Читать книгу ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ - Алтыншаш Курманаева - Страница 4

1.Жан коллекционері

Оглавление

Мамандықтың қай түрі болмасын жұртқа бір игі пайдасы тиеді емес пе? Ал мен өз мамандығымның адамзатқа қаншалықты пайдасы тиетінің, өкінішке орай, білмеймін. Бар білетінім, мен жан колекционерімін. Жоқ, мені жылтыр мата немесе алтын жалатқан көктас жинақтаушы алтынқұмар коллекционер деп ойлап қалмаңыз. Мен адамның көкке ұшпай қалған жанын балық аулағандай құтыға сақтайтын жанқұмар коллекционермін. Жанды құтыға сақтау ата-бабамнан келе жатқан үлкен бизнес. Сондықтан, осынау ата-бабамнан қалған бизнесті тастау ойымда еш болған емес. «Сонда сол жанды не істейсін?» деп сұрақты төтесінен қоятын сіздей жандар менің жолымда аз кезіккен жоқ. Менің айтатын жауабым біреу:

– Жақындарын жоғалтқандарға сатамын. Кейде өмірге қайта келгісі келетін қаракүш иелеріне де сататын кездерім болады.

Менен жанды арзан бағаға сатып алғысы келген айлакер қаракүш иелері аз болды деп әрине айта алмаймын. Жанды аулау қаншалықты қиын болса, оны сату мен үшін соншалықты қиын әрі ауыр. Өйткені, келген әрбір тұтынушының қас қабағына бір үреймен қарайсын. Олар сенен жан сатып алмақ түгілі өз жанынды суырып алуға даяр. Бұндай жағдайда сенің ақылын самұрық құстан биігірек, ал, қағілездігін мен сараңдығын түлкіден кем болмауы шарт. Мақтағаным емес, осы күнге дейін мен жиырмаға жуық жан сатып үлгердім. Олардың кейбірі тіпті менің жеке тұрақты тұтынушыма да айналып үлгерді. Мәселен, өзінің қанішерлігімен әлемге өз зұлымдығын шашып үлгерген Ахромат – менің жеке тұтынушы десем артық болмас. Жоқ, неге артық болады екен? Менің ұлы күш иесі Ахроматтың арқасында осы елде атақты жан сатушы мықты саудагер атанып отырғаным өтірік емей, шыңдық емес пе? Ойбую, кешіріңіздер, мен сіздерге Ахроматтың кім екендігін айтуға ұмытып кетіппін ғой. Ахромат – түссіз, қанішер, қаракүш иесі. Ахроматтың бойында үш жүзге жуық жан бар. Бірақ олардың барлығы гүлдей қаусап, солып қалған». – деді жан коллекционері Қалтарыс үш немересіне әңгіменің жайын баяндап.

Қалтарыс тапал бойлы, қарны қалпиған, басы тақыр, беті дөңгелек пішінді келген, қалқан құлақты, жасы елулер шамасындағы коллекционер қарт. Қалтарыс екі егіз ұлдың әкесі. Яғни, болған. Тұңғыш ұлы зұлым сиқыршылармен күресте қайтыс болған. Тұңғыш деп отырғанымыз, екеуі іс жүзінде егіз емес. Алайда, бір-бірінен оларды сіз ажырата алмайсыз. Бұл тек сиқыршылар елінде ғана болатын, сирек құбылыс. Оны – иллюзиялық-утопия деп атайды. Бала дүниеге егізінен бұрын келеді, бірақ кейінгі туылған бала одан да айнымайтын болады. Дәл соның клоуны сияқты. Ең қызығы, олардың ойы да сәйкес келуі ғажап емес. Былайша айтқанда, бір-бірінің ойын оқи алады, бірақ, егер, біреуі ауырып қалса, екіншісі ауырмайды. Жә, оны кейін баяндар жатармын. Ендігі, тұңғыш ұлдың прототипін суреттеп өтейін:

