Читать книгу Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) - Нариман Абылайулы - Страница 2

Оглавление

*Н А Р И М А Н А Б Ы Л А Й Ұ Л Ы*

Кедей ұқсап ойлама

(Не думай, как бедный)

Табыс үшін диплом қажет емес (Для успеха не требуется диплом)

Нариман Абылайұлы.


Кіріспе

Елордадан қалай пәтер алуға болады?

Кредиттерден қалай құтылған дұрыс?

Сіз емес, сізге қарыз болу үшін не істеу керек?

Табысты адамдардың құпиясы қандай?

Интеллектуалды, рухани, қаржылық, физикалық дамудың табысқа қандай қатысы бар?

Кітаптың аты да өте маңызды. Мысалы Роберт Кийосаки дұрыс айтады, бірде оған типографиның редакторы «Экономика» деп атаңыз деп еді, оны сізден басқа ешкім сатып алмайды деген екен. Ал «Бай әке, кедей әке» деген атаумен миллиондаған оқырман сатып алды. «Үлкен адамға жеткізер жол» (Путь к большому человеку) деп қояйын дегем алайда, кейінен Наполеон Хиллдің кітабын оқып отырып жақсы сөйлем тізбектерін көріп, кітабымды осылай атадым «Табысқа жетелейтін кілт» (Ключ зажигание успеха).

Бұл кітапқа өмірімнің әртүрлі жасына сай келген ойларымды төккен болатынмын. Конференция қатысқандағы мәліметтерде кездеседі. Бұл кітапта барлық тақырыптар қозғалуда, себебі бұл кітап сіздің қаржылық сауаттылықты ашып, баюдың жолын ғана көрсетер ережелер емес, жалпы ойларды өзіңіз саралап, рухани және материалдық деңгейіңізді тепе-теңдікте ұстау болып табылады. Ең әуелі университетте оқып жүргенімдегі философия конференциясына қатысқан кездегі мақаламмен бөлісе отырып, жалпы өмірдің әр саласындағы философиясына тоқталып өте отырып, бір пайдасы тиер деген ниетпен. Мақала жазу бір, ал оларды біріктіріп кітапқа айналдыру үлкен шеберлікті талап етеді. Менде ондай шеберлік жоқ, сондықтан оқи отырып осыны ескеріңіз. Қандай бизнес кітапты алсаңыз да, түсініктері ортақ және менің ойымша 5 000 жыл бұрын жазылған «Вавилондағы ең бай адам» атты кітаптан бастама алады. Негізінен Құран кәрімде де ақшаны ысырыап жұмсамау және адамдардың барлығы неге бай болмайтыны туралы деректер жетерлік. Әлемнің үздік бизнес пен адамның дамуы туралы кітаптардан еш пайда болмас, егерде сіз ұсынылған бизнес-әдебиеттердегі ережелерді ұстанбасаңыз. Барлығы да кітаптардың жазылған үлгісі ұқсастау келетіндері және оларды біріктіретін олардың жазылу тәртібі. Бизес кітаптардың барлығында филосфиялық ойлар мен өмірлерінің өткен-кеткен оқиғаларын айтып бөліседі, себебі бұл олардың тәжірибесі әрі әркміге өз философияңды түсіндіріп жеткізі мүмкін емес. Ал кітапқа жазған өз көзқарастары мен білімдері оқыған оқырманға қол жетімді болар. Өз басым оқыған кітаптардың бірнешеуін сізге оқуға кенес беремін. Оны кітапты оқу барысында тансып аларсыздар. Кез-келген бизнес кітап сізді бәр күнде немесе бір жылдың ішінде байытпайды және табысқа жетудің құпиясы шын мәнісінде құпия емес. Бұл кітаптар сіздерді алға жетелеуге ұмтылыс беріп, барлығы да адамның ойлау қабілетіне байланысты екенін түсіндіреді. Бай болудың негізгі шарты немесе құпиясы оның ережелерін орындауда жатыр. Ақшаның заңын орындамайтын адам ешқашанда байымас (Человек который не следует к законам денег никогда не станет богатым). Бірде бір әйелдің тұрмысы төмен болып, кейін бизнес арқылы 15 мың АҚШ долларындай көлемде табысқа жетті, алайда 10 мың долларына анасына алқа алыпты?! Сіздердің көзқарастарыңыз қандай? Сіздерде осылай істер ме едіңіз? Негізігі кедей отбасынан шыққандар көбіне осылай істейтіні анық, алқа алмасада басқа да қымбат бағалы заттар алатыны анық. Тіпті лотерея ұтса да әуелі бағалы зат сатып алатыны белгілі. Бағалы зат байлықтың көрінісі деп түсінетін жандар өз қателіктерін түсінбейді. Бұл туралы Вавилондағы ең бай адам атты кітабында келтірілген. Қолына жиған терген ақшасына есек алғаны, қазіргі уақыттағы адамдардың бағалы мал-мүлік алып жүргендері. Негізінен дұрысы бизнеске салу. Қымбат заттар байлықтың да, табысты адамның (успешный) белгісі емес.

