Читать книгу Неміс тілі. Оқу-әдістемелік құралы - Балхия Тастемирова - Страница 1
АЛҒЫ СӨЗ
ОглавлениеНеміс тілінің оқу-әдістемелк құралы механика-математикалық факультетінің бакалавр қазақ және орыс тілдерінде ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелк құралдың мақсаты – белсенді шет тілдк сөздк қорын молайту; сөйлеу әрекетінің төрт әрекеттерін: тың-далым, оқылым, сөйлесім және жазылымдарды дамыту; биология саласындағы мәселелерді неміс тілінде екі жақты аударма жасау мен кәсіби коммуникациясын жетілдіру болып табылады. Оқу-әдістемелк құрал информатика саласындағы мәселелерді қарастыратын материалдар неміс, қазақ және орыс тілдерінде жазылған оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерінің түпнұсқасынан және бейімдетілген мәтіндерден құрастырылды. Ұсынылып отырған мәтіндердің мағынасы маңызды ақпараттарды қамтыған және олар студенттердің дүниетанымын ары қарай толықтыра түседі. Әрбір тақырып ауызша мен жазбаша аударма жасауға және белсенді жұмыс істеуге арналған мәтіндерді ұсынады. Әрбір негізгі мәтіннен кейін белсенді сөздк қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Сонымен қатар мәтінге арнайы лексика-грамматикалық жаттығулар мен интербелсенді тапсырмалар берілген. Граматикалық материалдар тілдк емес факультеттерде шет тілін оқытуда 1 және 2-ші курстарға А-1, А-2 деңгейіндегі студенттерге арналған типтк жоспарға жүйелі сәйкестендірілген. Оқу-әдістемелк құрал кіріспеден, 15-тен астам мәтіндер мен қосымша интербелсенді лексика-грамматикалық жаттығулардан, студенттердің өз мамандықтарына байланысты шығармашылықпен қарауды талап ететін тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалардың ерекшілігі – студенттердің зерттеу жұмысына да жұмылдыруды көздейді.
Авторлар осы оқу әдістемелк құралды әзірлеу барысында өз-дерінің алдына қойған міндеттерінің күрделі екендігін сезіне отырып, информатика пәніне қызығатын барша қауымның осы еңбекке аса ілтипатпен қарайтынына сенім білдіреді және сын-ескертпелер болса, болашақта осы оқу-әдістемелк құралды одан әрі жетілдіруге қосқан үлкен үлес ретінде қабылдайды.
Авторлар