Халықаралық транспорт операциялары

Халықаралық транспорт операциялары
Автор книги: id книги: 803814     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 209 руб.     (2,22$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Учебная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0691-9 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Ұсынылып отырған оқу құралы халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастыру мен жүзеге асырудың теориялық, тәжірибелік мәселелеріне арналған. Халықаралық транспорт операциялары ұлттық экономиканың халықаралық шаруашылық байланыстарға терең интеграциялануы жағдайында ерекше өзектілікке ие болуда. Оқу құралында жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдаудың түрлері, формалары, әлемдік тәжірибесі мен аталған қызмет түрінің құқықтық реттелуі жан-жақты қарастырылған. Оқу құралы экономикалық, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандықтарында оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және халықаралық транспорт операцияларымен айналысатын барлық ізденісті оқырмандарға арналған.

Оглавление

М. Байгісиев. Халықаралық транспорт операциялары

КІРІСПЕ

І-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРҒА ТРАНСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

1.1. Халықаралық тасымалдар түсінігі

1.2. Халықаралық тасымалдауға қатысушы транспорттың даму үрдісі және сипаттамасы

1.3. Сыртқы саудадағы транспорттық операциялар

ІІ-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1. Халықаралық тасымалдар туралы конвенциялар мен келісімдер

2.2. «Инкотермс» тауарлар жеткізудің базистік шарттары

2.3. Сатып алу – сату келісімінің транспорттық шарттары

ІІІ-тарау. ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЛІСІМШАРТТАРЫ

3.1. Сыртқы сауда келісімдерін транспорттық қамтамасыз ету

3.2. Теңіз тасымалы бойынша келісімдер

3.3. Құрлықтық және әуе көлігімен тасымалдау келісімшарттары

ІV-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНСПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДАҒЫ ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

4.1. Транспорттық-экспедиторлық қызмет

4.2. Теңіз тоннажын фрахтілеу бойынша брокерлік қызмет

4.3. Кемелерге агенттік қызмет көрсету

V-тарау. ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР

5.1. Әлемдік сауда флотының құрылымы және сипаттамасы

5.2. Жүктердің теміржол тасымалы

5.3. Жүктерді автотранспортпен тасымалдауды ұйымдастыру

5.4. Жүктердің әуе тасымалы

VI тарау. ЖҮКТЕРДІ ИНТЕРМОДАЛЬДЫ (АРАЛАС) ТАСЫМАЛДАУ

6.1. Контейнерлік тасымал

6.2. Жүкті аралас тасымалдау операторлары

6.3. Интермодальды тасымалдауда транспорттық өзара әрекетінің ерекшеліктері

VІІ-тарау. ТРАНСПОРТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ

7.1 Көлік факторы

7.2. Транспорт қызметтерінің нарықтары

7.3. Фрахт нарығы

7.4. Транспорт түрін таңдау

VIII-тарау. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ МЕН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ – КЕДЕН ІСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ

8.1. Кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары

8.2. Кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары

8.3. Кедендік бақылаудың әлемдік тәжірибесі

8.4. Қазақстан Республикасында кедендік бақылаудың формалары

8.5. Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүргізілетін операциялар

Әдебиет

ҚОСЫМША

Отрывок из книги

Қазіргі жедел өзгерісті әлемде бірқалыпты транспорт қызметінің рөлі арта түсуде. Көліктің жол бағдарлары .бүгінде әлемдік қоғамдастықтың күнделікті өмірін қамтамасьыз ететін өмірлік маңызды артерия болып табылады.

Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда транспорт тауардың (жүктің) және адамның (жолаушылардың) екі немесе одан да көп мемлекет арасында тасымалдануын қамтамасыз етеді, яғни халықаралық қатынастарға қатысады. Тасымалдауда қолданылатын транспорттың нақты түрлеріне теңіздік, өзендік, әуе, теміржол, автомобиль, құбыр тасымалдаушылары жатады. Жүктің немесе жолаушылардың халықаралық тасымалында дәйекті түрде екі немесе одан да көп транспорт түрі пайдаланылатын жағдайларда аралас (құрамдас) қатынастар орын алады. Егер бұл қатынастар қатысушы транспорттың барлық түрлеріне тиесілі бір ғана транспорттық құжатпен рәсімделсе, мұндай қатынас тікелей аралас қатынас деп аталады.

.....

• байланыс түрі (тікелей, жүйелі, тасымал).

Транспорттық операциялар әдетте келесідей жіктеледі: сыртқы сауда келісіміне дейінгі, жүзеге асып жатқан кездегі, келісім аяқталғаннан кейінгі операциялар. Шартты бекіту және оған қол қою мақсатымен келіссөздерді жүргізбес бұрын, транспорттық қызметтерге, тарифтерге, тауарларды тасымалдау шартына және фрахтілерге талдау жүргізу қажет, сондай-ақ транспорттық шығындарды есептеп алдын ала болжап алу керек. Келісімге қол қойып, оны жүзеге асыру барысында келесідей әрекеттерді жүзеге асырамыз: тауарларды тасымалдау қажеттілігін болжау, тасымалдау келісімін жасау, транспорттық құжаттарға сәйкес рәсімдеу, тауарды тасымалдауға дайындау, жүк тасымалдаушымен есеп жүргізу, шығындарды төлеп, санитарлық, ветеринарлық, шекаралық, кедендік, рәсімдерді дайындау керек.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Халықаралық транспорт операциялары
Подняться наверх