Мен 2014 жылы университетті бітірген соң жұмыс істедім, айлығым 30 мың теңге болатын әрі магистратураға түскен болатынмын. Солай жұмыс істеп жүріп ойландым 30 мың теңгеге мамандық бойынша істегенше күзетші болғаным артық деп жұмыс іздеп кетіп, алайда мұғалімдік жұмысқа кіріп кеттім. Оны бұрынғы ұстазыма бір танысым мұғалімдік жұмысқа адам іздеп жүргенін айтып, кейін маған айтқан болатын. Алайда таныс арқылы кірген адамдардың тізімінде болғым келмеді, бір апта ойланып барып кірдім. Айлығым 52 мың теңге болды. 4500 теңгесіне жолақы билетін алып қалғанын оқуыма төлейтін едім. Солай жүріп бір жыл жұмыс істеп басқа жерге мұғалім болып орналасып, кейін бұрын істеген бухгалтерлік компанияға қайтып келіп 40 мың теңгеге жұмыс істеп, 2016 жылы қыркүйекте дәмханаға кірдім. Өздерініз көріп отырғандай айлығы 50—60 мыңның төңіріегінде болса, үш жылдың ішінде ақша жинап қалай пәтер алды? Банктен ипотека да ақшалай да қарыз алмаған? Туыстары да ата-анасы да қаражатпен көмектеспеген болса? Оның сырын осы кітапты оқи отырып түсінесіздер. Кез-келген бизнес кітапта бизнесітң қалай істелетінін жазбайды, ал бизнес жоспарын тек бизнес жоспарды жарияланған кітаптардан оқи аласыздар. Себебі бай болудың нақты жоспары жоқ, себебі әр адамға Алла Тағала өз несібесін еңбегі мен ниетіне қарай береді және бай болу үшін бизнес жоспар емес, әуелі ойлау қабілет пен оның ұстанымдарын орындаудан ғана басталады. Бір Алла өзі осындай ойлау қабілет беріп және кітаптарды оқи отырып өзімнің ойлап жүрген ұстанымдардың кітапта жарияланғанда таң қалған едім. Атақты актер Уилл Смит орынды айтқан: Сіз басыңызда мәселелеріңіз көп болса, шешімін таппасаңыз, кітап оқыңыз, себебі сізге дейін бұндай басынан өткен қиындық қалай жеңгені туралы жазылған болу керек». Менімен қатар жастар көбісі меннен не жоғары не төменде болуы мүмкін, себебі жоғарыда айтылғандай Алланың берер несібесі әр түрлі. Менің жетістігім де кішігірім болса да жетістікке тұрарлықтай деп ойлаймын. Себебі тура менің жағдайымда жүрген жандардың қарызға кіргендерін көрдім. Алайда оларға қанша кеңес берсем де, оны орындамағандары қаншама?! Кейбірі орындап біраз табысқа жетіп, қайтадан шығынға батып адасып кеткендері де бар. Оны кітабымды оқи отырып танысарсыздар. Өз өмірімде маған кеңестерін берген ата-анама және туған туыс, достарым мен таныстарыма және үлкен жетісктерге жеткен бизнес кітапты жазған тұлғаларға ризамын. Алла оларға нұрын жаудыртсын. Алдарыңызда қандай қиындық болса да қорықпаңыз, өзіңізге сеніңіз. Кезінде пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаху алейхи уассаламға да талайы сенбей өз қаласынан, жеріне қуғандары қаншама болды. Барлық пайғамбарлардың өмірі осылай өтті, алайда олар бір Алламен байланысы болған тұлғалардың өздері шыдап, сынақтан өтіп, ал бүгінде олардың аттары әлі күнге шейін танымал және жетістіктері баяндалып жатады. Кітапты оқу барысында пәтерді бөліп төлеуге алудың тиіссіз жақтарымен танысасыздар.

Әркімнің және әр нарсенің өз философиясы бар

Мектепте жасаған қателіктер үшін төмен баға қою арқылы жазалайтын еді мұғалімдер. Ол үшпен оқитын адам сол үшін 3 жетеді, университетке түсе алмайды, колледжге түсіп оқитын бала деп төмен түсіретін. Бұл дұрыс емес, өзім мұғалім болып колледжде істегенде осындай сөзді естіген соң, бес алып жүрген білім алушылар беске де білмейді. Үшке оқитын оқушы деп үш қоя беруге болмайды. Содан кейін үшпен оқитын адамға шабыт беріп, оқи қалса, басқалар «Қашаннан бері оқып қалыпсың?» деп оның оқуға ынтасын түсіреді. Алайда жетістікке жеткен бизнесмендердің көбісі бұл қасиеттер бар, олар қателік жасағаны үшін айыппұл салады. Негізінен шынайы басшы айыппұл арқылы емес өзінің сөзімен, ісімен шабыттандырып түсіндіре алады. Бірақ өз басым айыппұл салған кезім болды, себебі бірнеше рет түсінідірп айтсам да, ол қызметкер менің ешкімге 1 жыл бойы менің ешкімге айыппұл салмай, ақкөңіл екенімді білетін, сонда мың тенге айыппұл салған соң, жұмысына тиянақтылау болды. Бірақ одан кейін айыппұл салмауға тырыстым, себебі бұның дұрыс емес екенін ұқтым. Айыппұл салған күні өзімді бір түрлі сезінген едім. Кітапты аяғына дейін ерінбей оқыңыздар, пайдалы кеңестер әлі алда.

Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп. Сол сұрақтардың немесе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді? Қысқаша, жалпы сұрақты қайыратын болсам, дүниеге деген көзқарас? Дүниеге деген көзқарастың 3 түрі бар:1) Аңыз (миф) 2) Дін 3) Философия. Аңызға, дінге тоқталмай-ақ қояын. Одан да мен философия деген не және бүгінгі философия деген не деген сұрақтарға өз ойымды айтсам деймін. Философия деген даналыққа құштарлық, яғни кемеңгер болу десем қателеспеймін. философия бұл -даналыққа махаббат, яғни қазақша оның мән-мағыналық формасын келтіріп, нақты айтсақ, даналыққа деген махаббат немесе даналыққа құштарлық, және бұл риторика мен логикаға негізделуі тиіс. Әйгілі Стив Джобс, Уоррен Баффет, Билл Гейтс, Жан-Клод Ван Дамм сынды тұлғалар оқуларын тастап, жетістікке жетті, оның себебі бі іске деген құштарлығынан. Бүгінгі философия барлығын да тәжірибеге бағындырады, ақыннан бастап, математик, физик, метафизиктерді қамтиды. Яғни Ф. Ницще айтқандай, «философия -бұл ғылымдардың атасы». Шыны керек, солай -ак, бірақ әр ғылым өзін жоғары бағалайды, мысалы: «математика- нақты ғылым, ғылымдардың патшасы», – дейді, ал Мұхамеджан Тазабековтың сөзіне сүйенсем, «Дін- ғылымның атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді», сонда ғылымдардың патшасы кім?!Бірақ бұл басқа әңгіме, басқа мәселе. Менің ойымша, философ деген ақын ғой, онымен қоса әдебиетке жақын ғой, оған мысал ретінде, қазақтың ұлы ақыны Абай, Шәкірім сияқты ақын, дана, жазушыларымыз философияны зерттеп, оған жаңалық енгізбесе де, олар философиялық тұрғыдан, ойлардан алыс болған жоқ. Мысалы Абай атамыздың қара сөзіне жазылған адамның біреуі білсем десе, екіншісі ішсем жесем дейді, осындай қылықтар адамның болашағын көрсетеді. Яғни бай мен кедейдің болатыны осыдан. Оның үстіне Абай атамыз айтқан қазақты өзгерту үшін билік және көп қаржы керек. Әр адам өзін өзгерту ұшін өз-өзін басқара алатын билігі болуы шарт. Тағы да айтып кететін жайт, бұл кез келген еңбекті жазу оңай емес, яғни оған филологиялық білім керек, мысалы бір философия еңбегін жазсам, мен әдебиеттің заңдарын білу арқылы, философиялық еңбегімді көркем қылып, әрі оны қызықтырып жазар едім. Әркімнің қолынан келе бермейди кітап жазу, өйткені әр тақырыпты, және ондағы ақпаратты белгілі бір ретпен жазылуы тиіс, жоғарыдай айтып кеткендей «философ деген ақын». Мәдениеттану, әлеуметтану тағы да басқа сол сияқты ғылыми пәндерде жазылатын кітаптар, зерттеп, оған жаңадан белгілі бір жаңалық енгізгеннің өзінде философияға келіп негізделеді. Көптеген жоғарғы оқу орындарда философия кафедралары бар, солардан дипломы бар философтар шығады, алайда практикасының мәні, шығуы неде? Философия мамандығының қандай пайдасы бар? Тек көпіріп сөлей беру ме? Бұдан қорытынды, Ньютонның ойы, оның жұмысы-нақтылы, яғни натурафилософиялық, субъективті жалған емес екенін, физикадағы алғашқы, бастапқы объект – табиғат, тек бұның бәрін математикалық тілімен жазған болатын. Солай жүріп ол, практикадан теорияға, бірақ керісінше пайымдаған емес, теориядан практикаға деп. Бірақ қазіргі ғылымда, қай кез болмасын фундаментті, яғни енді-енді дамып келе жатқан секілді, және бәрі аяғынан басына қойған. Мысалы, біз программисті алсақ, олар бірінші теориямен танысып, содан соң практикада компьютерлік құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамамен (программное обеспечение) танысып, үйренеді. Осыған орай бір мысал, өзімді алсам, мен компьютерді программисттің деңгейінде білемін (90 пайыз),оны мен практика жүзінде біліп таныстым, яғни компьтердің болттарын алып, ішін ашып, оны қарап, бөлшектерімен таныстым. Ал екінші менің мысалым сендерге қалай болар екен, ойыңызды өзгертер ме екен? Кезінде Ньютон ағаштың түбінде отырғанда, басына алма түсіп тигені бізге мәлім. Ал оның әлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған алма, яғни ол дененің белгілі бір биіктіктен құлаған сайын, оның құлау массасы өте күшті болатынын практика жүзінде көрді, енді бұны ғылыми тілде айтсам, потенциалдық энергиямен кинетикалық энергияның алмасуы, әлемдік тартылыс заңынын бір бөлшегі. Айта берсек мысал көп, Архимедтің суға түскендегі жағдайына байланысты, оның бізгі қалдырып кеткен еңбегіндегі заңы «Архивмед заңы», тағы да мысал ретінде оның кезіндегі патшасы оған тапсырма бергендегі алтын мен қорғасынның белгілі бір мерзімдегі біріне-бірі айырылмастай жұп секілді жабысып қалуы… Тобықтай сөздің түйіні, мен Исаак Ньютонның тұжырымдамасымен толықтай келісемін, бірінші практикалық жүйемен танысып, одан кейін оны ғылымға не еңгізіп, я болмаса басқа таныстарыңа ойыңмен бөлісу арқылы үйрету, таныстыру дегендей т. б. Мәселен көптеген бизнес бастаушылардың сұрайтыны қалай қателік жасамау, табысты болудың құпиясы неде деп сұрайды. Алайда адам тәжірибе жүзінде көбірек білім алатыны белгілі, әрине басқалардың жасаған қателіктерін ескере отырып бизнесті ұйымдастырған жөн. Алайда сіз бәрібір қателік жасайсыз. Мінсіздік Аллаға тән, тек Алла қателеспейді.

