңінен кезекті жара тартқан тастай қызыл қоларын бірнен соң бірін шығарып, киімін шетке бір сілкіп, жақтаулы бұрышына іле салды. Бас көк қалпағын да бір тартып, қайта киіп. Шаң тартқан еңбек қолдарын шапалақтай, кір майына қарамай, құты мойынынан алып, екі үш ұртамнан артық, шөлі басылғанша ұртап, самаладай күн көзіне шағылысқан маңдай терінен айыққан сыңай, сол мезетте жоқ болды. Құты босап қалды. Соңғы тамшысына дейін, ауыздықтан тамған ақты тілімен жалап алып, құмыраны әйеліне ұстатты. Оның мәз күлімсірген жүзіне тамсанып қараған ерінің ернінен кетпей қалған айранды бас бармағымен жәй сүртіп, өз қызыл тартқан ерніне тосып жалай салды. Әйелдің тұрысы мен кеттім өз ісімді жалғайын дегендей жүріп кете берді…
Оған дейінгі ерінің шаруашылықта өткізген уақытымен үй шаруасы тек әйелдің қолына өтеді екенді.
Ванвеньтюшылар қожажайындағы ауыз екі сөйлеу мәнеріде қарқынды түрде дамымаса да, бұлар сауатсыз адамдар еместі. Іс насырға шаппастан, тұрғындардың уайымы су бетіне жай түспейінше өз тірліктерін жасап жүре береді. Бірін-бірі сыйлау, құрметтеу. Ерлі зайыптылар арасындағы келсім сөз ешқашан өз қадірін жоғалтқан емес. Ері әйелін қалай сыйласа, әйелі де ерін қатты сыйлаған, сыйластықтары күннен күнге арта бергенді. Берекелі отбасы қарапайым құрметтен бастау алған. Тек араларында бала сүю бақыты Ванвеньтю шаңырағына бұйырмапты.
Артты бағындыра қожалықтың сәтіне оралсақ, Ванвеньтю ханымның қолына өтеді делінді. Күн шығыстан асқаннан кейін жазықтақтан өзге үйдің іргесіндегі көлеңкелі орын ғана сәл қарауратып тұр. Бұл сағат таңғы тоғыздың кезі.
Үй ханымының әлгі тірлігі, көлеңкеде орналасқан ғимараттың артындағы аласа шатырлы шағын шаруаханасына кіріскеннен, бақтан теріп келген сақтауға жарамсыз алмаларды қыл қаптан біртіндеп алып, аласа орындығынан сәл еңкейгенмен алдына таққан алжапқышы омырауын жауып тұр. Алмалардың тазасы, шірігендері болсын үлкені, кішкентайына да қарамай, тазалап, кішкентай қиындыларын себетке салып отырды. Қабығы, қалған қалдықтары аяқ астындағы мал астауына түсіп жатты. Мөшектің түбі көрінген сәтте үйдің көлеңкесі тартыла, бұлттың да саны арта бастады дегенмен әлі күн көзін жапқан жоқ.
Істің соңына жеткенде қою қас астындағы тарақтай тізілген кірпік талшықтарынан, қайталана желпілдеген іспетті, ботаның мөлдіреген көзіндей тұнған қарашығы оны жасартып жібергендей, маңдаймен көз шетіндегі қаз табанды әжімі білінбей қалатын еді. Қызыл тартқан анарлы еріндері мен маржандай ақ тістері, өзін аманат ретінде қараған адал еріне лайықты. – Өзге ешкімге ондай әйел бұйырмаған, тек менде ғана – деген, ерінің сөзі секілді, бұлда жас қыздай майыса қалатыны содан болатын. Уақыт аларын алады. Жастық түр қалпы жарының көз алдында сондайды, өзге көзге бұл жәй орта жастан асқан апай.
Шаруахана жұмысының бір міндеті де орындалғаннан кейін, іс мансабы бақша ісіне жүгінетіні бар. Ванвеньтю ханымның қожалықты жақсы көретіні істеген жұмысына қарай білініп тұратын. Бағбан әйелдің үй алдындағы тас жолдың бойынмен егілген самсаған неше түрлі гүлді алқаптан көрген адамның басы жақсы тұсқа ауары анықты. Жердегі жұмақтың қыр сыры оның бақша ортасынан өскен лавр ағашы, үлкен сәнді келтіріп тұрғанды. Үй қабырғасының солтүстік жағын шырмаланып өскен гүлдің биіктігі түгел қабырғаны алып, ағаш жақтауына дейін қыш шатырын оралмалы сабақтары қылтиып алғанды; Оңтүстік пен батысты меңзеген кірпіш қабырғаларында жанасып оралып өскен ештеме жоқ тек, төрт адым аралықтан өскен қара ағаштар бар. Шаруахана алдында өскен сол терек. Шығыс бөлігінде, есік алдына қарама – қарсы ұстахана саяжайы көрінеді.
Реттелген бақша жұмыстарына да, тазаланған алма бөліктеріне де іштей мәз ханымның тек істелу керек, таңды бірге аттырып мал қорадан өріске айдалған сиырдың өнімін реттеумен сағаттарын өткізді. Алма бақтан теріліп әкелінген алмалардың да, осы тараудың басында айтқанымыздай нашары қақ қайнатуға кетсе, саулары ұзақ мерзімге сақталуға жер төлеге түсірілді.
Түс таяған шақта, өрістен есек арбамен шөп тиеген өндіріс қожалығының иесі келіп жетті.
Алдынан қарсы шығып күтіп алған әйелдің де рөлін айтыпта бергенбіз. Ас үйдегі үстелді бар базарлықпен реттеген ермегі, өзіне одан рақат алушы еді…
Өз ісінің соңына жеткізіп, әйелінің кең пейілділігі мен жайлы мінезі әрі жұмсақ күлімсіреулі жүзінен, қожайынның шаршауы бір демде басылып, асыға қадам басып түстенуге әзір болмысымен үйге беттей берді.