Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Автор книги: id книги: 803827     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 200 руб.     (2,14$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Учебная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9786010410534 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқулықта ортағасырлардағы Қазақстан тарихы, ерте орта ғасыр кезеңіндегі алғашқы Түрік, Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыздар, Қарахандар, Қимақтар және Қыпшақтар мемлекеттері өмір сүрген кезеңнің өзекті мәселелері, моңғол шапқыншылығы мен моңғолдан кейінгі XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы жаңа саяси құрылымдардың қалыптасуы, XV ғасырлардың ортасында Қазақ хандығының құрылуы, билеушілерінің жүргізген саясаты қарастырылады. Оқулықтың негізгі идеясы қазақ мемлекеттігінің тарихы өте бай екендігін, қазақ этногенезінің қалыптасуы мен қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін дамытуға ықпал жасаған ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі екендігі туралы ой болып табылады. Оқулық тарих мамамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға арналған.

Оглавление

Т. Омарбеков. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

Сөзбасы

Арғы түріктердің шұғылалы арманы

Азаттықтың арайлы таңы Ұлы Түркі қағанаты еді

Ұлы Түркі қағанаты

Шығыс түріктерінің тәуелсіздік үшін күресі

Шығыс түркілерінің екінші қағанаты

Түргеш-Алаш егемен елі

Азаттықты аңсаған Қарлықтар

Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты

Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз (Өгіз) ұлыстары

Қимақтар мемлекеті

Қыпшақтардың мемлекеттік бірлестіктері

Қарахан мемлекеті

Жалайыр Ордалары

Жетісудағы Қарақытайлар (Батыс Ляо) хандығы

Керейт (Керейлер) хандығы

Жошы ұлысы – Алшын және Қыпшақ қауымдастығын ұйыстырушы

Найман хандығы

Шыңғысхан империясын негіздеуші түркілер

Жетісудағы Шағатай ұлысы

Сайын (Бату) хан билеген Жошы ұлысы

Береке (Берке) хан билеген Қыпшақ мемлекеті

Ежелгі ноғайлы

Жошы ұлысындағы Ежен ордасы (Ақ орда)

Шайбанның (Сыбанның) Көк Ордасы

Жошы ұлысының әлсіреуі

Ақ Ордаұлысының күшеюі

Алтын Орданың соңғы өрлеуі және ыдырауы

Моғолстандағы Дулат әмірліктері

Ноғайлының күшеюі және әлсіреуі

Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі

Қазақ хандығында мемлекеттік жүйенің қалыптасуы

Қазақ хандығының қилы кезеңі

XVIII ғасырда Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

Қазақ елінің саяси дербестік үшін күресі

Тәуелсіздік жылнамасы: Өрлеу жолында

Отрывок из книги

Тарих тереңіне бойлай түссең, біздің халқымыздың ежелгі дәуірден-ақ тәуелсіздік үшін күрес рухына әбден суарылып, содан рухани бастау алғанын айқын аңғара түсесіз. Ғылымда прототүріктер делінетін, арғы түріктер, яғни біздердің байырғы бабаларымыз бұл мәселеде де біздерге үлгі бола алар еді. Әсіресе бүкіл Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарды бірнеше ғасыр бойы біріктіріп келген Хұндардың суперэтностық бірлестігінің біздің заманымыздың ІІ-ІІІ ғасырларда күйреуі көктеп өсіп, қалыптасып келе жатқан түркілердің этно-саяси қауымдастығы үшін үлкен соққы болды. Ұзақ уақыт оңтүстіктегі қытайтілдес және шығыстағы тұңғыс-манчжур тілдес тайпалық бірлестіктермен тәуелсіздік жолында жан алысып-жан берісіп, аянбай шайқасқан Хұндарды жаулары, дәлірек айтар болсақ, қытайлық әулеттер әртүрлі айла-амалдармен алғаш екіге бөліп бөлшектеп, ақырында оңтүстік Хұндарын өздеріне қаратып алып, оларды бауырларына, солтүстік Хұндарына қарсы айдап салды. Бұл аз болғандай, қытайлықтардың мұндай арандатуларына әсіресе Сәнби бірлестігіне кіретін түңғыс-манчжур тілдес тайпалар қатты ілесті. Қысымның жойқындығы сондай, б.з. алғашқы ғасырларында-ақ, бүгінгі Монғолия аймағын жайлаған Солтүстік Хұндары батысқа, қазіргі Қазақстан аймағына қарай көптеп ойыса бастады.

Туған жерді қимай, көшпей қалған 200 мыңдай Хұнның үстіне шығыстан 300 мыңдай манчжур, яғни көне монғол тілінде сөйлейтін тайпалар келіп орнықты. Осылайша, еркіндік сүйгіш ежелгі түркілер мекені болған Монғол үстіртінде әртүрлі этностардың тайпалық бірлестіктері қойындаса тығыз қоныстана бастады. Мұның өзі ежелгі түркілердің бабаларын өздерін-өздері қорғау инстинкті негізінде көптеген жаңа тайпалық бірлестіктер құруға итермеледі. Арман болған арайлы тәуелсіздікке енді ең болмаса тайпалық, немесе тайпалық бірлестіктер негізінде қол жеткізуге болады деген шұғылалы үміт байырғы бабаларымызбен әрқашанда бірге жүрді. Ежелгі қазақ даласын көктеп өткен хұндар шын мәнінде осы, ұлан-ғайыр Еуроазия аймағында көптеген түркітілдес халықтарға (оның ішінде қазақтың түп-тұқиандағы бабалары да бар) бастау болатын жаңа қауымдастықтардың ірге тасын қалауға үлкен үлес қосты.

.....

Бұл тарихты кейініректегі Білге қағанның басындағы кешендегі жылнама былай баяндайды: «Жоғарыда көк Тәңірі, төменде қара жер жаратылғанда, екі арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам Бұмын қаған, Істемі қаған таққа отырды. [Таққа] отырып түрік халқын, елін (мемлекетін), төрін орнатты, қалыптастырды. Төрт тараптағылар қарсы жау болды.

Қол аттандырып, төрт тараптағы халықты бағындырды. Бағындырып бейбіт қылды. Басы барды жүгіндірді, тізеліні бүктірді. Ілгері Қадырхан-жынысына дейін, кері-Темірқақпаға дейін иеленіп, қоныстандырды. [Кезінде] екі аралықта иеліксіз жүрген көк түріктер осылай отырар еді.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Подняться наверх