Читать книгу Қаншыр мен бөдене - Шəкəрім Құдайбердіұлы - Страница 1
Қаншыр мен бөдене
ОглавлениеБір қаншырға айтыпты бөдене кеп:
– Сен үшін қатты уайым қыламын, – деп, –
Солаңдаған байғұсың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп?
Қаншыр айтты:
– Қаупім жоқ тұрымтайдан,
Шықпаймын қалың қамыс, қопа-сайдан.
Мен сендей жалтаң жерге оттамаймын,
Тығылған соң мені алып жейді қайдан?
Бөдене айтты:
– Қамысың тыныс емес,
Босқа арықтап жүргенің дұрыс емес.
Айламен-ақ алғызбай кетіп жүрміз,
Тұрымтайың біздерге жұмыс емес.
Жүз құбылып, қуланып, жылпалақтап,
Таңырқатты қаншырды өзін мақтап: