Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
Автор книги: id книги: 2184842     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 5,99 руб.     (0,06$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Историческая литература Правообладатель и/или издательство: Издательские решения Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9785005549501 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 12+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Оглавление

Қанат Жойқынбектегі. Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Шоң болыс

Би сайлауы

Дос көңілді адам

Сәнді пәуеске

Телқозының өкпесі

Қояншы-Тағай ауылында

Кеттебек қырсығы

Кеттебекті жазалау

Құлагер дауы

Төрелер арасында

Қолға түскен ұрылар

Қыпшақтардың көршілермен реніші

Қыздар мәселесі шешілді. Тілендер өкпесі

Орыстар келе жатыр

Жаңа үй

Казак-орыс заемкасында

Бақай әңгімесі

Ояз тапсырмасы

Айнаның өлеңі

«Аралбай алтын берсе алма, айтқанына нанба!»

Әйімкүлдің намазға берілуі

Қатты бораннан соң

Жас жігіттің қылығы

Имаммен болған әңгіме

Тағы болыс сайлауы

Тәти ауылындағы дау

Ушаковтың келуі

Шоң Қарағандыда

Отрывок из книги

Карбышев бірде Омбыға барғанда Павловичтің орнына отырған адамға кіріп шыққан. Ол әңгіме үстінде, «Сіз ана Жайықбаевты ренжітпеңіз» – деді. Карбышев Ыбырайдың да бұған тесік тапқанын білді. Сонау жылдары Атбасарда старшина болып істеп, орыстармен сиыспай Ақмолаға қайтып келген. Атасы Қоңырқұлжаның қарауында істеп жүрген. Атасы ауырып қалғанда біраз уақыт оның орнына дуанбасы болған. Онда Омбыда губернатор қарауында істеп жүрген Карбышевтің өзі оны атасының орнына қоюға себепкер болып еді. Өзі ояз болып келгенде де жұмысына араласып отырған. Бір аздау жанжал болып, содан Карбышев оның шын бетін біліп алған. Ол кез-келген бастықтардың басын ақшамен айналдырып алады деген Шоңның сөзіне Карбышевтің көзі енді анық жетті. Губернатордың жаңа орынбасарының да тілін тапқанын білді. Жайықбаевтың соңғы кезде айтқанын тыңдамай, өз қалауымен іс жасап жүргенін білетін. Ол мұндай еркіндікті губернатордың жаңа орынбасары арқасында алып жүргенін де біліп қалған. Карбышев оны мұндай еркіндікке жібергісі келмеді.

Карбышев сол жолы генерал-губернатордың өзіне кіріп, уездегі біраз жағдайды баян еткен. Төрелердің киргиздарға әлі де билік жүргізетінін, оларға айтқандарын жасатып, болыс сайлау тұқым қуалаушылыққа айналып кеткенін, өңкей болыстар өзі орнына, көбіне жергілікті билермен ақылдасып алып, баласын, болмаса інісін қойып, бұл жұмысты өз меншігіне айналдырып алғанын айтқан. Губернатор мұндай сөздерді басқа уездерден де естіп отырған.

.....

– Мен ата қонысымнан ешқайда кетпеймін…

– Заман соны талап етіп отыр. Көрдіңіз ғой, мына Жабағылар қасына орыстар көшіп келді. Ертеңгі күні олар үлкен ауыл болып отыру үшін ана ояз тағы әкеледі. Анау Ақмолаға да жақын, Нұра жағасына да орыстар қоныстанып жатыр. Бұл жаққа, Қараағашқа да келуі мүмкін. Мен айтқанды жасамасаңдар ертең елдіктен айрыласыңдар, соны айтып отырмын ғой, сізге. Немерелерің орыстан әйел алып, тіліңді, дініңді жоғалтып, орыс болып кетесіңдер. Сондықтан мен айтқан, қырық-елу үйден аз болмай отырыңдар. Сонда ғана елдіктеріңді сақтап қаласындар. Ру-руға бөлініп отырудың қажеті жоқ. Бүкіл Сатыбалдыға қарайтындарың бір жерге отырыңдар.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
Подняться наверх