Оның есімі – Дилан. Ерлікпен қаза тапқан, түрі Райлдан аумайтын, мақсатшыл, намысшыл, өжет бала еді ғой жарықтық. Ол да Райл айтқандай әкесінің жолын емес, сиқыршы болуды қалады. Қалтарыс ол кездері екі баласының әр ойын қолдайтын, күлімкөз жан еді. Сондықтан, үлкен ұлына еш ойланбастан-ақ батасын берген. Ақыр аяғы баласынан айырыларын білгенде ол бұндай қадамға еш бармас еді. Өткендегі қателікке жол бермеймін деп, екінші баласына сенім арттып отырып, оған дәл немерелеріне айтқан әңгімені баяндаған еді кезінде. Алайда екінші ұлы Райл әкесінің емес, ағасының жолын таңдады. Әкесі әңгімесін тәпіштеп айттып бітірген сәтте Райл әкесіне «Сиқыршы боламын!» деп тура сөзін айтты. Жүрегіне оқ болып қадалған сөзді көтере алмаған Қалтарыс айтауға болмайтын, сұм сиқыршының есімін шақырды. Ақыры, ол келді… Аяғы өзіңіз болжағандай, сүйікті оқырманым…

Дилан да, Райл да әкесінің жолын қуған жоқ. Әкелері ұлдарының өзі сияқты жан коллекционері болатынын күтті. Алайда, тағдырдың тәлкек жолы оларды мүлдем басқа арнаға әкетті. Райл да ағасы Диландай соғыста көз жұмды. Алайда Райл мен Дилан арасында сәл де болсын айырма бар еді. Ол Райлдың артында қалар ұрпағының болуы. Дилан өмірден жар сүймей, не қыз атаулы сұлулық пен махаббаттың нышанына қызықпай өтті ғой жарықтық. Ал Райл ағасындай емес, эстетикалық күрделі сезімі бар сиқыршы еді… Оның сүйікті жары Асма Флордан Самиян есімді жалғыз ұлы қалды…

______________________________________________________________________

1 Самиян – қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Самиян сөзінің үш мағынасы берілген. Соның бірі – жанға жайлы, самал жел. Райл бұл есімді баласына әдейі берген. Әлсіз, көмекке зәру сиқыршыларға жанға сая болсын деген ырыммен қойған.

______________________________________________________________________


Бірақ әке жүрегі анадай болмаса да, сезеді ғой іштегі алауды. Қалтарыс жалғыз немересіне өскенде әкесіне ұқсар деп, Самиян деген есімді еш ауыстырмай, әкесі мен анасы қалаған есімді немересіне беруді жөн көрді.

Екі ұлынан айырылған әке өзінің жолын немерелері жалғастырар деп, іштегі шөміш болып жанған алауды аздап тұтатып жүрді. Фаиз бен Райланнан үмітті аса күткен жоқ. Өйткені олар Райлдың достарының балалары болғандықтан емес. Мәселе өзге тұяққа қалай өз өтінішін айтатындығында… Кезінде азаматтық сиқыршылар соғысына қатысқан тұста олар да дәл Самияндай әке мен анадан жетім қалған. Нақтырақ айтсам, Райлан Табристің, ал Фаиз Самсар атты сиқыршының туған жалғыз ұлы. Алайда Қалтарыс оларды жылатпай, ұлымның жан достарының балалары деп туған немерелеріндей өсірді. Балалар да өздерін туған бауырлардай сезініп өсті. Бірақ үш немересі оның жолын шынымен де жалғастырады ма? Әлде ата-аналары жасаған қателіктерді қайтадан қайталайды ма? Оның жауабын мына оқиғалардан кейін білерсіз:

Қонақ бөлменің қақ ортасында, кілемшеде отырған, көзі көкшіл, шашы кірпідей тікірейген көмір қара, қасы қалың, ойнақы әрі қайсар жүзді, сары өңді, күлімкөз, күлгенде ақ тісі көрінетін, толықша, беттерінде аздап қоңыр дақшалары бар Фаиз есімді он екі жасар бала ду ете қалды. Тек кішкентай көздері жапалақша ашып жұмған, кірпігі ұзыңша, шашы жиынқылау келген, самай сүйегі орналасқан жерінің екі жағы да найзағай ізді, қасы қалың, аққұба өңді, маңдайынан жасыл тамыр ізі көрінетін, аса күле білмейтін, өткір көзді, қабағы түсіңкі, мойнында жасыл айдаһардың нышаны бар арық он бір жастағы Самиян атты бала мен қоңырқай өңді, шашы бұйра әрі қою қоңыр, қасы қалың, қой көзді, төртбұрышты көзілдірік киген, жасы Самиянмен шамалас Райлан есімді тұйықтау бала ғана бір-біріне қарап күлімсіреп отыр. Жымиып отырған екі баланың бойынан еш қорқыныш сезімін таппаған қарт Қалтарыс қасын бұртита:

– Балалар, сендер неге күліп отырсыңдар? – деп Самиян мен Райланға қарап айтты.

