Читать книгу Бағалым - Эльмира Сәрсенбайқызы - Страница 4

15. ТҮС

Оглавление

Түндегі сансыз жұлдызы сынды көгімнің,

Көкейіме кеп өлең боп әсем өрілдің.

Жанымды сенсің тәтті бір мұңға бөлеген,

Нұрым да өзің ажарын ашқан көңілдің…


Сезімім тасып, жүректе сұлу күй тұнған,

Серігім бүгін «сағыныш» атты сүйкімді ән.

Өзіңмен, жаным, бақытқа жетіп қуанғам,

Түсім бе, қайдам, оята көрме ұйқымнан!


Алқынды сірә, баса алмай жүрек аптығын,

Өзіңдей жаным, көңілдің кілтін тапты кім?

Таңым да күліп атқандай бірге өзіңмен,

Шуағын төгіп, қызарып барып батты күн…


Жүректі ғажап тербетер еді расында ән,

Табылып жүрсең үнемі менің қасымнан.

Сен екен деймін сағынып жеткен өзімді,

Самалы күздің сипаса келіп шашымнан…


Сезімге шомып тұрғанда біздер жараса,

«Қоя тұр» – дедің, «үндеме, бәрі тамаша».

Көзіме қарап, көзіңді сол сәт ала алмай,

Бөлендің бе екен, бір ерек күйге жаңаша?


Тапқандай едім өмірден мінсіз бағымды,

– Сындыра көрме, Жаратқан ием, сағымды-

деп іштей өзім күбірлеп қоям,

…сол сәтте

Оянып кеттім, түс екен бәрі… жағымды…

Мейлі…

16. Сынық көңіл

Құдай- ау, не деген сәтсіз өмір,

Кеше ғана басқа еді бәрі де.

Күрсінісін жүрегімнің бір пенде,

Ұға алмай жүр әлі де…


Тыныс бітіп, маза кетті тағы да,

Ұғар екен күйімді бұл енді кім?

Тіктей алмай құлазыған көңілді,

Жылап алдым мен бүгін…


Сары ала күз келді тағы күрсініп,

Жапырақ та жерге түсіп қуарған.

Мен отырмын түсініксіз хәлімде,

Күйге түсіп жыларман…


Кімге жетер жанайқайым іштегі,

Құлақ асар пенде бар ма сөзіме?

Бәрі өзімнің кінәм болса

…қайтейін,

Өз обалым өзіме…


17. Күз- сағыныш. Күз- сезім

Көңілімнен кетті ұшып,

Қуанышым. Неліктен?

Жүрегімді дерт қысып,

Тыныс бітіп, деміккем.


Күз күрсініп, бағымның,

Солдырды ма, ақ гүлін?

Бақытты, мәз шағымның,

Болғаны ма, жат бүгін?


Кімге еркелеп, мұңданам,

Кімдерге аян жайым шын?

Жоқ та шығар мұңды адам,

Менен өткен уайымшыл…


Ыршып түстім шошынып,

Өз ойымнан бір мезет.

Жылап алдым қосылып,

Жауынменен бірге кеп…


Жәутеңдеген қарашық,

Кімді аңсады? Білмедім.

Кейбіреудің бағы асып,

Жылады екен бірде кім?


Ойларымды растайды,

Суық самал Күз де елеп.

Жанарымнан жас тайды,

Ренішім көп сізге деп…


Ойлар мені жетектеп,

Өткеніме болдым тап.

Естеліктер өбектеп,

Елестеді солғын бақ…


Түсті есіме сол бір сәт,

Сұр көйлекті қыз кезім.

Ол бір әсем, мөлдір шақ,

Күз- сағыныш, Күз- сезім…


18. Сағыныш

Күз- сағыныш. Күз- сезім


Көңілімнен кетті ұшып,

Қуанышым. Неліктен?

Жүрегімді дерт қысып,

Тыныс бітіп, деміккем.