Жалпы мен ойымды қорытындылайтын болсам, «философияның рөлі, маңыздылығы»деген сұраққа қысқаша жауап қайтарайын. Негізгі айтпақ ойым, былай болмақ, философия бұл даналыққа құштарлық қана емес, бұл өмірге деген жалпы құштарлық. Мысал келтірсем, біздің елімізде және басқа елдерде өте ауыр, жаман жағдай – демографиялық апат десем қателеспеймін деп толық айта аламын, қылмыстар көбейіп, өзін-өзіне қол жұмсау дегендей, бұл масқара?!! Ал философияда экзестенциализм деген ұғым бар, яғни өмір сүру немесе өмір сүру философиясы десек, онда бұл жалпы философия пәнін мектепте, колледж, жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқыту керек. Мысалы 10 мен 11 сыныптағы оқытылатын пәндердің оқулықтары жіп-жіңішке, яғни ақпарат аз, себебі ол ақпараттар 5—9 сыныпта аралығында айтылып, қайталанылып болды. Бір нәрсені, бір ақпаратты көпірте бергенше, осын пәнді оқытса деп ойлаймын, онымен қоса мәдениеттану, социология (қоғамтану), тіпті дінтану болса тіпті керемет болар еді. Жаңа ғана мен айтқанымдай өмір сүру философиясы, дәлірек әрі жалпылама айтқанда «философия адамды адам қылып қалыптастырады және өмірді қалай қадірлеуін түсінуге көмектеседі» деп ойлап мен тұжырымға келемін. Кім біледі мүмкін мен қателесіп жатқаным да шығар, бірақ бұл менің ойым, сондықтан менің бұл тұжырымдамама дұрыс көзқараспен қарайтын шығарсыз деп үміттенемін. Өзімді айтатын болсам, бұрын «Гарри Поттер және философиялық тас» киноны көргенде, философияның не екенін түсінбей жүретінмін, сол кинода оның қандай рөлі бар деп? Ал бала кезімдегі ойыммен сендермен бөлісейін, философиялық тас қайда, неге киноның соңында оны тауып, көрсетпеді. Яғни мен философиялық тасты көз алдыма елестеткенде, мен оны алмаз секілді тас шығар деп ойлайтынмын.

Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма келген ойымды ортаға салайын. Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың даналыққа, білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім. Ал бала философияны оқып, философиялық ойларды миына тоқыса, онда ол өмірдегі қиыншылықтардан қашатын бір -ақ жол, ол «өлім» деген ойдан арылады деп ойлаймын. Ал енді менің соңғы сөзім, қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», немесе орыс халқы оны былай пайымдайды «думай, прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!

Философия -бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана емес, студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу, іздену бұл білімге деген құштарлық, яғни философия. Ал философия кәсіпорын немесе жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады, және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып, ескереді. Сіз де өмірде де, бизнес те де, дін мәселесінде ақпаратты алған кезде, оны қорыта біліп басқа да факторларды ескере отырып қабылдап, керек кезінде оны дұрыс пайдалана білу. Себебі көп білімнен не пайда, пайдасыз іске немесе мүлдем қолданбаса? Бизнесті қалай істеу керектігін үйрететіндер көп, алайда шынымен тәжірибе жүзінде алған білі бар бизнесмендер аз.

