Читать книгу Қырман - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Қырман

Оглавление

Қылмыңдап қырға сұлу күн,

Қызуы қыздай жайнады.

Сәлемдесіп сәулемен

Су сумаңдап ойнады.

Салалы талдар салбырап,

Сайда самал еседі.

Қарағай көкке маужырап,

Бұлт керуендей көшеді.

Алатау беті шұп-шұбар,

Шырғанақ, дүлей бадалды,

Алатау бауыры егіндік —

Бұрқыратқан сабанды.


Қырман

Подняться наверх