Оқу құралында орта ғасырлардағы əлемдік өркениеттің ең ірі ошақтарының бірі болып табылатын Қытай мен Үндістан тарихы қарастырылған.
Дəлірек айтқанда, бұл мемлекеттердің жоғарыда алып отырған кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жолдары басқа аймақтармен салыстыра отырып сипатталған. Сонымен қатар бұл елдердің саяси тарихына, қолөнері мен ауылшаруашылығына, басқа елдермен, соның ішінде Батыс Еуропа елдерімен жүргізген сауда қатынастарына терең көңіл бөлінген. Бұл мəселелер əрине, əртүрлі жазба деректерге сүйене отырып зерделенген.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындары, тарих факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне арналған.
Оглавление
Гүлжан Беделова. Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы
АЛҒЫ СӨЗ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. БАТЫС ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ. ШЫҒЫС ЖАЙЫНДА
ІІ БӨЛІМ. ХІІІ-XIV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ
1-тақырып. Қытайдың саяси, дипломатиялық жағдайы
2-тақырып. Қытайдағы дін мәселесі
3-тақырып. ХІІІ-XIV ғасырлардағы Қытай қалалары
4-тақырып. Сауда ісі
5-тақырып. Қолөнердің дамуы
ІІІ БӨЛІМ. ХІІІ-XIV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАН
6-тақырып. Үндістанның саяси жағдайы
7-тақырып. ХІІІ-XIV ғасырлардағы Үндістан қалалары
8-тақырып. Үндістанның ауылшаруашылық жағдайы
9-тақырып. Үндістандағы сауда ісі
Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР
СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) сұрақтары:
Реферат тақырыптары
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Отрывок из книги
Шығыс тарихы Еуропа тарихына қарағанда жалпы алғанда кеңірек, көп қисынды, ауқымды болып келеді. Өркениеттің шығыстық түрі өзінің қалыптасуын сонау ежелден алады, сонымен қатар бұл өркениеттердің көріністері жүздеген жылдар бойына сақталып отырды, тіпті, ортағасырлық Еуропада да байқалды және қазіргі уақытқа дейін кейбір халықтардың тарихы мен мәдениетінде кездеседі.
Үнді және Қытай өркениеті ежелгі уақыттан орта ғасырларға қоғамдық, мәдени және мемлекеттік негіздері ыдырамай, жаһандық трансформацияларға ұшырамай жеңіл өтті. Ортағасырлық Үндістан мен Қытай әлі де болса ежелгі уақыттағы бет-әлпетін сақтап қалды, дегенмен, өзгерістер әрине болды, көбіне бұл өзгерістер сыртқы саяси факторлармен байланысты еді.
.....
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылымда Марко Поло «Кітабының» үш нұсқасы ғана қабылданды, ерте француздық XIII ғасырдың аяғы Рустичано мәтін, түзетіліп шығарылған француздық XIV ғасырдың басы Тьебо де Сепой (Потье басып шығарған) және италияндық XVI ғасырдағы Рамузио. Ескі француз тілінде Рустичано жазған Марко Поло "Кітабының" қолжазбасы Париж Ұлттық кітапханасында сақталады. Ол ең алғаш рет 1824 жылы Париж жағрафиялық қоғамымен жарыққа шыққан. Бұл француз тіліндегі мәтін Италиядан тыс жерлерде және оның ішінде де бірнеше қолдан өткен болу керек. XIV ғасырдың соңғы ширегінде ортағасырлық саяхаттар мен жағрафиялық білімнің көптеген құнды көшірмесін жасаған, Сан-Бертен монастрінің аббаты Ипрдан шыққан Жан немесе Жан Лонга, Марко Полоның Шығысқа саяхаты жөнінде айтқан. «Мессер Марко» туралы мәліметтер бере отырып ол: «Осыдан кейін ол француз тілінде, барлық істер жөнінде кітап жасаған, бұл керемет заттар туралы кітап басқалармен бірге бізде де бар», – дейді.
Сонымен қатар бұл француз тіліндегі басылым И.П. Минаев аударған, В.В. Бартольд редакциясындағы «Кітаптың» орыс тіліндегі аудармасының негізінде жатыр. В.В. Бартольд ойынша, аудармашы Рустичано нұсқасына дұрыс тоқталған. Ал редактордың өзі, қосымша, Марко Поло «Кітабының» атақты пікір жазушысы Генри Юлға жүгінеді.