Читать книгу Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы - Назкен Камидоллаевна Келжанова - Страница 3

«Махаббатым қайда екен?» әнінің шығу тарихы

Оглавление

Бұрын қазақтар қыз баланы «киелі» деп қадірлеп, «киесі ұрады» деп қорқатын болған. Қыз баланы сыйлап, оны қай жерде де төрге отырғызған. Әдемі гүл тәрізді күтіп, баптап, жан-жақты дамуына жағдай жасап, қабағына қарап, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысқан. «Отырған қыз орнын табады» деп махаббатын әйтеуір бір кездестіретіне қыздарын сендіре білген. Ал Сәуле Досжанның ағылшын тілінде жазылған «көрдемшенің қасіреті» шығармасының өзегіндегі қазіргі қоғамның мәселесі қазақтың тәрбиелі мұғалім қызына «тыйым салатын қырық үйдің» ролін атқаратын қоғамның керісінше, «жасың болса келді, өзің үшін туып ал» деп теріс ақыл айтып, бейшара қызды қыспаққа алуы, бала туғаннан кейін, баласына «көрдемше» деп «күн бермеуі» қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өте өкінішті. Әрине, жас кезінде «қырық үйден тыю» көріп, «жіңішке жолмен жүрген» қазақ қызына бұл оңайға соқпайды. Бұл мәселе неден туындайды, қазақтың тәрбиесінің қандай кемшіліктері осыған алып келді деген сұрақ әркімді де мазалайтыны анық. Біріншіден, кішкентайынан «жіңішке жолмен тура жүрген» қыз мұғалім болу үшін жоғары оқу орнына түседі. Сол кезден бастап қыздар тобында бар уақытын оқуына арнайды. Ер адамдардың көбісі мұғалім болмайтындықтан, мектепте де әйел мұғалімдердің ортасында жұмыс істейді. Бірнеше жыл өткен соң жұмыстағылар да «кәрі қыз» деп атап, жеңгелері де мазасын ала бастайды. «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» дегендей, жақында бір шетелдік мақалада «физиология және психология тұрғысынан ер баланың он бестегі жыныстық жетілу деңгейіне қыз бала 35—40 жаста жетеді» деп жазыпты. Олай болса, отыз бестен жаңа асқан қызға «кәрі қыз» деп айту асығыстау емес пе?

Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы

Подняться наверх