Бақыт жолы

Бақыт жолы
Автор книги: id книги: 2420076     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 280 руб.     (2,98$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Общая психология Правообладатель и/или издательство: Издательские решения Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9785005686718 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 18+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Бұл кітапта түпсанамен жұмыс жасайтын, қысқа мерзімде кез келген, дәстүрлі психологияда қиын шешілетін, психологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін методика қарастырылған. Методика қайтарылымысыз, және теріс әсерсіз жұмыс жасайды, оны психологияның терең білімінсіз қолдануға болады. Алайда ең мықты әсер алу үшін, серіктеспен жұмыс жасау керек. Кітапта жазылған методика 5000-нан жоғары адамға өзінің тиімділігін көрсеткен және уақытпен тексерілген. Оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Оглавление

Олжас Сеитов. Бақыт жолы

КІРІСПЕ

1-Бөлім. «Пейнхантинг» әдістемесі жайлы

1.1 Тарау. Адамға қайғы-қасірет әкелетін не?

1.2 Тарау. Қайғы мен қасіреттің пайдасы

1.3 тарау. Қалай жарқын бейнелер жойылып, жағымсыз бейнелер пайда болады

1.4 тарау. «С» ВЕКТОРЫ – адамның бақытын қалай өлшеуге болады?

1.5 тарау. О ВЕКТОРЫ— теріс көзқарастар мен ұстанымдар қалай пайда болады

1.6 тарау. Үлкен корпорация сияқты ақыл-санамыз

1.7 тарау. Түпсанадағы даму және қауіпсіздік қызметтері

1.8 тарау. «Е» ВЕКТОРЫ – Жадымызды жаман бейнелерден қалай тазартуға болады?

1.9 тарау. «Д» ВЕКТОРЫ – пейнхантинг нәтижесінде дене қалай өзгереді?

1.10 тарау. Жан азабынан арылтудағы пайдасыз әдістер

1.11 тарау. ҚЖ әдісі – жан ауруын қалай біржола жоюға болады

1.12 тарау. Растаулардың күші

1.13 тарау. Репитер әдісі – жан ауруын сөздерді қайталау арқылы жою

1.14 тарау. Эйфория және ЖКТБК алгоритмі – жасырын жан ауруын қалай табуға болады?

1.15 тарау. Түпсананың жабық болуының физиологиялық себептері

1.16 тарау. Түпсанадағы тосқауылдар және стандартты емес кейстер

1.17 тарау. Өмірде болған бір сеанстың мысалы

1.18 тарау. Негативті энергия мен клиенттің проблемаларын қалай жұқтырмауға болады

2-бөлім. Негативті эмоциялардан қалай толықтай арылуға болады

2.1 тарау. Жоғалтудан туындаған қайғымен қалай жұмыс жасауға болады

2.2 тарау. Қорқыныштан қалай арылуға болады

2.3 тарау. Апатиядан қалай шығуға болады

2.4 тарау. Ұят сезімінен қалай арылуға болады

2.5 тарау. Өкпе-ренішпен қалай күресуге болады

2.6 тарау. Жанашырлық танытумен қалай күресуге болады

2.7 тарау. Кінә сезімінен қалай арылуға болады

2.8 тарау. Тізгінделмейтін ашуды қалай жоюға болады

3-бөлім. Пейнхантингпен жетістікке жетудегі өмірдің негізгі заңдылықтары

3.1 тарау. Бумеранг заңы Көптеген есті адамдар үшін бұл тарау жаңа мәлімет бола қоймас