Осы философиядағы гуманизм бағыты өз алдына екі ғылымның ажырамас бөліктеріне айналған, яғни әдебиет те, мәдениет те қарастырылады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба?!Осы гуманиз, яғни адамның қасиеттеріне тоқталсам деймін. Адам дүниеге келгеннен кейін осы өмірде өз орнын тапқысы келеді, алайда адамзат баласы қанағат сөзін өмірі естімегендей, естісе де түп мағынасын білмейтіндей болады. Осы дүниенің немесе тіршіліктің иесі деп санайды, ал осы дүниеде тіршілік етіп жатқан тірі ағзаларды ығыстырады. Сонда біздің философиямыз қандай, мәдениетіміз, ал экология мен биологияны неге оқып оны зерттеп жатырмыз?!Мысалы құрбақаны алсақ, ол жануардан қандай пайда?!Пайдасы жоқ бір жануар дейміз, алайда оның терісі медицина ғылымында вич ауруынан алдын алу мақсатында профилактика ретінде қолданады, енді осыны дамытып, яғни зерттесек, түрлі-түрлі аурулардың емін табуға болады. Осы жерде еске түсірелік бір нәрсе, философия да дінді және діни факторларды ескере отырып, теориясын құрайды. Естеріңізде болса мақаламның басында айтқам болатынмын. Енді осы дінді ғылым ретінде қарастырсақ, ол ғылымда Алла Тағалла жайлы айтылған. Осы әлемді жаратқан жаратушы бір Алла, ал бұл әлемді жаратқаннан кейін түрлі-түрлі жануарларды жаратты. Сонда тектен текке жаратты ма, әлде адамға бәсеке болсын деп жаратты ма?!Мысалы тіпті жыланның уынан пайда бар. Бірақ Алла Тағалла дүниедегі бар жан-жануарларды бізге қызмет етсін деп жаратқан жоқ.

Осы орайда ескеретін нәрсе сіздің алдыңызда бірде-бір адам міндетті емес, сіз өз болашағыңызды өзіңіздің іс-әрекетімізбен бір Алла деп тіршілік етуіңіз шарт. Қоғамдағы байлар мен мемлекет сіздің алдыңызда қарыздар емес. Эндрю Карнеги айтқандай «Негізгі мақсатың өзіңе көмектесу болуы шарт. Жеке тұлғалар да, халықта зекеттен жақсармайды».

Ғылым дамыған сайын, әсіресе физикамен байланысты біз Алла Тағаланы жоққа шығара бастаймыз, алайда осы өмірдегі құбылыстар мен тіпті адамдардың тіршілігі мен олардың қасиеттерін Алланың өзі ұйымдастырған шығар?! Сол жағын ойлаңыз.

Бізді сынаққа салған шығар, егерде адамға жақсылық пен жамандық қасиеттерін бойларына беріп, олардың қай қасиетін таңдар екен?!Періштені таңдай ма, әлде шайтан жолын ба? Бірақ біз білмейміз шын мәнісінде шайтан менен періште бар ма, мүмкін Алла Тағалланың өзі шығар бізді сынаққа салған?!Бұның бәрі жұмбақ, алайда бір тылсым күштің бар екені анық.

Адамның қай қасиетіне тоқталсаң да, ең басты жағымсыз қасиет бұл- өз басын ойлаушылық, орысша айтқанда эгоизм болып табылады. Жалпы адам баласы өзін —өзі тани алмайды, оны сырттан ғана танып, білуге болады. Өйткені адамның өзіне өзінің кемшіліктері байқалмайды. Сондықтан естеріңізге Абай атамыздың сөзін қайталап, естерінізге салсам: «Оқып, үйрен ғалым бол, ең керегі адам бол». Ал өзімнің мынадай бір сөзімді, ойымды айтсам: «Бай болудың жолын іздегенше, адам болудың жолын ізде». Бай болу үшін әуелі адам бола білу керек. Ал осы гуманизмге байланысты мына бір өлеңімді оқысам деймін.

Біржолата- мәдениетті ұмыттық

Адам емес – ит болдық

Байыса да, аз болар

Адамның неге іші тар?

Аллаға жалбарынып, сиынып

Мойнына тақса, ол тұмар

Ақша деген бәлекет

Жасатады түрлі әрекет

Біресе біреуге жалынып

Өтірікке жүреді малынып

Алланы кетті ұмытып

Жолынан жүр ол тайынып

Уақыт келіп-кетіп, жетеді

Солай жүріп, өмірі де өтеді

Болар іс болды, не істейсің

Амал жоқ, күнәң көп

Енді неге терлейсің?

Жаныңа батты ма, мына сөздер

Кім біліпті, мүмкін, басқа біреу?!

Осыны ұғып, тереңірек түсінер… 31 наурыз 2011 жыл

Ал енді дінге көңіл бөлу арқылы адамның гуманистік қасиеттерінің өзгергенін анықтауға болатынын айта кетейін. Адам өзінің істеген қылықтарына, сөздеріне және сөздерінің мағынасына қарай пайдалана алмайтын секілді. Мысалы «Ежелгі Қазақстан тарихы» кітабында Мұхаммед пайғамбарымыздың жасаған жорықтары деп картада көрсетіп белгіленген болатын. Сонда Құранда немесе ислам дінінде не басқа діндерде адам Алла Тағалаға сенбесе, оны жоққа шығарса, оны қару- жарақпен қорқытып үркітіп сендіру керек пе?!Жорық – деген бұл соғыс, шабуыл сөздерімен синонимдес сөздер. Ал енді біздің пайғамбарымыз сонда соғыс ашқан ба?!Біздің пайғамбарымыздың адамгершілік қасиетінің жоғарлығы соншалық, ол намазға жығылған кезде, етегіне жатып, ұйықтап қалған мысықты оятпай, етегін кесіп, жүріп отырған. Ал біздің адамгершілік қасиеттеріміз қандай, мысықты біресе жұлқылап, тепкілеп жатамыз.

