Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару

Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Автор книги: id книги: 803826     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 273 руб.     (2,68$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2014 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0673-5 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралы «Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару» оқу-әдістемелік типтік бағдарламасының құрылымына сәйкес жазылған. Мұнда әртүрлі ғылым өкілдерінің негізгі әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздіктің теориялық қағидалары қамтылған. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерінің шектік мағынасы, құрылымы, бағалау әдістері және олардың Қазақстан Республикасы экономикасына тән ерекшеліктері де сипатталады. Ұсынылып отырған оқу құралы студенттерге, магистрлерге, докторларға және жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мамандары үшін де қызығушылық туғызуы мүмкін.

Оглавление

Өтеғали Шеденов. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару

КІРІСПЕ

I тарау. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қауіп және қауіпсіздік ұғымдары: маңызы және түрлері

2. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымы мен факторлары

3. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің критерийлері, көрсеткіштері және шекті мәндері

4. Экономиканы мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі қауіпсіздікті ұйымдастырушылық қабілеттілігі

ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

1. Қазақстанның нақты сектор экономикасындағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

2. Қазақстандағы жергілікті аймақтардың нақты сектор экономикасындағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін бағалау

ІІІ тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚаУІПСІЗДІК

1. Инвестициялар мен инновацияларға қолайлы климат жасау

2. Инновациялық экономиканы жаңартудағы адам ресурстарын дамытуды тиімді басқару

IV тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДА ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ Қауіпсіздікті ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы ғылыми-техникалық қауіпсіздікті қалыптастыру

2. Ғылыми-техникалық қауіпсіздіктікің шетелдік тәжірибесі

V тарау. ӨНДІРІС ПЕН КӘСШОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ

1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс-шаралары

2. Қауіпсіздікті сақтауда органдардың құзіреті және міндеттері

3. Қауіпсіздікті өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік және өндірістік бақылау

VI тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ Қауіпсіздігі МЕН САПАСЫ

1. Құрылыс саласындағы объектілердің қауіпсіздігі

2. Құрылыс қауіпсіздігі мен сапасын жетілдіру

VII тарау. КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕГІ ҚаУІПСІЗДІКТІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1. Көлік-коммуникация кешенінің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің маңыздылығы

2. Көлік-коммуникация кешенінің қауіптерінің құрылымы мен себептері

VIII тарау. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮДЕРІСІ

1. Азық-түлік қауіпсіздігінің критерийлері мен көрсеткіштері

2. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкіндігі

ІХ тарау. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЯСЫНДАҒЫ ҚАУІПТЕРДІ РЕТТЕУ

1. Мемлекеттің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәні

2. «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы әлеуметтік қатерлерді саралау

Х тарау. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ АНЫҚТАУ

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық-несиелік реттеудің сипаттамасы

2. Көлеңкелі экономикадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен күресу шаралары

ХІ тарау. ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖОЮ

1. Әлемдік энергетикалық қауіпсіздіктің маңыздылығы

2. Болашақ энергиясы ЭКСПО-2017 Қазақстанның жаһандық даму бағыты

ХІІ тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

1. Экологиялық қауіпсіздіктегі қағидаттар

2. Адамдардың табиғатпен үйлесіміндегі салауатты өмір салты

ХІІІ тарау. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

1. Демографиялық әлеуеттегі қауіп-қатерлер

2. Демографиялық саясат – елдің қауіпсіздігін реттеудің негізі

XIV тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҒАЛАМДАНУ РӨЛІ

1. Мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік үдерісінің жаһандану шарты

2. Қазақстан жергілікті аймақтарының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағыттары мен механизмдері

ӘДЕБИЕТТЕР

Отрывок из книги

Кез-келген мемлекеттің өзінің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі әлеуметтік-экономикалық саясатқа айналады. Жаһандану үрдісі күшейген сайын әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару маңызы ерекше орын алады. Өйткені, әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қуаттылығы – әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз етудің бірден-бір көрсеткіші.

Жалпы алғанда, қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалу жай күйі. Айталық, жеке тұлғаның кезкелген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және оның өмір сүру ортасын кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет.

.....

Төртіншіден, ішкі қауіптерді жеңе алмаған мемлекет сыртқы саясатты да белсенді жүргізе алмайды. Отандық өндірушілердің мүдделерін дұрыс қорғамайды, бәсекеге қабілетті мол өнім шығарылмайды (5-сурет).

Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды қолдануды талап ететін әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің келесі ықтимал қауіп-қатерлеріне назар аударған жөн. Біріншіден, өнеркәсіптің өндіруші және қайта өңдеуші салаларының бірдей дамымау үрдісі. Экономиканың шикізатқа бағытталуы бір жағынан, оның шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелділігін байқатса, ал басқа жағынан шикізаттық емес сектордың дамуы үшін елеулі түрде кедергі келтіретін факторлардың болуы, ол елдің халықаралық еңбек бөлінісінде барабар емес рөлге ие болуына әкелуі мүмкін.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Подняться наверх