Читать книгу Кім екен - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Кім екен?

Оглавление

Бауырым, сәулем Күләнда!

Неліктен солғын ажарың?

Тұтылған айдай тұманда,

Неліктен төмен назарың?

Ақ дидарың тотығып,

Ақша бетің солыпты.

Жігерің жасып, от құрып,

Жанбастай болып сөніпті.

Жазық жаурын қайқайып,

Шыбық белің бұралып,

Құлағың қапты қалқайып,

Тамағың, жағың суалып.

Бүлдірген бетің сұрланып,

Тыржиып қабақ қатыпты.

Алмадай піскен нұрланып,


Кім екен

Подняться наверх