Читать книгу Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - Нелли Давыдова - Страница 8
6 ТАРАУ. ТРАНСФОРМАЦИЯ
ОглавлениеЕнді біз басымызда не барын және бұл үлгілер неге пайда болғанын, олар бізге осы сәтте өмір сүруімізіді, әрекет етуімізді қалай тежейтінін, иллюзияға алып кететінін және олармен не үшін жұмыс істеу керектігін түсінеміз.
Біз іс жүзінде мәре сызығына жеттік, енді трансформацияның мәнін және оның алгоритмін түсінуіміз керек. Бірінші ретте түсініксіз және өте қиын болуы мүмкін.
Мен сізді өте жақсы түсінемін, біз бұл процесті сабақтарда ұжымдық түрде жасаймыз немесе мен консультацияларда шаблондарды өзгертуге көмектесемін, және тіпті елуінші трансформацияланған шаблоннан кейін де әрдайым кеңес беруім керек болады. Бұл процесс оңай емес, уақытты және тәжірибе мен ептілікті қажет етеді.
Бірақ тәжірибе – бұл тек қайталау процесі, егер сіз тоқтамасаңыз, бәрі ойдағыдай болады, тек жаттығу жасаңыз және қазір қалай болып жатқанын ойламаңыз. Шаблондарды өзгеруде де нақты көрсеткіш жоқ. Біз мұны жай ғана жасаймыз және ол уақыт өте жақсара береді. Әр ойлау әрекеті арқылы біз өз ойымызды кеңейтеміз.
Ал біреу: «Менде қиял жоқ, көмектесіңіз», – дейді.
Мен мүндай аңызды бірден сейілтемін – қиял бәрімізде бар. Қараңызшы, біз күн сайын қаншалықты жағымсыз болашақты қиялдаймыз немесе басқалардың орнына олар біз туралы не ойлайтынын ойлаймыз немесе басқаларға: «Иә, мен не болатынын өзім де білемін, бәрібір жетістікке жете алмайтынымды нақты білемін», – деп айқайлаймыз.
Бізде қиялымыздың қаншалықты қатты ойнайтынын елестетіп көріңізші (күлімсіреп отырмын). Тек біз оны өз орнымен қолданбаймыз. Сондықтан мен дәл қазір «қиял жоқ» деген шаблонды сіз үшін өзгерттім. Қиял жоқ деген аңызды сейілттім.
Қараңызшы, біздің ақыл-ойымыз әрекеттенбеу үшін бізді сылтауларға қалай әкететінін. Қиялым жоқ деген қиялды пайдалана отырып қиялдап отыр. Сөйтіп отырып болашақтың қорқыныштары мен иллюзияларын қиялдайды.
Ал өзін тоқтату керек болғанда, қиял жоқ деп қиялдайды. Бұл жай ғана қулық.
Есіңізде болсын – сіз өзіңізде бірдеңе жоқ деп айтқан сайын, бұл – қулық.
Әлемде жоқтан басқаның бәрі бар. Біз тек дене ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлембіз. Әлем – бұл біздің ойлауымыздың проекциясы, және бізде бәрі бар болғандықтан, әлемде бәрі де бар.
Біз мұны өзімізді иллюзияға апару тиімді болған кезде байқамауға шешім қабылдаймыз немесе әрекетсіздік тиімді болған кезде байқамауды жөн көреміз. Біз мұның бәрін автоматты түрде жасаймыз, өйткені бұл тек ақылға ғана пайдалы біз ұстанатын тереңге сіңген бағдарламалар.
Енді сіз біздің көзқарастарымызды, ойлауымызды, біз бәрін автоматты түрде ойлайтынымызды және жасайтынымызды қайта қараудың және ойлауымызды қайта құрудың, ақыр соңында бақытты өмір сүру үшін, ақыл-ойды ақтамай өзгертудің қаншалықты маңызды екенін түсінген боларсыз.
***
Трансформация – бұл сіздің ойлау үлгіңізді қарастыру және оның «мәнін» көру тәсілі, яғни оны «түсіну».
Біз шаблондардан, ойлау үлгімізден құтыла алмаймыз, бұл ойларды басымыздан шығара алмаймыз, өйткені әрбір ой біз үшін белгілі бір мағынаға ие және бұл күшті қалыптасқан нейрондық байланыс. Мидың бір бөлігін лақтырып тастау мүмкін емес екенін түсініңіз.
