Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап
Автор книги: id книги: 803838     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 250 руб.     (2,71$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: История Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-041633-8 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

«Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» деген атпен жарық көріп отырған 4 кітаптан тұратын оқулықтың алғашқы кітабы Қазақстан аумағының б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлердегі мәселелерін оқытуға арналған. Оқулықта қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, қағанаттар, ордалар мен хандықтар құру жолындағы күресі, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректер жаңа методологиялық ұстанымдар аясында қарастырылған. Оқулықта тарихи суреттер, карталар және тарихи ескерткіштердің бейнелері де кеңінен пайдаланылған. Бұл еңбектің тарих мамандығы бойынша маманданатын бакалавр студенттеріне берер пайдасы мол.

Оглавление

Коллектив авторов. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап

КІРІСПЕ

I бөлім. ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ

І тарау. ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ЛӘУІРАЕРІ

§ 1. Тас дәуіріндегі қазақ жері

§ 2. Қазақ жері қола дәуірінде

§ 3. Көшпеліліктің шығуы (генезисі)

ІІ бөлім. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЕЖЕАГІ ТАРИХЫ (б.з.б. VII-IV ғғ.)

І тарау. ТҮРКІЛЕРДІҢ ЕЖЕЛГІ БАБАЛАРЫ (ПРОТОТҮРІКТЕР)

§ 1. Сақ-сармат кезеңі

§ 2. Сақ тайпалары туралы ежелгі жазба деректер

§ 3. Сақскиф тайпаларының көрші елдермен қарымқатынастары

§ 4. Дай сақтары

§ 5. Үлкен сақ ордасы (Массагеттер)

§ 6. Сақтардың діни нанымсенімдері мен әдет-ғұрыптары

§ 7. Сақтар одағы және үйсіндер

§ 8. Исседон сақтары

ІІ тарау. ПРОТОТҮРІКТЕРЛІҢ ДЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҰРЫЛЫМДАРЫ (Б.З.Б. III – Б.З. V ҒҒ.)

§ 1. Ғұндар туралы деректер және зерттеулер

§ 2. Ғұндардың көрші елдер мен қарымқатынастары

§ 3. Ежелгі үйсіндердің этно-саяси бірлестіктері

§ 4. Қаңлылардың ежелгі мемлекеті

III бөлім. ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІ

І тарау. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ ТҮРКІМЕМАЕКЕТТЕРІКҰРАМЫНДА (VІ-ІХ ҒҒ.)

§ 1. Көне түркілер

§ 2. Ұлы Түрік қағанаты

§ 3. Түргеш-Алаш ұлысы

§ 4. Қарлықтар билігінің орнауы

§ 5. Қарахан әулетінің билігі

§ 6. Қимақ қағанаты

§ 7. Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты

§ 8. Ежелгі Оғыздар (Өгіздер)

II тарау. АЛАШ ҚАУЫМДАСГЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСА БАСГАУЫ (ПРОГО ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЫҒУЫ)

§ 1. Қыпшақтар билеген дала

§ 2. Алғашқы Наймандар және олардың шығу тегі

§ 3. Найман хандығы ның қалыптасуы және күйреуі

§ 4. Дулулардың (Дулаттардың) тайпалық бірлестігі

§ 5. Ежелгі Жалайырлардың ұлыстық қауымдастықтары

§ 6. Ежелгі Қоңыраттар

§ 7. Байырғы Керейлер (Керейіттер) ұлысы

§ 8. Қарақытайлар (Батыс Ляо) хандығы

III тарау. VІ-ХІІ ҒҒ. ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛАРААҒЫ ТҮРКІАЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН МӘАЕНИЕТІ

