Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том
Автор книги: id книги: 803786     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 345 руб.     (3,67$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: История Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2014 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0473-1 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Монографияның 1-томында ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Перовск, Қазалы уездерінің саяси-əкімшілік бөлінісі, əкімшілік ережелері мен ауылдары сипатталған. Сонымен қатар Сыр өңірінің этностық құрамы, тарихи дəуірлерде орын алған миграциялық ағымдар, өңірге тəн дəстүрлі шаруашылық, мерзімдік көші-қон, тарихи демографиясы кешенді түрде қарастырылған. Еңбек тарих саласы мамандарына жəне осы мəселеге қызығушылық танытатын ғылыми қызметкерлер мен көпшілік оқырманға арналған.

Оглавление

Тәттігүл Картаева. Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН АТАУЛАР

КІРІСПЕ

1. СЫР ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ЭТНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. СЫР ӨҢІРІНІҢ ЭТНОГЕОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ДЕМОГРАФИЯСЫ

2.1. Перовск және Қазалы уездерінің әкімшілік бөлінісі және этногеографиясы

2.2. ХІХ ғасырдағы әкімшілік ережелер және қазақ ауылы

2.3. Көшпелілер мен отырықшылардың арасалмағы

2.4. Тайпалардың қоныстану тарихы, миграциялық ағымдар

2.5. Сыр өңірі қазақтарының ру-тайпалық құрамы мен олардың орналасуы (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, жүзге кірмейтін рулар)

3. КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СИПАТЫ

3.1. Мерзімдік жайылымдар таңдау, көшу ерекшеліктері

3.2. Мал шаруашылығының статистикасы жөнінде

3.3. Малды тану, күту, мал азығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ИНФОРМАТОРЛАР ТІЗІМІ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Қосымша А. Карталар

Қосымша Б. Тарихи-демографиялық көрсеткіштер

Қосымша В. Перовск уезі ауылдарының қыстаулары

Қосымша Г. Қазалы уезі ауылдарының қыстаулары

Қосымша Д. ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы Сыр өңірі жер-су атаулары (А.Макшеев бойынша)

Қосымша Е. Перовск және Қазалы уезі қазақтары

Қосымша Ж. Дәстүрлі мал шаруашылығы

Отрывок из книги

Біз зерттеу нысанасына ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы Перовск және Қазалы уезі қазақтарын негізге алып отырмыз. Перовск және Қазалы уезі қазіргі Қызылорда облысының аймағы және «Сыр өңірі» деген шартты атау Сырдың төменгі ағысы бойында орналасқан Қызылорда облысы өңіріне, «Сыр өңірі қазақтары» атауы осы облысты мекендейтін қазақтарға қатысты қолданылады. Сырдарияның төменгі ағысы өңірі Арал теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауымен шектеседі.

Қазақ халқының әртүрлі өңірлерде аймақтық ерекшеліктерге қарай қалыптасқан тарихи мәдениеті, ру-тайпалық құрамы мен дәстүрлі шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері, материалдық және рухани мәдениеті аса күрделі ғылыми зерттеулер қатарына жатады. Осыған байланысты қазақ халқының бір аймақтағы сан ғасырлық тарихы, олардың қоныстану тарихы мен олардың этностық құрамы, саны, тұрмысы, дәстүрлі шаруашылығы, қоғамдық қатынастары, материалдық мәдениеті, соның ішінде баспанасы, тұрмыстық бұйымдары, киім-кешектері, тағамдар жүйесі, рухани мәдениеті, яғни отбасылық әдет-ғұрыптары, халықтық білімдер жүйесі, наным-сенімдері, некелесуге, өлікті жөнелтуге қатысты жосын-жоралғылары қамтылады. Осы өңірдің аймақтық ерекшелігін көрсететін байырғы этнографиялық ұғымдар мен категорияларды жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеу, осыған орай жергілікті этнографиялық сөздерді жинау, яғни тіл ерекшеліктері сияқты іргелі тақырыптарды ғылыми тұрғыда зерделеу маңызды шара болып табылады.

.....

И.И.Зарубин жазбаларынан тарихи-демографиялық, саяси-экономикалық мәліметтер алуға болады [137; 138].

Н.Дингельштедттің «Опыт изучения ирригации Туркестанского при Сыр-Дарьинская область» атты еңбегі [107] Сыр өңіріндегі ирригация жүйесін, арық, тоғандардың аттарын қамтыған және жер жырту, жер өңдеу мәселелерінің ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалай атқарылғандығынан толыққанды мәлімет беретін құнды туынды, сондай-ақ автор көшпелілер мен отырықшылардың арасалмағына өзіндік саралау жасаған.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том
Подняться наверх