Читать книгу Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - Николай Сергеевич Лустов - Страница 11

Асанова О. Н.

Оглавление

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті ойлау тапсырмаларын география сабағында пайдаланудың маңыздылығы

(Назарбаев Интеллектуальная школа

физико-математического направления в г. Алматы)

УДК 373


Бұл – бүгінгі заманда жиі айтылатын сөз. «Креативті ойлауға» түрлі анықтама берілген. Өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, жағдайды алдын ала болжау, уақыттың өзі талап еткен жаңа идеялар, әріптестік байланысты арттыру, жаңалық ашу, басқарудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, стандартты ойлау жүйесінен тыс идея және тағы да басқалар. Мектепте креативті ойлауға үйрету маңыздылығы еңбек нарығының талаптары ғана емес. Мектептер өте маңызды рөл атқарады, себебі мектеп балаларға өздерін өмір сүретін қоғамының бір бөлігі екенін сезінуге және сол қоғамның дамуына үлес қосу үшін шығармашылық ресурстарын түсінуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың қиялы мен қызығушылығы оқу үдерісін жандандыра түсуі мүмкін: креативті ойлау оқушыларға белгілі бір дүниелерді (мысалы, оқу мақсаттарын) түсінуге көмектеседі. Оқушылардың мектептегі оқуына деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін барлық оқушылардың шығармашылық энергиясы мен шығармашылық әлеуетін ашатын жаңа оқыту түрін әзірлеу қажет. Бұл әсіресе мектепте оқуға қызығушылық танытпайтын оқушылар үшін пайдалы болуы мүмкін, мұндай оқыту түрі оларға өз ойларын жеткізіп, дарынын ашығу мүмкіндік береді.

География сабағында «Атмосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Орта бойлы адам шамамен 15 000 см², оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?

А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.

В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.

С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.

Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.

Жауабы: А

Тапсырма-2. Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10—12%-дан артпауына алып келді. Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп, сезінеді?

А. 100% В. 51% С. 21% Жауабы: С

Тапсырма-3. Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір.

Жауабы: Ай Күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.

Тапсырма-4. Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады. Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не? Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды.

Тапсырма-5. Аспан денелерінің бірі – Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?

Жауабы: Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім.

«Гидросфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?

Оқушылар бірнеше жауаптар беруі мүмкін. Осындай мағыналас жауаптардың қайсысы болса да қабылданады:

– Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен

– Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.

– Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.

– Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан, аяздан қорғайды.

Тапсырма-2. Неге Өлі теңізге батып кету мүмкін емес?

Жауабы: Бұл теңізде судың (дәлірек айтқанда, ерітіндінің) таңғажайып жоғары тығыздығына байланысты Архимед күшінің үлкендігі соншалық, сұйықтық адамды денеге толығымен енуіне жол бермей, адамды су бетіне итеріп жібереді.

Тапсырма-3. Сахара шөлінің солтүстік-африкалық бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірі ішінде, шамамен біздің заманымызға дейінгі 20 000 жыл бұрын толық жойылып кеткен. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Қазіргі күні оның тереңдік деңгейі біздің заманымыздың 1000 жылдағысымен бірдей.

Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай?

A. Шамамен 2 метр

B. Шамамен 15 метр

C. Шамамен 50 метр

D. Көл толықтай жойылып кеткен

Е. Бұл туралы ақпарат берілмеген

Жауабы: А


Тапсырма-4. Төмендегі суреттер арқылы қандай арал көрсетілгенін

анықтаңдар: Жауабы: Д. Тасмания


«Биосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді. Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса, тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.

Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?

А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен

В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен

С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен

Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан

Жауабы: А

Тапсырма-2. Аз мөлшердегі нитрат адам ағзасында әрдайым болады. Нитраттар ағзаға көптеп түскен кезде олар нитритқа айнала бастайды, содан кейін қанға түскен кезде метгемоглобинемия (оттегі жетіспеушілік) тудырады, А витаминін бұзады, қалқанша безінің, жүректің, жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Ағзадағы нитраттар мен нитриттер біртіндеп канцерогенді затқа айналады. Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі арулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады?


Жауабы: Бронхит

Тапсырма-3. Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай деген сұрақ туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген нитрат түрлі ауруларға душар етеді. Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек.


Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді

Мектепте осындай тапсырмаларды сабақта қолдану берілетін білімнің маңызы болып табылады, өйткені ол жастарға өз таланттарын, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін анықтап, ашуға, дамытуға көмектеседі. Осындай креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың оқуына жақсы әсер етуі мүмкін, өйткені ол балаларға бастан кешкен тәжірибесіне, істеген істері мен орын алып жатқан оқиғаларға жаңа қырдан қарап, басқаша түсінуге мүмкіндік береді. «Орташа ақыл мен күшті қайрат қосылса, адам талай қызметті орындауға қабілетті болады, әсіресе, қайраты қуатты, жүйелі болып келгенде, бұл қасиеттері болмаса, қандай күшті талант дарыған адам болса да, үздік талантына лайықты қызмет істеп, өзін-өзі көрсетіп, жарқырап шыға алмайды» -деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтып кеткендей әр оқушының талантын лайықты қолдана білуіне ықпал жасау сабақтың мазмұнына байланысты.

Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»

Подняться наверх