Күз күрсініп, бағымның,

Солдырды ма, ақ гүлін?

Бақытты, мәз шағымның,

Болғаны ма, жат бүгін?


Кімге еркелеп, мұңданам,

Кімдерге аян жайым шын?

Жоқ та шығар мұңды адам,

Менен өткен уайымшыл…


Ыршып түстім шошынып,

Өз ойымнан бір мезет.

Жылап алдым қосылып,

Жауынменен бірге кеп…


Жәутеңдеген қарашық,

Кімді аңсады? Білмедім.

Кейбіреудің бағы асып,

Жылады екен бірде кім?


Ойларымды растайды,

Суық самал Күз де елеп.

Жанарымнан жас тайды,

Ренішім көп сізге деп…


Ойлар мені жетектеп,

Өткеніме болдым тап.

Естеліктер өбектеп,

Елестеді солғын бақ…


Түсті есіме сол бір сәт,

Сұр көйлекті қыз кезім.

Ол бір әсем, мөлдір шақ,

Күз- сағыныш, Күз- сезім…


19. Мөлдір сыр

Қарашы, аға, Күз де келді сұрланған,

Жанарымнан не көресіз мұңданған?

Түнге барып ашсам ба екен сырымды,

Күнге барып айтсам ба екен нұрланған?


Ұрлап алып балдай тәтті ұйқымды,

Көңіліме бір ғажайып күй тұнды.

Қайта ғашық болсам ба екен еріксіз,

Айға ғашық болсам ба екен, сүйкімді?


Соқпағында бұл өмірдің сан қырлы,

Бірде дауыл, бірде атқан таң нұрлы.

Сізді ұнатып қалсам ба екен, не етейін,

Күзді ұнатып қалсам ба екен жаңбырлы?


Сезім шіркін, армандарға бастаған,

Сүйе де алар жүзге жеткен жаста адам.

Жүрегімді сізге ұсынып көрсем бе,

Түнегімді жарық еткен жақсы адам!?


Жапырақтай жерге түсіп қуарған,

Күйге түстім жабырқаулы, жыларман.

Қайта бастап сүрсем бе екен өмірді,

Қайда бастап барады екен бұл арман?


Қайтер едік, сезім шіркін, міз бақса,

Мұны, сірә, ойладық па, біз баста?

Сізді сүйіп қалсам ба екен ертерек,

Қызды сүйіп қалмай тұрып сіз басқа?


Ғажап екен, шын беріліп сүйсең- ай,

Сезім деген қос жүрекке енсе оңай.

Асып өтіп қамалдардан ойланбай,

Ғашық етіп алғам сізді… мен солай…


Өзгешесіз, ұқсамайсыз басқаға,

Махаббаттың жолы неткен асқақ, ә?

Жырым осы сізге арнаған ең нәзік,

Сырым осы, тек ешкімге ашпа аға!


21. Алам десең, сырқатын ал анамның!

Я, Раббым!

Жебеушісі жеті қат Көк ғаламның,

Естимісің, жалынайын саған мың.

Сенен күшті, сенен зорын көрмедім,

Тілеуін бер, қолын жайған адамның!

Сенің ғана қолдауыңнан нәр алып,

Көңілге де мың жұбаныш табармын.

Беретін де, алатын да өзіңсің,

Таға алмаспын ол жағынан саған мін.

Бес күн мынау тіршілікте мың құлап,

Сынағына тағдырдың бір таландым.

Тілеуім бар енді өзіңнен, я, Раббым,

Өзге ештеңе қажет емес маған дым.

Жалынайын, жалбарынып, жылайын,

Құдіреті күшті Аллам, бір саған,

Алам десең, сырқатын ал, анамның,

Берем десең, дауасын бер, жарамның!


Алам десең, сырқатын ал, анамның!!!


Аналар ауырмасын! Балалар жыламасын!

