Читать книгу Көлге - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Көлге

Оглавление

Көмкеруің көк көгал,

Күлмеңдеген күміс көл,

Көнерең кесте – құрақ, тал.

Кестеңді өртер күзгі жел.

Оранып ұлпа ойдымды,

Ойпанда жатып етгің наз,

Төсінде құстар той қылды,

Той бастады қу мен қаз.

Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,

Қасқалдағың қалтылдап,

Шүрегейің шүмеңдеп,

Шағалаң шулап шаңқылдап.

Шомылған сұлу суыңа,

Шапылдатып алақан.


Көлге

Подняться наверх