Біздің миымыздағы бұл нейрондық байланыстан біз одан құтылуға тырыссақ, әрқашан қарсыласып тұрады, өйткені мидың бұл бөлігі де өмір сүргісі келеді.
Біз бұл бағдарламаға, шаблонға неғұрлым көп қарсылық көрсетсек, соғұрлым бұл ой біздің басымызға еніп, белгілі бір әрекеттерге әкелетін шешімдерді қалыптастырады, осылайша біз бұл ой формасынан бас тарта алмаймыз. Біз одан әрі проблемаларға кіре береміз.
Ештеңеден құтылудың қажеті жоқ, сіз барлық нәрседен өзіңіздің және өзіңіздің жалғасыңыз ретіндегі бүкіл әлемге пайда келтіре аласыз.
Мен қазір мұны сізге емес, сіздің ойыңызға, оны тыныштандыру үшін жазып отырмын. Ақыл үшін ең қорқыныштысы – бұл бір нәрсені жоғалту.
Мысалы біз қолымыздан айрылудан қорқамыз ғой, өйткені бұл біздің денеміздің бір бөлігі. Сондай-ақ, біз бұл дүниеде бір нәрседен айырылып қалудан қорқамыз, өйткені әлем – ол да біздің денеміз, біздің жалғасымыз. Әсіресе, егер біз оған үйреніп қалсақ.
Сондықтан, ақыл-ой үшін «айырылу» – бұл бізді неврозға жеткізетін дүрбелең мен қарсылық.
Егер темекі шегушіге, нашақорға немесе маскүнемге немесе қомағайға немесе тағы басқа біреуге тәуелділіктен арылуды ұсынсақ, тіпті олар өздеріне қандай зиян келтіретінін түсініп, жасырын түрде олай жасамауды армандаса да, олар құмарлығынан арылудан гөрі бізді ұрып-соғуды қалауы мүмкін.
Тіпті бұл нәрсе өмірді қысқартып жатса да, ақыл бәрібір «мен ерекше адаммын және одан құтыла алмаймын, өйткені мен анау, сонау…», – деген сылтау ойлап табады. Бізге тіпті удан айрылып қалудың өзі қорқынышты. Себебі бұл у да біздің бір бөлігіміз, өзіміздің жасырын пайдамыз үшін оған үйреніп қалдық.
Естеріңізге сала кетейін, әлем де және барлық адамдар да бізден бөлек нәрсе емес, бұл біздің жалғасымыз, біздің әлемдегі көрінісіміз, біздің ойлуаымыздың проекциямыз ретіндегі әлеміміз. Біз денеміз таусылған жерден тауысылмаймыз. Оның сыртында да – өзімізбіз. Біз өзіміз туралы ойлағаннан әлдеқайда кеңбіз.
Бірақ ақыл бізді шектеулерге, өзімізді тек денемен шектелуіміз керек деген идеяның «эго шеңберіне» қоюға шешім қабылдады және бізді қалған бүкіл әлемнен кесіп тастады.
Ақыл бізді басқара алмай қалмауы үшін бізге тек көзге көрінетін, катты денемізді ғана сезінуге мүмкіндік беріп қойды. Барлығы күрделі және сонымен бірге өте оңай. Бір күні көптеген адамдар осыны түсінеді деп үміттенемін.
Енді бірдеңеден айырылып қалуға келсек.
Ойлап қараңызшы, біз өз проблемаларымыздан да арылуға қорқып, оларды соңына дейін жібергіміз келмейді. Әрбір мәселенің өз себебі, яғни жасырын пайдасы бар. Егер ол пайдалар болмаса, біз жасаушы ретінде ол проблемаларды дүниеге әкелмес едік, олар бізге бірдеңе үшін керек, бізге бұл мәселелерден түсетін пайда керек. Бәіз өзіміз оларды жасап, жібермей отырмыз.
Мысалы:
Біз барлық бай адамдардың тәкаппар, бұзылған және ұрылар екеніне сенімдіміз, ал біз ондай емеспіз, осындай шындықты қолдау бізге тиімді, сондықтан да бізде байлық жоқ. Дәл осылай ойлап отыра бергенімізше солай болып қала бермек.