22. Әзіл- шыны аралас

Жасырғанмен іштегі шер- мұңымды,

Кім түсінер жағдайымды бүгінгі?

«Необычный» жыр жазайын деп едім,

Көңіл- күйім бүгін аздап бүлінді…


Әр таңымды бақытым деп қарағам,

Тілеуімді беріп Аллам қалаған.

Бірақ, кейбір адамдардың пиғылын,

Түсіне алмай қатты талай «головам»…


Өткендерім көз алдымда бұлдырап,

Өзегімді мың өкініш ұрғылап.

Дегенменен, жақсы шығар деп қоям,

Орыстардың «бедасынан» бұл бірақ…


«Көзің сұлу, өзің сұлу, әппағым,

Сенен өзге бір жақсыны таппадым» —

Деп біреулер «суперский» сезімін,

Паш етсе де, елең етіп жатпадым…


Өлең жазып жүрсем- дағы салмақтап,

Баға берер жандар да бар ардақтап.

Арасында гүл шоқтарын лақтырып,

Біреулер жүр «сердцелері» қалбақтап…


Ойымды айтсам, кім түсініп, күлер кім,

Махаббат деп өлеңдеттім бірер күн.

«Ғашықсың ба, кімді ұнаттың» демеңдер,

А так мен де «женасымын» бір ердің…


Құс емеспін, әрине, мен тордағы,

Демес те едім, бағым басқа қонбады.

«В браке» деген маңдайшаға қараңыз,

Көз жүгіртпей суретіме фондағы…


Тақтырмаспын бойымдағы арға мін,

Шүкір еттім қолымдағы барға мың.

Туралығын айтамын деп ренжітсем,

«Характерім» осы менің, талғамым…


Кім жақтырар бөспе мінез, мыжыңды,

Деп жүрмегін іштей кейіп «ту, жынды».

Осыменен аяқтайын, тоқтайын,

Қызғандырып алмай тұрып «мужымды».


23. Бақыт таңы

Бүгінгі бал күнім- бақыттың нышаны,

Көгімде Күн күліп, өбектеп қарады.

Қолымнан белгісіз күш келіп қысады,

Білмедім қай жаққа жетектеп барады…


Шабыттың бұйырса төрінен бір орын,

Тоқтамай жазармын ал, сосын өлеңді.

Халқыма сыйлар ем содан соң жыр- өрім,

Жүрекке жетердей жағымды, көлемді…


Сағым боп кетпесін дәл осы шақтарым,

Жүргенім жақсы ғой мәз болып осыған.

Жанына жақынын қияды жатқа кім,

Оны ойлап, тағы да ойымнан шошынам…


Көзімнен көрдің бе, бір мұңды әлдебір,

Жо- жо- жоқ, ойлама бақытсыз деп мені.

Жүрегім қуанып, бақытты хәлде жүр,

Демек, бір Алланың сыйы кеп жеткені…


Жабығып, қамығып жүруді ұмытқам,

Кездерім молаяр шаттанып, қуанған.

Мен үшін тек енді атады күліп таң,

Жыр жазып ендігі жүрмеймін жыланған…


Сол үшін өзгеріс әкелдім ойланбай,

Басайын, жә, жетер, жүректі бұлқынған.

Көңілсіз өлеңнен біржола тойғандай,

Қаламды лақтырып тастадым мұң тұнған…


24. Ақын ойы

Жаңылдым ба, сірә, мен есебімнен,

Бүгінгі күн тым ауыр кешегімнен.

Көз іліне бастаса түнде осылай,

Шошып, тұрып кетемін төсегімнен…


Қара түннің пердесін ашып тағы,

Көңілім тұр алаңдап, жасып хәлі.

Жарқ етті де, бір жұлдыз әні сөнді,

Әлдекімнің кеткендей қашып бағы.


Суық самал тоңдырып өне бойды,

Кенеттен бір қара бұлт төне қойды.

