Читать книгу ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ - Алтыншаш Курманаева - Страница 5

2. Жаңа қоныс

Оглавление

Кенеттен пайда болған көк сәуленің дауылына іліккен үш бала, бір-бірінің есімін шыңғыра атап, белгісіз жаққа кетті. Абырой болғанда, Фаиз бен Райлан бір жерге тұрақтанды. Ол – Шамшырақтар отбасысы. Шамшырақтар отбасысының үйінің баубақшасының жанына, яғни, мамық жасыл кілемдей шөп үстіне ес-түссіз құлаған екі баланы Бойдақ атты ақ ұлпа қардай ит байқамағанда, әлгі екі бала сол күйі таң атқанша жата берер ме еді? Кім біледі… Төбеттің арсылынан бірнәрсе ұққандай, дереу дастархан үстіндегі күлкіні доғаруды бұйырған, шашы апельсин қабығындай қызылсары және ұзын, түрі арыстандай сұсты, кең жауырынды, арықша, көзіне сымы ұзын көзілдірік таққан, жұртқа іс-әрекеттің адамы ретінде танылған, шапшаң сөйлейтін Каспий есімді қарт кісі орнынан атып тұрып, кішкентай терезенің пердесін түріп қарады да, далаға жүгіріп шықты. Дастархан үстінде қолына шанышқы ұстап отырған, шашы тура атасы сияқты қызылсары болғанымен де бұйра, жылы жүзді, арық, бетінде қара дақтары басым, көк көзді, жомарт мінезді, Жан есімді, жасы жиырма төрттер аралығында жас, сымбатты жігіт әйелі мен екі қызына қарады да, орынан түрегеліп, далаға қарай тартты. Артынан екі қызы мен әйелі де жүгіре жөнелді.

Мамық жасыл кілемдей шөптер үстінде тәтті ұйқыда жатқандай, екі бала өздерінің не тірі, не өлі екенін сездіртпейді. Балалардың жанына келіп отырған қарт Каспий екі баланың мандайын сипап, қалтасынан сиқырлы таяқшаны шығармақ болғанда, келіні 4 :

– Жоқ! – деді.

________________________________________________________________________

4 Келіні – шашы мойнына дейін төгілген, қою қоңыр әрі бұйра, беті таза, кең жазық маңдайлы, көзі үлкендеу, бірақ сүйкімді, қасы жіңішке, өзі ақсары, бойшаң, денесі тал шыбықтай арық, қолынан жасыл тамырлары, күлгенде тісі жарқырап көрінетін, пысықай, зерек, өте ақылды, сезімтал, біреуге көмектесуден тайынбайтын, жүзінен күлкісі кетпейтін, харизмасы мықты, үстінде күлгіндеу көйлекше мен ұзын қатты матадан тігілген шалбары бар, жасы жиырма үштер шамасындағы қыздың есімі Айсары еді. Айсары Альманах атындағы сиқыршылар мектебінің «Самұрық» факультетінің түлегі, қазіргі таңда «Сиқыршылар бірлігі үйінің» бас хатшылық қызметінде. Сонымен қатар, Айсары Ойсананың құрбысы, екі қыздың, яки, Аниса мен Дананың анасы, Жанның ерекше әйелі. Неліктен ерекше? Айсары өткен мен ертеңді көре және болжай алады. Жоқ, ол көріпкел емес. Өйткені, болашақты көре алмайды. Тек өткен мен ертеңгі күнді нақтылап айтып бере алады. Бұны сиқыршылар «Болашақ утопиясы» деп атайды.

_______________________________________________________________________

– Не болды? Айсары, әкем оларды емдеп жазбақшы! – деді Жан.

ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ

Подняться наверх