3.2 тарау. Жауапкершілік деңгейі

3.3 тарау. Иллюзия тұзағы

3.4 тарау. Қысым көрсету және вампиризм

4 – Бөлім. Жиі кездесетін проблемалар анықтамалығы

4.1 тарау. Жалпы психологиялық проблемалар

4.2 тарау. Психосексуалдық проблемалар

4.3 тарау. Тұлғааралық және отбасылық проблемалар

4.4 Тарау. Пейнхантинг – күнделікті өмірде

4.5 тарау. Бизнес, мансап және қаржылық проблемалары

4.6 тарау. Діни адамдармен және эзотериктермен жұмыс жасау

4.7 тарау. Денсаулық және психосоматикалық аурулар

4.8 тарау. Пейнхантер мамандығы жайында

Отрывок из книги

Құрметті оқырман,

Алдыңыздағы бұл кітап – сізді және сіздің өміріңізді біржола өзгертуге уәде беретін кітап. Дәл қазір қандай жағдайда болып, қандай күй кешпеңіз – мейлі ол жанкүйзелісі не қуаныш болсын, жоқшылық не молшылық болсын, жалғыз не достасып жүрсеңіз – бұл кітаптан сіз психология мен жеке тұлға ретінде дамуға қатысты көптеген сұрақтарыңызға жауабын таба аласыз, ал бұл өз кезегінде өміріңізді әлдеқайда жарқын етіп, көркейте түспек.

.....

Тағы бір мысалды алайық, сіз клиенттермен жұмыс жасау менеджері ретінде бірнеше миллионға келісім-шартқа отырғыңыз келді делік, бірақ құжат грамматикалық қатеге не «Кеңсеге жеткізілетін 10 литр ауыз судың құнын өтеу» деген сияқты маңызды емес пункттің жазылу жолына мін таққан «қырсық» заңгер қолында ұзақ уақыт тұрып қалады. Осы әрекеті үшін оны неге жұмыстан шығармайды? Неге ол осыншалықты билікке ие, оның үстіне, бастықтың компаниясының игілігін ойласаңыз да, неге ол сізден гөрі сол заңгерді жиі тыңдайды? Сіз компанияның ілгері дамуын қалайсыз, бірақ бастығыңызбен бірге әлгі заңгер, компанияны алға дамытқысы келмейтіндей көрінеді. Сонда мұнда проблема неде? Сіз нақты клиенттерді, нақты дамуды, нақты ақшаны көріп тұрсыз, бірақ неге сізді адамдардан оқшауланған, бизнес туралы хабары жоқ және компанияда болып жатқан нәрселердің мәнін түсінбейтін бір қырсық қызметкер басқаруда?

Мен бұл мысалдарды түпсана механизмі қалай жұмыс істейтіні туралы ойлануыңыз үшін келтіріп отырмын. Түпсанамыздағы барлық ақаулар компанияда болып жатқан ақауларға айны қатесіз ұқсайтынына сенімді болыңыз. Енді мұны нақты мысалдармен көрсетейін. Бірде сіз қала орталығында өте әдемі үйлену тойын көріп, бір күні сізде де осындай той болады деп өзіңізге уәде бердіңіз. Кейінірек, сіз алғашында күйеуіне риза болған, бірақ үйлену тойынан кейін әпкеңіздің, үйдегі толассыз зорлық-зомбылықтың салдарынан, кенет бақытсыз болып кеткенін көрдіңіз. Осыдан кейін сіз ер адамдарға сенбеу туралы шешім қабылдадыңыз. Енді сізде екі қарама-қарсы пікір бар. Бірі – үйлену тойы деген жақсы. Екіншісі, үйлену тойы – жаман. Ал егер болашақта сіз армандаған жігітті кездестіріп, ол сізге тұрмысқа шығуға ұсыныс айтса, ұсынысты қабылдауға толық ынтаңыз болмайды. Осы кезде сізде ішкі қайшылықтар басталады. «Қызметкерлеріңіздің» бірі: «Үйленбе, ол кейін жауыз болады» дейді. Ал тағы бір «қызметкер» сізге: «Мен осыдан екі жыл бұрын қала орталығында көрген керемет үйлену тойын қалаймын» дейді. Егер өз ойларыңызды сұрыптауды әдетке айналдырмаған болсаңыз, онда сіз таңдаған жігіттің кейін жауызға айналатынына сендіріп тұратын «жаман қызметкердің» шешімін таңдайсыз. Бастықтың қабілетті сатушыдан гөрі, қырсық заңгерді қолдағаны туралы жоғарыда келтірілген мысалдағыдай, сіз де жарқын ойды елемей, өзіңіз аңдамай жағымсыз ойды қолдайсыз.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Бақыт жолы
Подняться наверх