Біздің ата-бабаларымыздың адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы соншалық, олардың ұлы адамдар екеніне күмән келтіре алмаймыз. Мысалы, біздің ата-бабаларымыз кезінде айтқан: «Малды теппе, ақты төкпе». Және біздің ата-бабаларымыз ежелден бері ауыздарынан «Құдай» деген сөзді тастамайтын. Ал бүгінгі таңдағы әдебиеттердегі «Құдай» сөзін кіші әріппен жазады, бұл дұрыс емес. Ал біз болсақ оның үстіне мақтанып жатамыз: «Адамдардың жетістіктері мақтануға тұрарлықтай, ғылым деген дамып жатыр, ал адамдар білімді, сауатты деп», қайдағы білім, қайдағы сауаттылық?!

Тағы бір айта кетейін дегенім бүгінгі таңда үшінші дүниежүзілік соғыс ретінде діни соғыс дейді. Ей, адамзат бұл не қылғандарың?! Неше түрлі ұрандарында дайындап қойыпты, мысалы ретінде Ислам дініне байланысты: «На небе Аллах, На земле казах Ножь в кармане Вперед мусульманы». Бұл не масқара, Алла Тағаланың Құран Кәрім кітабында: «Қолыңа қару алда соғыс», – деп жазылған ба?!

Жалпы алғанда барлық діннің негізгі мақсаты адал болу, түзу жолмен жүру, алайда адамдардың өздері жаңадан заң қабылдап, дінге енгізіп жатыр. Қандай құқығы бар оның?!Мысалы түрлі терактілер болып жатыр, сондағы лаңкестік ұйымдар мен лаңкес адамдар адамды өлтіріп, соңында өздерін жарып өлтірсе, Алла Тағаланың алдына «сүттен – ақ, судан – таза болып», жұмаққа баратындай сенімді болатын адамдар бар. Мен өзім Алла Тағаламен сөйлесіп, көріспесем де, менің білетінім жамандық жасасаң оның арты жақсылық болмайды, яғни о дүниеге барсаң да, жұмаққа бармайсың, егерде жамандық жасаған болсаң, дегенмен бір Аллаға шешеді. Тек байлықты ойласаңыз, бизнес алға жүрмейді. Көптеген бизнесмендер ақша үшін емес, қоғамға деген өзінің бір пайдасы тисе деген ниетпен бастағандар үлкен жетістіктерге жеткені анық байқалады.

Ертеректегі түсініктер бүгінгі таңдағы түсініктерге қарағанда керісінше жақсы, әрі дұрыс пайымдаған. Бір мақаланы оқығанымда былай жазыпты: «Егерде Әбу Ибн Синаны қазіргі ғалымдардың арасына қосып, яғни ғылыми конференция ұйымдастырса, ол қазіргі ғалымдардың ой-пікірлерін түсінбес еді», – дейді, яғни бүгіңгі таңдағы ғалымдардың ойларымен сәйкес болмайды, бір пікірге келмейді деп қабылдасақ болады. Алайда олай емес, мысалы 12 ғасырда өмір сүрген Омар Хайямның бізге қалдырған мұраларының бірі бұл оның жазған өлеңдері. Сол өлеңдерінің орыс тіліне аударған аударма жазбаларын оқыған. Сонда ол айтады: «Всевышнему богу не усы твои, ни борода твоя не нужна» деп жазылған. Ал қазіргі таңдағы көзқарастарға сүйенсек, Құранның сүрелерін оқып, намазға жығылсаң ғана жұмаққа барасың дейді. Онымен келісеімін, ал хиджабты неге киесіңдер, сақалдарын неге өсіреді?!Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі былай айтқан: «Жастардың Алла Тағалаға сеніп, ислам дініне бет бұрғандары жақсы, алайда сол киген хиджабтары сәнге айналып кетпесе болғаны» деп пайымдаған болатын. Алайда Елбасымыз орысша сұхбат берген болатын, сондықтан менің қазақшалап өз сөздеріммен жазғаным, елбасымыздың айтқан ой —толғауларынан алыстап кетпеген шығар деп ойлаймын. Қасиетті Құранда ұятты жерлерің жабық болсын дегені рас, ашық-шашық киінген дұрыс емес.

