Читать книгу Күнә немесе кінәні мойындау - - Страница 2
Екінші тарау. Үйіне бара жатқан кезде ол нені көрді?
ОглавлениеВанвеньтю Дельванг, ол заманда бұл мекен жайды өз атына алу үшін қандай жағдайды бастан кешірді? Оған бұл жер қалай бұйырған еді?
1974 жылы, Мамыр айының екінші аптасында Жалынқұм ауылына қоныс аударған, алғашқы уақытта “Ақбұлақ’’ көшесінде орналасқан №64 үйді жалдап тұрды. Аталған ауданға қоныс аударудың мәселесінде баяндап кеткенімізді жөн санап отырмыз. Онсыз оқиға желісі ашылмай қалатыны бар.
1974 жылы Арқалық облысы, Шатқалды аудандық округтен, Жалынқұм ауылының керамикалық және қыш ыдыс өндіру зауыдына жұмысқа тұрады. Біраз жыл жұмыс ортасына майдай жұғып, өзінің қазіргі зайыбымен бір өндірісте танысқан екенді, оларды айтатын болсақ оқырман тақырыптан жаңылысып қалуы ықтимал. Бұған кейін ораламыз.
Жалынқұмда өндірістік бабымен бастап алғашқы кезеңінде қаражат табу мақсатында келген. Уақыт өте келе осында қалуын көздеп жер алу мәселесімен жергілікті үкіметке арыз жазғанымен, бейтаныстың арызын 1985 жылы қабылдапты, оған дейін тағы бір маңызды оқиға бар. Айтылған кезеңге дейін оның қайтпас мінезінен алты рет бастартқанның өзінде әр екі ай сайын телеграммамен хат салып отырғанды. Еш пайдасыз қабылданбаған жауаптан кейін, көңілі қалған адамның тек басқа іс әрекетімен ғана күн кешу керек деген тоқтамға келіп, жұмысын жалғастырып жүре береді. Ол уақытқа дейін біздің бейтанысымыз біраз уақыт еңбек етіп, атқарып жүрген ісі күнделікті өндірістің шаруасымен жетпіс алтыншы жылға дейін аумақтың тұрғыны да атанып кеткен. Айтылған соңғы жылда тұрмыс құрып, отбасы табалдырығынан әрі қадам басып, жаңа өмірді бірге құруға мақсат құрып Аниель оның жұбайы, бұл отағасы рөлін алады. Бақытты да баянды отбасылық өмір жастардың қарамағында болғаннан кейін, тағдыр еш қарсылықсыз олардың айқанына көніпті.
1978 жылы, Өкіметтік жер үлестіруден бұрын зауыт атынан жастарға жер үлестіріліп, өндірістік аймақтан үш шақырым жерден Жоғарғы еңіс көшесінен, 12 соттық жер тілімін, бес жылға жеңілдікпен жиырма бес мың сом қаржысына сатып алуды ұсынады. Бұлардың үлкен көлемді қаражаттары болмағаннан кейін жиырма пайыздық жәрдем ақымен несиеге тартқан шақта, болашақ жер иесінің келісімен құжатқа қол қойылады.
Құжатта апта сайын берілетін төлем есебінен отыз пайызын зауыт өзіне алып отырған деседі. Жердің құжаттары рәсімделіп, толықтай Дельвангтың қолына өткен уақытта жанұя бақытты да қайран жастықтың молшылығында өмір сүруі басталды деген кезде, сексенінші жылы "Ыдыс өндіру ісі"ол аумақтың тасымалдану жолының жайсыздығына орай, екіншіден әрі сол жылы зауыт негізін қалаушысының дүниеден өткеніне, зауыт қабырғасында ірі жырақтар пайда болды. Елдің тұтынатын ыдысына сұраныс азайып. Одан өзге және арзан түрі Шығыс – тан, тапсырыспен алына бастады. Зауыт уақыт өте келе құлдырау бағамына да жетті…
1982 жылдың аяғы үрдіс күрт нашарлап, 1983 жылдың бастапқы бірінші айынан бастап, зауыт мәңгіге өз жұмысын тоқтатты…
Жер құжаттары Ванвеньтю Дельванг – тің қарамағына өтіп, бұл іс жабылды, солай ол тікелей жер иесі атанды…
Зауыт істемегеннен кейін, айналымда жүрген еңбек ақы көлемінде жүретін тиында (сом) тоқтады. Сөйтіп өздері бұрыннан тұрып жатқан пәтерлерін босатып бөлек шығуларына тура келді.
