Читать книгу Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 5
4- тақырып
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОглавлениеСыртқы және ішкі ортаның жоғары белсенділігі жағдайында ұйым нарықта тек үздіксіз даму, өзгермелі жағдайларға бейімделу, ресурстарды тиімді пайдалану жағдайында ғана бәсекелесе алады. Жобаларды басқарудың ортақ корпоративті жүйесі (ЖБКЖ) шеңберінде жобаға қатысушылардың барлығының арасында өзара байланыс орнату керек.
ЖБКЖ-ны құру және дамыту барысында ұйымның жобаларды басқарудағы жетілу деңгейін ескеру керек. Бұл ұғым ұйымның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетуді максималды нәтижелі түрде іске асыратын жобаларды таңдап, оларды басқару қабілетін суреттейді.
Бүгінгі таңда ұйымның жетілу моделі бойынша көптеген зерттеулер бар. Олардың ішіндегі жобаның ұйымдастырушылық жетілу моделі (ЖҰЖМ) жобаларды басқарудағы жан-жақты амалдарды қамтитын стандарт (Organizational Project Management Maturity Model) және ол өз кезегінде үш өзара байланысқан элементтерден тұрады:
– білім (knowledge) ЖБ ұйымдастырушылық жетілуінің әртүрлі деңгейі бойынша жобаларды басқарудың жүздеген үздік практикаларының жиынтығы болып табылады;
– бағалау (assessment) ұйымдардың жетілу жағдайын бағалап, оларды жақсарту салаларын анықтауға көмектеседі;
– жақсарту (improvement) ұйымға оның стратегиялық мақсаттарын максималды нәтижелі түрде іске асыруға мүмкіндік беретін жобаларды басқарудың даму картасын құрастыруға көмектеседі.
Жобаны басқаруды ұйымдастыруды
– біріншіден, бір нәрсені тәртіпке келтіру, жөндеу, құру, жүйеге келтіру;
– екіншіден, біртұтас нәрсенің бөлшектерін құрастыру, өзара байланыстыру, қатынастыру, өзара орнықтыру;
– үшіншіден, біртұтастылық (мысалы, өнеркәсіп, кәсіпорын, т.б.) деп түсіну керек.
Жобаны басқаруды ұйымдастыру – ол жобаны басқару жүйесін құрып, оны қажетті тәртіпке, жоба элементтерінің өзара қатынасу бірлігіне, басқару процесін нәтижелі жұмыс істеу режиміне келтіріп, оның осы қалыпта жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтқанда, жобаны басқаруды ұйымдастыру ұғымын жобаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жобаны басқару жүйесінің жеке бөлімдерінің бірігуі деп түсіну керек.
Жобаларды басқарудың ұйъшдастырушылъщ сызбаларын қарастырайық. Жобаны іске асырудың кестелік матрица түріндегі моделі (1-суретті қараңыз).
1-сурет. Уақыт шығындары бойынша жобаны басқарудың кестелік матрица моделі
Кестелік матрица құрамына анық белгіленген тапсырмалар бойынша жүргізілетін нақты жұмыстар құрылымы кіреді. Бірінші кезеңде басқару аппаратының әрекетінсіз жүзеге асырыла алмайтын өндірістік операциялар айқындалады (2-суретті қараңыз).
Осындай тапсырмалардың қатынасы төртінші блоктан біріншіге барып түседі. Бұл түзіліс арқылы басқаруды қажет ететін өндірістік тапсырмалар түседі. Басқарушылық тапсырмалар құрылу процесі басталады, әр өндірістік тапсырма осында өзінің басқарушылық тапсырмаларын қабылдайды, олардың қатынасы жобаны басқару мазмұнының бірінші және көлемі бойынша негізгі бөлімін құрайды. Басқару мазмұнының екінші бөлімін жоба талаптарынан туындамайтын, бірақ қоғам үшін маңызды тапсырмалар құрайды, мысалы, әлеуметтік, экологиялық, есептік тапсырмалар.
2-сурет. Анық белгіленген тапсырмалар бойынша жобаларды басқарудың кестелік матрицасы
Бірінші блоктың нәтижесі басқармалық тапсырмаларды кеңістікте орнықтыру матрицасы болып табылады. Бұл блок белгілі бір жобаның құрылымдық бөлімшелері арасында басқарушылық тапсырмаларды бөліп таратады.
Екінші блок – бұл әртүрлі нормативтік актілерді есепке ала отырып құрылған жобаның басқару аппаратында міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін бөлу процесі. Бұл блоктың нәтижесі – басқарудың әкімшілік тапсырмаларының бөлінісінің матрицасы. Басқарудың әкімшілік тапсырмаларының бөлінісінің матрицасы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымындарын жобалаудың негізі және көп басқару жұмыстарын жүзеге асыруды қажет ететінін анықтаудың бірден-бір ұйымдастырушылық құралы.
Үшінші блок – басқару процесінің моделі. Алғашқы екі блок статикалық болса, үшінші блок – динамикалық. Уақыты бойынша ол төртінші, динамикалық блокпен теңгерілген. Үшінші блоктың нәтижесі тапсырмалар классификаторы немесе лауазымдық нұсқаулар болып табылады.
Блоктардың тепе-теңдігі жобаны басқарудың динамикалық жүйесін құрайды.
Практикалық тапсырмалар:
Осы тақырып бойынша өткен материалдарды қайталап, төмендегі анықтамаларға сәйкес келетін терминдерді 5-кестеге толтырыңыз.
5-кесте
Жобаларды басқару анықтамалары бойынша терминдерді анықтау тапсырмасы
Бақылау сұрақтары:
1. ЖКБЖ дегеніміз не және бұл жүйенің ұйымдардың жетілу моделіне қандай қатысы бар?
2. Жобаның ұйымдастырудың жетілу моделін атап, оған сипаттама беретін үш өзара байланысқан элементке қысқаша түсіндірме келтіріңіз.
3. Жобаны басқаруды ұйымдастыру не үшін керек?
4. Инвестициялық жобаны ұйымдастырушылық басқарудың принципиалды схемасының мәні неде?
5. Кестелік матрица түріндегі инвестициялық жобаны іске асыру моделін суреттеңіз.
6. Инвестициялық жобаны басқару аппаратының әрекетіне сәйкес іске асырылатын өндірістік операциялардың мазмұнын ашыңыз.
7. Инвестициялық жобаны басқарудың динамикалық жүйесін құруға мүмкіндік беретін теңдестірілген блоктар тізбегін суреттеңіз.