Тағы бір жайтты естеріңізге түсірелік, ақындарды – философ деп атаған болатынбыз. Бұны бүкіл дүниежүзі мойындаған, мысалы 1990 жылы Ресейдің Мәскеу қаласындағы типографиялық баспаханада «Разум сердце» деген кітап басылып шыққан. Сол кітапта экономисттердің, ақындардың, саясаткерлердің айтқан философиялық ойлары жазылған. Бүгінде аты шулы болмаса да, бәрімізге таныс Мұхамеджан Тазабековтың жазған өлең шумақтары «Дін- ислам діңгегім». Осы өлеңін алып оқысақ, философиялық ойлардан құрылған. «Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен, бейіштің есігінде құлып болмайды, адамдар бейіш жаққа бару үшін Меккеде зыр жүгіруі міндетті емес» деген өлең жолдарына зер салсақ, Омар Хайяның ойымен жаналап (жанама) өтеді, яғни жұмаққа бару үшін хиджаб кию не болмаса сақалыңды өсіріп, Құранның сүрелері мен намазға жығылып оқудын қажеті жоқ. Ең бастысы шүкіршілік етіп, сауап қылу керек. Мұхамеджан Тазабеков ағамыздың осы өлеңінде былай жазған болатын: «Тәубе қылсаң, сауап қылсаң күнәңнан түк қалмайды». Бірақ біз бір Алланың құлы екенімізді және Оған қызмет етуіміз шарт.

Адам баласы өз қасиеттерінен айырылғандары соншалық олар өздерінен бұрын ақшаны ойлайды. Мысалы қазіргі таңда бір қауіп, қайғы —қасіреттің бірі Иранның АҚШ-пен соғысу қаупі, бұл жерде адамдардың өмірін сақтаудың әдістерін ойлаудың орнына басқа мемлекеттердің экономистері елдерінің экономикалық жағдайын қарастырып, талдап терең ойға батуда. Міне бүгінгі адамның қасиеттерінің көрінісі. Тағы бір нәрсе ойыма келгені, мүмкін бос сандырақ шығар дегенмен айтайын. Адамзат баласы соғысқа барса және тағы басқа да факторлардан мүгедек болады. Ал енді сұрақ неге адам дүниеге келгенде мүгедек болады, бұл жерде полигондарды айтса болады, алайда бұл полигондық жарылыстар басты фактор немесе түсінік бере алмайды. Адамдардың мүгедек болуы жер бетінде қанды төгістің болуы, яғни кішкентай қарапайым қылмыстан бастап мемлекет аралық соғыстарға дейін. Яғни менің ойымша Алла Тағалланың бізге айтайын деген сөзі шығар: «Құлдарым сендер жақсылыққа жорып, түзу жолмен жүріңдер, ешқандай соғыс немесе қылмыс жасамаңдар, өйткені соғыстар ештеңе де ұтпайсыңдар, тек жақындарыңнан айырылып, кейбіреулерің мүгедек болып өмірлеріннің соңына дейін қиыншылықпен өткізесіңдер, ал егер мен сендерде мүгедек қылып жаратсам, осыған не дейсіндер?!Мүмкін мүгедек болсаңдар соғысатын адамда болмайтын шығар?!» деген ой келді маған. Әрине дұрыс болсын, бұрыс болсын, дегенмен бұл менің ойым мен қиялым. Ақша деген адамдардың, яғни жалпы қоғамға пайдасы тию керек, одан зиян көрсе берекесіз ақша бұл. Әйгілі Эндрю Карнеги бизнесмен айтқан «Жинаған бар байлығың қоғам мен Құдайдың жолында жұмсамасаң, онда не пайдасы бар?!».

Өмірдегі бір қызық нәрсе барлығы да бір- бірімен байланысқан және байланыстыруға болады. Мысалы орыс халқының мынадай мақалы бар: «Чем выше поднимаешься, тем больнее падать». Былай қарасаң бұл физиканың заңдылығы, яғни кез- келген дененің биіктен құлағанда кинетикалық энергиясы артып, гравитация мен оның массасына қарай жоғарғы күшке ие бола отырып, жерге қатты соғылады, ал жерге соғылу нәтижесінде ол сынады немесе жарақат алады, яғни оның тірі не өлі заттық қасиетіне байланысты. Ал енді осы сөзді философия жағынан қарастырсақ, адамның өмірде белгілі бір деңгейге немесе статусқа ие болғанда, оның сол статусына я болмаса беделінен айырылу мүмкіндігі туған жағдайда, жағдайдың мәз емес екендігін анықтауға болады. Сондықтан естеріңізде жүрсін: «Өмір- толған философия».