– Неге? – деді Самиян.

– Негесі қалай? Барлығы қорқып, жүректерін ұстап отырғанда сен күліп, көңілді отырсың. – деді Қалтарыс.

– Жоқ. Мен сізден оның жаны неге солып қалғандығын сұрап отырмын. – деді Самиян.

– Еее, жаны солмағанда. Олар өмірден озған адамдардың жаны емес пе? Ал оған тірі адамның жаны керек. Алайда тірі адамның жаны бірдей Ахроматқа келе бермейді. Қорқақ, сараң, ақымақ адамның жаны бір сикундта өшіп, солып қалады. Міне, сол себептен, Ахромат жыл сайын жан іздеуге мәжбүр. Әдетте, қаракүш иесі Ахроматты кішкентай баланың жаны қызықтырады. Өйткені, олар қаніпезердің бойында ұзақ ғасыр бойы сақталады. – деді қарт Қалтарыс соңғы сөйлемге әдейі екпін қоя.

Залда отырған балалар селк ете қалды. Ал Самиян сол баяғы қалпы еш қимылсыз отыр. Кішкентай бүлдіршіннің бойынан бір де бір қорқыныш дірілін байқамаған қарт Қалтарыс ойға шомылуда. Бір кезде есік тарс ашылып, ішінен бойшаң, шыбықтай арық, шашы қою қара әрі үнемі бір жерге жиынқы, суық жүзді, өткір көзді, ақсары өңді, сұлу, үстіне алжапқышы бар күлгін көйлек киген, қолында кір салынған легені бар, Ойсана атты жасы жиырма үштер шамасындағы бойжеткен кіріп келді. Ойсана Қалтарыс үйіні аптасына бір рет бөлме жинауға келетін, Асма Флордың туған емес, аралас қанды, сиқыршы әпкесі.

______________________________________________________________________

2 Асма Флор – ата-анадан жалғыз болып дүниеге келген, таза адами қанды ұрпақ. Асманың ата-әжесі де бір ғана баламен шектелген. Және олардың сиқыршы түсінігіне еш қатысы болмаған. Олар – адамдар. Асма Флор да адам. Осыдан сіздер Асма Флор қалай сиқыршы атанып жүр деулеріңіз мүмкін. Сұрақтарыңыз орынды. Ойсананың анасы таза қанды сиқыршы, ал әкесі таза қанды адам болған. Және де Ойсананың әкесі Асма Флормен бір мекемеде жұмыс істеген. Міне, содан, Ойсананың ата-анасы Асманың туылған күніне сиқыршылық қасиетті сыйға тартқан. Ойсананың ата-анасы көлік апатынан қайтыс болған соң, Асма Флордың ата-анасы оны асырап алады. Ойсана да ата-әкеден Асма секілді жалғыз ұрпақ. Оның не туысы, не бауыры жоқ. Дегенмен, оның ата-анасын танитын Сиқыршылар әлемінде достары бар…

_______________________________________________________________________

Ойсана кірлерді киімжайғышқа іліп:

– Атай, сіз тағы да балаларға жан туралы әңгіме айттып отырсыз ба? —деді.

– Енді мен… Мен… – деп Қалтарыс үстелде тұрған суды жұтынап қойды.

– Ай, ұялмайсыз ба!? – деп Ойсана басын шайқап, кірді киімжайғышқа бір-бірдеп іле бастады.

– Айтпақшы, Райлан, Самиян, сендер неге күлдіңдер? – деді Қалтарыс сөзді бұрып.