Айтылып келе жатқан жер тіліміне қоныс аударып. 1983 жылы Көкек айынан бастап, өз үй іргетасын салып бастады…
Бұл маңызды өмір өткелі Дельвангтың көз алдынан жылы самалдай бұралып өтті. Енді міне арада өткен он сегіз жылдың екпіні, кең көлемді естелік қалдырмай немене, тағдырының ауыр да жастықтың бақытты кезеңі еді…
Ал қазір бәрі бар. Не ішіп, не киеміз демейді. Жер тілімдері өздеріне қызмет атқарса, артылғанын базарда сатып саудадарын жүргізе, қол өнеріменде қаражат тауып, күндерін көріп жүре беріпті.
Біз айтылып келе жатқан баяндамамызға қайта оралайық. Әлденіп алған қожалық иесі, мекеме аймағындағы шығыс жағында орналасқан ұстаханасына бесіннен бері отырғаннан кешке дейін тұрмастан бар жанын бас алмастан өз әлеміне еніп кетеді. Атқарған ісіне келсек, айналмалы тастың үстіне қойылған саз балшықты айналдыра, бір қозғалыспен шыққан көрініс, саусақ ұшынан шыққан бейнені баяу деммен құмыра қалыпқа салып, кесе тәріздес үңілмелі пішінді жәй нұсқаумен көтере орташа су құтыға дейінгі көріністі әкеліп, беті қаланып, ашық саңылаулары сары балшықпен жағылып жабылатын қызған пешке дейінгі үрдіске, тізілген он шақты құмыра құты болса, жиырма шақты табақ пен астау жасандыларын, ауыздық маңына дайындап қояды. Ұстахана сарайының өзі күлкірпіштен қаланғанымен сыртқы көрінісімен ішкі жағы бірдей батбақпен сыланып жабылған, әрі қарай ақ бояумен боялған үрдіс дәл үлгімен қайталаныптымыс. Пештің өзі қызыл кірпіштен өріліп салынған екі діңді, яғни екі мұржасы бар. Төрінде орналасқан он екі қанатты киіз үйдің шаңырағы қабырғаға ілулі тұрса, ұстахана төрі; қызба пештің оң жағында, тура ортаға ілінген заттың екі жағы да бос еместі. Солтұсында қойдан қырқылып жиналған сегіз қап жүн, бір – бірінің үстінде тізіліп жатқаны бекер емес. Ол қожалықтар керек дегенді босқа тастамайды. Ал келесі орнында өзінің жұмыс үстелі демей ме, тарпасы толған құрал саймандары ғана, тек шалғысы ұста үйінің солжақ қабырғасында ілулі. Бұл үй есінің басты құралы, бұларсыз оның жұмысы бос. Ал тура орта тұста өзінің басты жұмысы, айналмалы тасы тұр. Төбесі қаз қатар арасы екі адым ашық ағаш діңдерімен тасталып, қыш шатырмен жабылған болатын.