Су сепкендей көңілім басылды

Тамшы бұлақтай, көзден жасым ағылды

Өмірдің осал-тұсалын көргенде

Ағаштай жанып, жүрегім, шоқ болды

Ата-анасын тастап қарттар үйіне

Мәз боп жүрер кей адамдар ісіне

Ал енді бірі осы өмірде

Ата-анасын аңсауменен өсуде

Келіншектер —болашақтағы жан ана

О, Алла қате қадам жасатпа

Тастамасын, алдырмасын баласын

Әрбір гүлдің сабағын, ешқайсысы қимасын

Қаншама жас төгілді

Балалар үйін көргенде

Қабырғам менің сөгілді

Қарттар үйін көргенде

Қалайша ата-анасын тастайды

Қалайша баласын тастайды

Қалайша біздің Жаратқан

Көзін жұмып, қарайды

Иә, болмас менің таласым

О дүниеде Жаратқан

Әр адамның ісіне

Берер сәйкес жазасын

Алдап-сулап бір-бірін

Иттей болды адамдар

Адамнан болар мейірімді

Дала кезген жануарлар

24/02/2013

Адамның қоғам өміріндегі ойнап жатқан рөлін аздап суреттеп берген болатынмын, яғни олардың жасап жатқан қылықтарына қарай. Ал енді жеке адамның психологиясы мен оның мінезіне тоқталсам деп едім. Жалпы адамзат баласы өмірге келгеннен кейін өзіндің мағдайына жазылған тағдыры бар, атап айтқанда Алла Тағаланың сол адамның бұл өмірдегі уақытын қалай өткізетінін сызбасын сызады. Биологиялық тұрығдан алсақ, көбіне гендерге байланысты адамның мінез-құлқы мен өмірінде тағдырдың көріністері қайталанғандай болып, ұқсап келеді немесе керісінше болады. Мысалы әкесі елге өнегелі азамат болып, оны үлгі тұтып, жақсы сыйластыққа бөленіп жатса, ал баласы керісінше болар. Өзінің шежіресіндегі аталардың не әжелерінің біріне ұқсас тағдыр кешуі мүмкін. Сәйкесінше мінезі де, қабылдау психологиясы ұқсас болады. Тереңірек тоқталайын десем, философиядан толықтай биологияға өтіп кетемін деген ой келеді, алайда философия деген білім, ал білім деген барлық ғылымды қамту керек. Махаббат та да, өмірде де адамдар бір-бірін қабылдауы әр түрлі. Бір адамның екінші адамның психологиясын немесе бойында, ы қасиетін қабылдағысы келе бермейді, өзіңдей болғанын қалап, өзгертуге тырысады. Толерант деген сөзді терминология ретінде қарастырып, оған анықтама беріп өтейін: «Толеранттылық» (лат. tolerantia – төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық – қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші». Сондықтан әрбір адам басқа адамның көзқарасы мен оның сезіміне, іс-әрекетіне көне білу керек, яғни қабылдай алу керек. Алайда өмірде ұрыс —керістердің көбісі осы қасиеттің болмауынан туындайды. Мысалыға махаббатта, жұмыста, үйде және тағы басқа адамдық қарым-қатынастар туындайтын кездерде байқалады. Қай жерде болмасын бір адам, екінші бір адамның психологиясына әсер ете алады және әсер етіп билік еткісі келеді. Көбіне экстрасенстер, тәуіптер, гипнозитер шарлотандар мен емшілерді мысалыға алсақ, олардың бір мықтылығы адамдардың психологиясына әсер ете алады, олар адамдардың сеніміне кіра алатындығы соншалық, олар өздерінің құлдарына айналдырып, қалағанын істете алады десем қателеспеймін. Олардың адамның психолиясныа әсер ете алу себебі, адамның мәселелеріне тоқтайды, аолар сол жайлы әңгімені құра отырып, оны тыңдай біледі, сол уақытта адам өзінің тығдарманын, әрі жан дүниесін түсінетін адам табылды деп ішіндегі бар мұңын шағып, ішіндегі дертін сыртқа шығарады. Осындай адамдар адамның мінез-құлқын өзгерте алады, ал өз басым адамдарды көндіре алғанымен, оның психологиясын және жалпы адамды өзгерту қиын. Сондықтан қандай болса, сондай қып қабылдаймын. Қорытындылай келсем адамды өзгерту елуде елу десе болады, ал дәлірек айтқанда адамның өзіне байланысты. Себебі жанағы экстрасенстер, тәуіптер, психотерапевтер адамдарды өздеріне қарата алады, олардың көзқарастары өзгеріп, солардың айтқанымен жүріп, көнеді. Мысалы кашпировскийді көргенімде, байқағаным адамға ол философия мен психологиядан алған білімі арқылы адамға әсер етеді екен. Ең басты кілт бқл адамның мәселесін шеше алатынына көз жеткізіп, оны түсініп және оны қолдап отырғаныңды көрсете білсең болғаны, себебі ондай адамдар үшін бұндай іс-әрекеттер маңызды. Тыңдалмаған сөз жетім деп қазақ халқы бекер айтпаған, сол адамдардың ішкі жан дүниесіндегі айтылмаған, ашылмаған сыр болады. Ал сендерге айтарым өзге адамдарды өзгертуге тырыспандар, қандай болса, соалй қабылдай біліңдер, оны жақсы жолға саламын деп ойлап, оған жол сілтесең, өзіңді кінәліп шығар. Қадыр Мырза Алиев атамыз «Арыңды күзет, барыңды күзет, өзгені сынағанша, өзіңді түзет» дегендей өздеріңнің жолдарыңмен жүріңдер, алайда өзге адамдарға жақсылық жасауды, яғни ол үшін созуды ұмытпаған жөн.

Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)

Подняться наверх