– Енді… Енді… – деп Райлан Фаизға қарағанда, Фаиз оған ашулы жүзбен қарап:

– Менің қорыққанымды мазақ еткен шығарсыңдар! – деп дүрсе қоя берді. Кенет Самиян:

– Ата, анау не? – деп терезеден бірденені көргендей, саусағын сол жаққа қарай нұсқаумен болды. Барлығы тегіс Самиян айтқан жаққа сескенген жүзбен қарады. Терезе жаққа жалт бұрылған қарт Қалтарыс ештеңе көрмегенін білген соң, жүрегі орнына түсіп, қалтырап отырған үш бүлдіршін мен Ойсанаға қарай:

– Ешнәрсе. Сендерге елестеген болар. – деді сабырлы үнмен.

– Ал қазір ше? – деді Ойсана есікке қарап.

Есік алдында аяқ жағынан тек сұр-қара бу көрінетін, ал үсті қара плащ жамылған, бетперделі, адам екені нақты белгісіз, қара жабысқан қолғапты Қалтарысқа аяңдамақшы болғанда, Қалтарыс артына тығылған үш баланы қолдарымен жауып, Ойсанаға:

– Ойсана, қызым, балаларды жылдам ал! – деп бұйырды.

Ойсана көйлегінің қалтасынан сиқырлы таяқшасын алып, зұлым тұрған жаққа сермей бергенде, түссіз, әлгі суық бетперде иесі:

– Жоқ! Мені тыңдағайсың! – деп Ойсана жаққа қарай жалт қарады да.

– Мына адамшалар бұны естуі қажет! – деді.

– Біріншіден, олар адамша емес! Екіншіден, үш кішкентай бала бұны естуге саналы деп ойлайсың ба?! Күрескін келсе, менімен күрес! Үш бала мен Қалтарыс атаны жайына қалдыр! Вакуум!3– деді ашулы жүзбен, зілді дауыспен Ойсана.

_______________________________________________________________________

Вакуум! – сиқыршылар елінде ғана қолданылатын дөрекі сөз. Бастапқы мағынасы «бос кеңістік». Яғни, біреудің ойы таяз екенін білдіру үшін сиқыршылар бұл сөзді қолданады.

______________________________________________________________________


– Ойсана, сен сіңліндей емес, аса ақылды екенінді білгенмін. Бірақ сіңліне не болғанынын есінен шығарма. Жарайды ма? – деді Ахромат мысқылдап.

– Иә, дұрыс айтасың, мен ақылдымын және сенің мұнда жан іздеп келгенінді аса жақсы білемін. Қалтарыс ата жан аулауды баяғыда тоқтатқан, алайда, мен білетін бір рухты жан бар.

– Қандай? – деді Ахромат желігіп.

– Мен қарсымын! – деді Қалтарыс.

– Қалтарыс ата, бұған араласпаңыз! Балаларды алып, жоғарыға барыңыз! – деді Ойсана.

Қалтарыс Ойсананың айтқанын тыңдап, балалармен балконы бар бөлмеге келді. Ол Самиянның мойнына бойтұмар тақты да:

– Балам, кезінде дәл осы сәтте мен сендей мойнында айдаһардың нышаны бар бір ерекше балаға жан туралы әңгіме айттып отыратынмын. Сол кезде мен аса құбылыстарға сене бермеуші едім. Оның атын атасам, ол келмейді ғой деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін, ол бұл жолы да келді… Әлгі баланы аман сақтап қалу мақсатында мен оны сиқыршылар мектебіне көзінен жас көлдей аққанына қарамастан жібердім. Тарих қайталануда… Міне, енді үш бірдей немерем менен алшақ кетейін деп отыр… – деп өкісіп жылаған Қалтарыс қайта сөзге келіп. – Енді қандай жағдай болмасын, мықты болуға сөз беріндер! Сендер сиқыршысыңдар! – деді Қалтарыс Самиянның иығынан мықтап ұстап.

– Сөз беремін! – деді Самиян көзінен жасын шығармауға тырысып.

– Сөз береміз! – деді Райлан мен Файз.

– Ал енді мына таяқшаны үшеуін ұстаңдар! – деді Қалтарыс.

Үшеуі атасы айтқандай таяқшаны үш жақтан ұстады. Бір кезде үлкен сәулелі жарқыл пайда болды. Әрі қалай не болғаны есімді жоқ. Алайда менің білетінім үш баланың аман қалуында…

ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ

Подняться наверх