Тырс- тырс етіп жауынның

..ақ тамшысы,

Ұрлады кеп мендегі «өлең- ойды».


Сиқыр сезім арбайды кейде мені,

Көк теңізге батырады ой- кемені.

Нені танып- біліп мен осы күні,

Нені ұға алмадым, ә, кейде нені?


Қара шашын таранып қара түнім,

Дегендей, «мен келдім, ал, ақыным».

Кеш қарайса, мөлдір мұң тұсап алып,

Әдетім ғой, мұңға батып қалатыным.


Көзді жұмсам, не сезіп, не көремін,

Жанға жақын бұл күнде тек өлеңім.

Мейлі бақсыз, бақытсыз боп өтейін,

Өлсем, бірақ «өлеңім» деп өлемін…


Эльмира Сәрсенбайқызы


25. Кек аламын

Өткен күннің елесін ұмыт қылып,

Бәрі Алланың сынағы деп аламын.

Кімнің кім екендігін шын ұқтырып,

Бір сәтте өзіме өзім кеп аламын.

Күндеген күншілімді қызықтырып,

Бақыттан бағыма гүл еге аламын.

Мені жылатқандарды тізіп тұрып,

Бір күні бәрінен де КЕК аламын…


26. Қайтесіз?

Қайтесіз, мұңымды есіп жырымдағы,

Күй осы менде бүгін… бұрын- дағы.

Жанардан жас құрғамай жүруші едім,

Мен бейбақ бір «бейбаққа» ұрынғалы…


Жарқырап Күн тұрса да, Ай жымиып,

Басыма бақ сыйлады қай күн үйіп?

Шемен боп қатқан іште шерге айналды,

Кеудемді кері тартқан қайғым ұйып…


Қайтесіз, мендік жайдың толған мұңын,

Бүлдірген бәрін өзім қолдан бүгін.

Жақынның қиянатын көрсем, демек,

Соншалық менің «әлсіз» болғандығым…


Мазасыз күй кештірдім сізге де мен,

Жүргем жоқ, табамын деп өзгеден ем.

Опасыз мынау жалған дүниеден,

Дәл сіздей жарқын бейне іздеген ем…


Пейілі дархан, ғажап жансыз, бөлек,

Сіз жайлы маған мәлім сансыз дерек.

Күнде бір ойға алып, қалам қолға,

Жырлата жүретұғын ӘНСІЗ… демек…


Жасымай, күліп келем, сіз жанымда,

Көңілімді көтересіз… бұзғанымда.

Өзіңіз барда- мынау әлем жарық,

Тағдырдың сезбеймін ызғарын да…


Эльмира Сәрсенбайқызы


27. Сен болмасаң…

Жаралған жансың гүлім, сағым нұрдан,

Сен үшін деуші едің ғой, жаным құрбан.

Ешкімге иілмеген бұл жүректі,

Нендей күш еді өзіңе бағындырған???


Салқынын сезіп мынау сұм жалғанның,

Бақ іздеп жүріп талай мұңға алдандым.

Ешкімге кесірі жоқ ойларымды,

Шырмауға түсіріп ап құлға алған кім?


Бақыттың сыйлап тұрып бал шырынын,

«Кетпеші» демеп пе едің, «қалшы, күнім»?

Ешкімге сездірмеген қайтсем екен,

Кеудемде қалып қойған тамшы мұңын?


Көздерің айтып тұр ғой, бар шындықты,

Сезбейді дейсің, қырсық жансың, тіпті.

Ешкімге дәл осылай ренжімеп ем,

Бізде енді, – дедің, – достық қалсын, бітті.


Не айтар дейсің, мұндай жағдайда адам,

Мен үшін орның бөлек, бар ғой, бағаң!

Ешкімде бола алмаған өжеттік пен,

Тек бізде ғана еді ғой, балдай қадам???


Жұлдызым да деуші ең ғой, Айым дара,

Бағалым

Подняться наверх