Читать книгу Бағалым - Эльмира Сәрсенбайқызы - Страница 3

13. КҮЗ КӨҢІЛ

Оглавление

Сансыз ой сананы қинауда текке кеп,

Тағатсыз күй кешті жабырқау хәлім де.

Өзіңмен өзің қап бұртиып, өкпелеп,

Жүрегім, айтшы енді, ренжідің ә, кімге?


Таңырқап отырмын жайыңа мен бүгін,

Кеудемді ұрғылап, дамылсыз соққаның.

Құдай- ау, араша болады енді кім,

Түскендей күйдемін өртенген отқа мың…


Талқысын тағдырдың тәрк етіп бес елі,

Жаныма жетсе ғой… аңсарым, аяулым.

Санамда жаңғырып өткенім кешегі,

Сандалып кетердей күйдемін таяу күн…


Арманым алыстап кетті ме тым жырақ,

Әлде, мен ұға алмай қойдым ба қадірін?

Күз еніп келгелі жүргенім тұнжырап,

Таусылып бара ма, құдай- ау, сабырым…


Енді бір бақытқа жеткенде сан- сынақ,

Желіккен желменен жарысып жеткені.

Жанардан жақұттай бір үзік тамшылап,

Құдды бір кінәлап жатқандай тек мені…


(Жазықсыз жанардан бекерге жас төгіп,

Тағдырдың дәл бұлай еткені неткені???)


14. Мен әйелмін…

Жаны нәзік, ерекше… дара туған,

Бар сұлулық өн бойына таратылған.

Мейірімін шашатұғын маңайына,

Мен әйелмін…

Күн нұрынан жаратылған…


Бүкіл әлем бір өзіне қаратылған,

Әйел- Ана, қашан да дара тұлғаң.

Сол анадан туылып өніп- өскен,

Мен әйелмін…

Әйел боп жаратылғам…


Бағалым

Подняться наверх