Читать книгу Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Оқу құралы 10 тақырыптан тұрады, әрбір тақырыпқа тәжірибелік тапсырмалар, талдауға арналған жағдайлар, тест сұрақтары мен есептер қоса берілген. Бұл оқу құралы – жобаларды басқарудың теориясы мен тәжірибесі саласындағы мемлекеттік тілдегі алғашқы құралдардың бірі.

Бүгінгі күні жобаларды басқару бүкіл әлемде жобалықбағдарланған қызметтің әдістемесі ретінде танымал болды. Соңғы 40 жыл ағымында дамыған елдерде жобаларды басқару жеке пән ретінде және нарықтық экономика жағдайында қызметтің ерекше кәсіби саласы ретінде құрылды.

Жобаларды басқарудың әдістері мен құралдарын қолдану талап етілген сападағы нәтижелерге қол жеткізуге ғана мүмкіндік беріп қоймай, қаржыны, ресурстарды, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және тәуекелді азайтады, сенімділікті арттырады.

Жобаларды басқару нарықтық экономика жағдайларында неғұрлым тиімді қызмет етеді, құн факторлары шешуші рөл атқаратын басқарудың экономикалық әдістеріне жатады.

Біздің мемлекетіміздің көп жылдар бойы «жобаларды басқару әлемінен» оқшау болғанына қарамастан, елімізде көптеген ірі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылды. Сондықтан біздің республикамызда жобаларды басқарудың өзіндік жетістіктері мен тәжірибесі жинақталды.

Олай болса, жобаларды басқару – дамудағы нақты сапалы серпіліс. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Құрылтайшылар мен ұйымның жоғарғы буын басшыларының арасында өкілеттіліктің дәл бөлінуі. Бизнес-үдерістердің жеке жобаларға бөлінуі, жаңа жобалардың құрылуы, стратегиялық жоспарлау. Жұмыстарды жоба негізінде ұйымдастыру қызметкерлердің жаңа мүмкіндіктері мен таланттарын ашады, оларға жобаларды басқаруда бастамашылдықтары мен жауапкершіліктерін, басқарушылық қабілеттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаларды ұйымдастырудың әдістемесімен танысу тек корпоративтік емес, сондай-ақ жеке жобаларды басқару дағдыларын меңгеруге жол ашады.

Нарықтық экономика жағдайында біздер нарықтық категорияларға сүйенеміз, басқару мәселелерін зерттеудің мақсаттарын, яғни қолда бар шектеулі ресурстарды тиімді және пайдалы қолдану, жоғары табыс алу мақсаттарын белгілейміз. Бұл мақсат біздің мінез-құлқымыздың үтымдылыгына және ресурстарды пайдаланудың альтернативті тәсілдерін іздеуге себеп болады. Мұндай тәсіл белгілі бір жобаларды жүзеге асырумен байланысты.

Аталмыш оқу құралына құнды пікірлер білдіргені үшін сынпікір берушілерге және оқу құралын Қазақстанның ЖОО-ның студенттері мен магистранттары үшін ашық жариялауға көмек берген тұлғаларға жеке алғыс білдіргіміз келеді.

Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі

Подняться наверх