Читать книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева - Страница 8

ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР НЕГІЗІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР

Оглавление

Барлық металл емес материалдарды екі топқа бөледі – органикалық және бейорганикалық. Бұл екі топтың әрқайсысын табиғи және синтетикалық (жасанды) материалдарға бөледі. Органикалық материалдар тобында екеуі де полимерлер болып табылады, яғни жоғарымолекулалы қосылыстар болады.

Табиғи органикалық материалдардың ішінде ағаш материалы ең маңыздысы болып табылады. Оны тұтыну болатты тұтынудан айтарлықтай жоғары (1 млрд. астам) болып келеді. Құрғақ ағаш материалы 40-50 % тізбекті полимер – целлюлозадан, 25 % жоғары тұтқырлықты сұйықтық – лигниннен тұрады. Целлюлозаның әрбір молекуласы оттек атомдарымен байланысқан глюкозаның 5000 сақинасынан тұрады. Целлюлоза молекулаларынан түтікті сүйектердің қабырғаларының негізін құрайтын талшықтар түзіледі. Ағашты өңдеудің негігі тәсілі – дәстүрлі түрде полиматериалдарды жасаумен байланысты болған. Ағаштың бір бөлігі қағаз өнеркәсібінде техникалық целлюлозаны алуға (80 %) немесе химиялық талшық (20 %) алуға жұмсалады. Бірақ химия және химиялық өнеркәсіптің дамуы ағаш материал алудың дәстүрлі тәсілдерін өзгертті. Мысалы, ағаш-жоңқалық және ағаш-талшықты плиталарды жасау фенол- және мочевина-формальдегидті шайырларды кең қолдану арқасында мүмкін болды. Тек қана жиһаз өндірісінде ағаш-жоңқалы плиталарды әлемдік тұтынудың орташа деңгейі қазіргі күнде 50 % құрайды. Өнімнің қалған бөлігі құрылыс өнеркәсібіне кетеді. Ағаш материалды аммиакпен өңдеу оны иілгіш етеді, одан әртүрлі пішіндерді жасауға болады.

Органикалық текті табиғи материалдарға ағаштан басқа битумдар мен шайырларды жатқызуға болады, олар жемірілуге қарсы заттар ретінде қолданылады. Ағаштың целлюлозалық құрамдастарын ферменттеу глюкозаны және басқа да химиялық құнды өнімдер мен материалдарды алуға жол ашады.

Синтетикалық полимерлі материалдардың маңызды түрлеріне пластмасса, эластомерлер, химиялық талшықтар мен полимерлі жабындылар жатады.

Қазіргі уақытта өндірілетін пластмассалардың 50 шақты түрінің ішінде ⅔ термопластар болып табылады (олар температура өзгерісімен қайтымды түрде қатаяды және жұмсарады), ал қалғаны реактопластар (қыздырғанда жұмсармайды). Термопластардың өндірістердегі үлесі үздіксіз өсіп келеді, және жақын арада ол 75 % жетеді деп күтілуде. Термопластарды қысым астында құю, вакуумды қалыптау, пішінді нығыздау немесе қарапайым қалыптау әдістерімен өңдеуге және қайта өңдеуге болады. Мұндай пластмассаларға полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол және АБС-сополимерлер жатады. Соңғылары акрилонитрилдің (А), бутадиеннің (Б) және стиролдың (С) соополимерлену өнімдері болып табылады. Біріншісі өнімнің химиялық тұрақтылығын қамтамасыз етсе, екіншісі соққыға төтеп беруін, ал үшіншісі материалды қатты және термопластик түрге келтіреді. Мұндай пластиктердің термиялық қасиетін толықтырғыштарды мысалы, полифосфаттарды енгізу арқылы реттеуге болады. бірақ арнайы мономерлерді (полифенилсульфидтер, ароматты полиэфирлер, модифицирленген фторполимерлер) енгізу арқылы ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Уақыт өте келе термотөзімділігі бойынша қалайымен бәсекеге түсетін пластмассалар жасалуы мүмкін, бірақ болаттың термотөзімділігіне жету ықтималдылығы өте төмен. Материалдар ретінде қолданылатын пластмассалардың құрамы өте күрделі және ереже бойынша кем дегенде заттардың үш тобынан тұрады, олар:

Қолданбалы химия

Подняться наверх