Читать книгу Жайлау - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Жайлау

Оглавление

Көк кілем қатипадай жасыл жайлау,

Қаз-қатар ауыл арты желі байлау.

Жайлаудың жаз мезгілін елестетіп,

Мақтаншақ мінезім бар жұртқа айқайлау.

Айы алтын, көк жайлаудың күні күміс.

Ақ тасы бұлағының маржан, күріш.

Етегін шалғын шалып, жел шайқаса,

Бейне той секілденер жасқа жүріс.

Құлын, тай кісінесіп шіңгір-шіңгір,

Тас бұлақ жайлау мақгар қағып сылдыр.

Тырайып көк жотада қой шетінде,


Жайлау

Подняться наверх