1991 жылға дейінгі кезеңде, қожалық ауданда салынып жатқан құрылыс аумағына әкелінген заттардың өзіндік өлшемімен мөрі де қоса жүретінді. Ол болмаса өкіметтен келетін сұраныс соңы белгісіз болса, тергеу ісі бастау алатынды. Бір кездері қожаның алған заттарына мөрлі тексерістен өзіне тиесілі затты алғанымен бұрынғы үкіметтің құлдырау уақыты шақ қалғаннан, сексен сегіз, әрі кетсе арада тағы бір жыл сала, сексен тоғызыншы жылдардың бірінде, қағаздың әсері әлсірейді ау дегеннің өзінде жер иесі нұсқаулы ережеден әрі жүремін деген ниетте назарын сатып алынған құрылыс заттарына берілетін құжаттарынан тыс қалғанда, Дельванг – тің мекен жайына жоғарғы үкімет жарлығымен тексеріс ретінде заң адамдары келіп күмәнді көз қараспен іс жүргізіп, – Бұл заттарды қайдан алдыңдар? Алған кезде берілетін рұқсат қағазды көрсетіңіздер! – деген, сұраумен үй иесі таңданысынан миы ауып қала жаздайды. Бұған дейін назар аудармаған қағаздардың тәртіп алдында жауапты екені енді көз алдына келген де бірақ сенген екен, бұрынғы жоғарғы өкілден жер сұрап келгенде, жауабын қайтарып тастай бергеннен көңілі қалғандай несі керек деп ойлағаны енді басына балғамен қағып қалғандай дәл тисе, сыртқы көз қарастан оның үні өшті де қалды. Ол кезде бір парақ зат үшін берілетін растау құжаты жоқ болса, ұрланып алынған деген айыппен үлкен көлемді айыппұл мен одан асқаны түрмеге жабылу деңгейіне алып барар еді. Қобалжыған әйелдің де ұнжырғасы түсіп кеткенін көруге болады. Сәтінде құлақ шырауы сылдыр еткендей әйелінің алғаш жерді өз меншіктеріне алғаннан бері жинап келе жатқан қағаздардың сандық түбіне жасырылған, орамалға түйілген кішкентай қобдишаға жинап жүргені есіне түсісімен, жатын бөлмесіне дейін баса көктеп кіріп, қасында тұрған ерімен екі милиция қызметкерлерінің таңданысы жоғары шапқанда, қатты таңғалып қалғаннан ұзаққа кідірместен қайта келіп, қорапты ақтарып бумаждап алып, қолын алға созып қысқан қағаздарды, қарама қарсы тұрған адамға меңзеп, ол таңғалумен фурашкасын сәл көтеріп, өз қағазына белгілеп алған жазумен салыстыра бастаған еді, бәрі төл құжатпен, рұқсат қағаздары сай келіп дұрыс болып шықты. Милиция қызметкерінің – Бәрі дұрыс! – деген, жауабынан үй қожасының уайымы сол мезетте басылып қалды. Бұлар тексерісті өткізіп, жөнімен кеткеннен кейін Дельвангтың қуанышы таңданыспен ұласып, әйелінің байқампаздығына риза болаған екенді. Үйдің іргесіне қағылған бір шеге үшін үлкен жауапкершілік арқалағандарды, заманында кіші қателіктің салдары үлкен қиындыққа душар болар еді.
Қайта баяндаулы кезеңнің біріне келсек, кешкі өңірдің табиғатында аспанды торыуылдаған қою бұлттың еңісі жердің бетін басып алғандай тұманды аймақтың көрінісі, қамшы лақтырым жердегі үлкен теректің діңі ғана әлсін әлсін көрініс тапса, үлкендігіне қарай қара көлеңке іспетті болып тұр. Тіпті шарбақтың өзі бұлдыр тартса, үйдің айналасы әйнек куполмен жауып қойғандай.
Уақыты келе терезеге тамған тамшы артынан нөрсер жауын шелектей құйды. Кешкі кою көк даладан, ұстаханадан үйге дейінгі аралықты асып өтемін дегенше, үсті басын малмаңдай су болған Дельванг – тың шылқылдаған етігі өткеннің көрінісіндей, ағаш табалдырықтың беті сары батпаққа былғанды. Ішке енген келбетпен босағаға сүйене; аяқ киімнің шешілгеннен топ түсіп құлап жатып қалғанымен, қожаның шаршағанынан мән бермесі болса, тек екінші сыңарын шешкеннен кейін бірақ, қоятын орнына реттестіріп тіктеп қойды.