Читать книгу Жеңеше-ай - Марфуға Айтқожина - Страница 1

ЖЕҢЕШЕ-АЙ

Оглавление

МАРФУҒА АЙТҚОЖИНА

(1936 жылы туған)

Күрпілдейді ерте-кеш қара саба,

Сабасыз қазақ үйі жараса ма.

Саба пісіп жеңешем ойға кетіп,

Қозғайды, көне сырды оңашада.


Күрпілдейді ерте-кеш қара саба,

Толтырған саумалымен жаңа сауа.

Кештерде елең етпей тамашаға,

Тербетпейді көне сырды оңашада.


Көздерден жасырады көне сырын,

Жасырады алауын денесінің.

Күтеді қалғығанын енесінің,

Ойменен жалғасады келесі күн.


Алаулап күйіп-жанып кеш батады,

Жеңешем бəрімізден кеш жатады.

Көгендегі қозыдай анау ұлдар,

Ер жетіп, əлі ертең-ақ ес қатады.


Жеңешем мұны да ойлап мұңдана ма,

Мұң кешкен жаны ширап, шыңдала ма

Күн озып, күні бойғы тірлікпенен,

Көз шырымын алады түнде ғана.


Жүретін күні кеше күліп таңдай,

Күлетін жүрегінде күдік қалмай.

Қасында қара саба мұңданасың,

Асауым, жуасыған құрық салмай…


Ол енді қызық күнін ұмытқандай,

Айқасқан ақ маңдайда сызықтарды-ай.

Жүруші ең жабырқамай, жан жеңешем,

Жарыңды аңсадың ба, жүріп шалғай?!.


Неге-неге толқыды асау жаны,

Қалайша, қара көзің жасаурады?

Неге-неге дірілдеп кетті иығың,

Өр едің ғой, мойымас қашан-дағы.


Неге ол ауыр ойдан бас алмады,

Неге оның жанарынан жас аунады.

Құлпырып, қызғалдақтай алауланып,

Неге ол бұрынғыдай жасанбады.


Жасыды-ау, жасыра алмай сағынышын,

Жар демі, шарпыды ма жалын ішін.

«Бəрі де майдандағы жарым үшін,

Қан кешіл жүрген ерлер, бəрің үшін…»


Оралмады майданнан жылқышы ағам,

Оралмады ұяға Жыл құсы аман.

Күндер өтті, ай өтті, жылдар озды,

Қамсыз көңіл көрші бар,

Күлкісі аман…


Сыңғырлай кеп күледі –

Сынағандай,

Жеңешем жаны танбас, жылап алмай.

Жаншыла күрсінеді кейде сонша,

Үстіне қара жартас құлағандай.


Отырар кейде түкті елең қылмай,

Сəулесін шаңырақтан төгер мұңлы ай.

Кейде ол өрмек құрып, кесте тігер,

Бола бермес əркімде өнер мұндай.


Жеңгемді жетелейтін алға арманы,

Босамайтын істен бір бал бармағы.

Күн ұзақ бие сауып, түнде іс тігіп,

Үзілмей айтушы еді-ау, таңдарға əнін.


Болмайтын бөгде мінез басқадай тым,

Үлкендер бұны ауыздан тастамайтын.

Тағдыр қатал, жасқайтын, жасытатын,

Тентек деген шалдар да жасқамайтын.


Сəнді еді, сүйкімді еді мінезімен,

Үлгі-өнеге көруші ем бір өзінен.

Домбыраға қосылып, əн салғанда,

Ащы шер төгілетін жүрегінен.


Талай таңдар əн тыңдап қалғығанмын,

Көрді ме содан жақсы əнді жаным…

Жал-құйрығын ерте-кеш əнмен тарап,


Жеңеше-ай

Подняться наверх