§ 1. Көшпелі түркілердің дәстүрлі шаруашылығы

§ 2. Қала мәдениетінің өркендеуі

§ 3. Түркі қоғамындағы тіл мен жазу

§ 4. Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы

§ 5. Түркілердің діни нанымсенімдері. Исламды қабылдау

§ 6. Түркімұсылман өркениетінің қалыптасуы

ГЛОССАРИЙ

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

ӘЛЕБИЕТТЕР

Отрывок из книги

Тас ғасыры және оның кезеңдері. Тас дәуірі адамзат тарихында б.з.д. 2 млн жылдан б.з.д. 2 мыңжылдыққа дейін созылады. Бұл дәуірде алғашқы адамдар тастан жасалған тұрпайы қаруларды өмірде, күнделікті тіршілікте қолдану үшін қолын босатып, белін жазып, біртіндеп тік жүруге мәжбүр болды. Тас дәуірі ғылымда 3 кезеңді қамтиды. Оның алғашқысы палеолит – ежелгі тас ғасыры деп аталады және б.з.д. 2 млн жылдан б.з.д. 12 мыңжылдықты қамтиды, адамзаттың келесі тарихи даму кезеңі мезолитке, яғни орта тас ғасырына жалғасты. Осы орта тас ғасыры б.з.д. 12-5 мыңжылдықтарда орнықты. Адамзат біртіндеп жаңа кезеңге неолитке, яғни жаңа тас ғасырына аяқ басты. Бұл кезең б.з.д. 5 мыңжылдықтан 2 мыңжылдыққа дейін созылды.

Өз кезегінде палеолит үш кезеңге бөлінеді. Оның алғашқысы ерте немесе төменгі палеолит, ол олдувай кезеңіндегі (б.з.д. 2 млн жылдан – б.з.д. 800 мың жылға дейін), ашель кезеңіндегі (б.з.д. 800 мың жылдан – б.з.д. 140 мың жылға дейін) мәдениеттерді қамтиды. Ал орта палеолит ғылымда мустерь мәдениеті деп аталады (ол б.з.д. 140 мың жылдықтан – б.з.д. 40 мың жылдыққа дейін созылды). Сондай-ақ бұларға қосымша кейінгі немесе жоғарғы палеолит кезеңі бар. Ол б.з.д. 40 мыңжылдықтан – б.з.д. 12 мыңжылдыққа дейін жалғасады. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің көпшілікке мәлім кезеңге бөлу мәселесі соңғы жылдарда елеулі өзгерістерге ұшырады. Бүгінде палеолиттің алғашқы, ең ертедегі мәдениеті ретінде (алдыңғы кезеңдерде ашельге дейінгі) олдувай мәдениеті танылады.

.....

Петроглифтер – тарихи дерек. Адам баласының ойлау жүйесінің, ой өрісінің дамуы оның өзі туралы және табиғат туралы ұғымының күрделенуіне, діни дүниетанымының пайда болуына әкеліп соқты. Қола дәуіріндегі тайпалардың діни сенімдері мен дүниетанымы, және көне өнері туралы маңызды ақпаратты жартасқа салынған суреттер – петроглифтерден алуға болады. Петроглифтерде адамдардың әлем туралы өзіндік түсінігі мен көзқарастары жарқын көрініс тапқан. Оларда бейнеленген көптеген оқиғалар аңыздар желісінде баяндалатындықтан, қазіргі заманның адамдарына оларды түсіну қиынға соғады. Суреттердегі ұзын құйрығы бар адамдар және аңның терісінен жасалған киім киген ұсқындар, күн басты құдірет иесінің кескіні және түрлі жабайы аңдардың бейнелері сол заманның өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп тұр. Кейбір жартастарда екі ер адамның тайталасып, ұрысқа түсейін деп тұрған немесе аспанға қолын жайып жаратушыға табынып тұрған бейнелері жиі кездеседі. Андронов тайпаларының жартастарға салған өнерінен ежелгі адамдардың дүниетанымында пұтқа табыну нышандарының болғанын байқаймыз. Бұл бейнелердің мифологиялық сипатындағы айтылатын ойлар, ондағы әрбір нышанның үлкейтіліп көрсетілуімен анықталады.

Дерек көзі: http://discoveric.ru/mesta/kazahstan/almatinskaya-oblast/petroglify-tamgaly-tas

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап
Подняться наверх