Читать книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева - Страница 1

АЛҒЫ СӨЗ

Оглавление

«Музейлік электронды сөздік» атты сөздігі «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы студенттері мен магистранттарына арнап жазылған. Сөздіктің ішкі мақзмұнында дүние жүзінің көптеген елдерінің музейлеріне анықтамалық қамтылған. Атап айтқанда Еуропа, Ресей, АҚШ, Канада, Австралия, Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық Азия, Египеттегі ірі музейлердің құрылуы, экспозициялық ерекшелігі, музей қорларының көлемі, музей құндылықтары, музей ғимараты, экспозициялық кешен сияқты мәселелелер қысқаша анықтамалық түрінде қамтылған.

«Музейлік электронды сөздікте» әлем елдері музейлеріндегі ақпараттық технологиялар, музей қорларын өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, музей қорларын комплектациялауға арналған арнайы бағдарламалар, әлем музейлерінде қолданылатын озық технологиялар, әлем елдеріне электронды саяхаттарды жүзеге асыру сияқты мәселелер қарастырылған. Осы мәселелерді қарастыра отырып, экскурсия жүргізудің қазіргі талабына тоқталған. Сөздікке енген әрбір тақырыпты қамтитын әдебиеттер тізімін беріп отырған. Сөздікте музей ісі мен қатар ескерткіштерді қорғау саласындағы терминологияларға анықтама берілген. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тақырыптың соңында көрсетілген. Әлем елдеріне электронды саяхат ұйымдастыру мақсатында ғаламтор жүйесіндегі әлем музейлерінің сайты, мекен жайлары ұсынылған. Сөздікте музейлік реконструкция, музейлік экскурсия, музейлік ақпараттық технологиялар сияқты бағыттардағы инновациялық әдістерге талдау берілген.

Музейлік сөздік жасаудағы негізгі мақсатымыз қазiргi ғылыми мәселелерді талдауға қабілетті және оны шеше алатын жоғары кәсіби деңгейлі музейтанушы-мамандарды даярлауға үлес қосу. Музей ісі және ескерткіштерді қорғау саласы бойынша білім алушы болашақ маманның тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау жөніндегі халықаралық және отандық заңнамалар туралы нақты білімі мен көзқарасы болуы тиіс. Сондай-ақ музейлік тіркеу құжатымен жұмыс жасау, музейлік экспозиция және көрме жобалау ісімен, музей мекемелерін басқару маркетингімен, музейлік мнеджменттік қызметпен, музейлік коллекцияларды сақтау және қорғау ісімен, музейлік коммуникация және экскурсия қызметімен таныс болуы, отандық және шетелдік музеология ғылымының алдында тұрған негізгі мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Музей ісі мен ескерткіштерді қорғау саласына мамандар даярлау ісінде білім алушылардың ғылыми танымын қалыптастыруда музейлік танымдар мен түсініктерді оқытудың маңызы зор.

Музейлік электронды сөздік

Подняться наверх