Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім
Автор книги: id книги: 803795     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 175 руб.     (1,9$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2014 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралында 1945–2012 жылдары Азия мен Африка елдерінде орын алған тарихи оқиғалар мен осы оқиғалардың басы-қасында болған тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметі ашып көрсетілген. Авторлар басты назарды Азия мен Африка елдерінде капиталистік құрылыстың орнауы мен бекінуі және отаршылдық басқарудың формалары мен тәсілдеріне аударған. Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына арналған.

Оглавление

Рыскелді Мырзабекова. Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім

АЛҒЫ СӨЗ

КІРІСПЕ

XX ҒАСЫРДЫҢ 40 ЖЫЛДАРЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ

§ 1. Жапония

§ 2. Оңтүстік Корея

§ 3. Солтүстік Корея

§ 4. Қытай

ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ

§ 1. Вьетнам

§ 2. Индонезия

§ 3. Үндістан

§ 4. Пакистан

§ 5. Түрік Республикасы

§ 6. Иран Ислам Республикасы

§ 7. Ауғанстан

§ 8. Ирак

§ 9. Сирия

§ 10. Ливан

§ 11. Египет Араб Рес публикасы

§ 12. Судан

§ 13. Ливия

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Отрывок из книги

Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді. Оларда өндірілген ауылшаруашылығы өнімдері метрополиялардың нарықтарында өтімді тауар болды. Тропикалық жемістер, шай, кофе, қант және басқа да азық-түліктерді тұтыну көлемі жағынан Еуропаның отарлық елдері әлемдегі алдыңғы орындарды иемденді. Ал өз кезегінде отарлар метрополиялардан әкелінген өндірістік тауарларды тұтынатын өтім нарқына айналды. Отарлық алпауыт мемлекеттер қарқынды түрде өз иеліктерінің табиғи минералдық шикізат көздерін игеруге кірісе бастады. Бұндай процесс сол заманғы технологиялар мен банктік және өндірістік капиталдың отарлық иеліктерге орныға бастауына алып келді. Отарлық иеліктерде табиғи-минералдық шикізат пен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар құрыла бастады. Аталмыш салаларды қаржыландыру метрополиялардың сыртқы экономикалық қызметінің басты бағыттарының біріне айналды. Мемлекеттік және жеке капиталдың ағымын әртүрлі деңгейдегі банкілер реттей бастады. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру барысында метрополиялар өз отарлық иеліктерін басқарудың жаңа жүйелерін жетілдіре түсті. Отарлық территориялар мен жергілікті халықтардың құқықтық жағдайларын шектейтін қатаң заңдар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы отарлық иеліктерді метрополияға экономикалық және саяси-мәдени жағынан мықтап матастыруына алып келді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең тарихта әлемдік отарлық жүйе негізінің әлсіреуімен сипатталады. Еуропалық алпауыт мемлекеттердің отарлық иеліктерінде ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды.Ұлттық сананың оянуына себеп болған факторлар ретінде соғыс жылдарындағы отарлардың метрополиялар үшін экономикалық, саяси және әскери маңызының артуын атап өтуге болады. Мысалы, Германиядан жеңіліс тапқан Франция қарсыласуын өзінің Солтүстік Африкадағы отарларына ойыстырды. Ал Англия Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Африкадағы өзіне тиесілі отарлар мен доминиондарын Германия мен оның одақтастарына қарсы күреске жұмылдыра білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаздар ретінде шыққан Англия мен Франция үшін отарлар сарқылмас экономикалық күш-қуат көзі болуымен қатар әскери-саяси маңызы бар территориялар болды. Соғыс кезінде метрополиялар тарапынан отарларға ерекше мән берілу өз кезегінде бұл территорияларда ұлттық сананың қалыптасып дамуына үлкен әсерін тигізді. Атап айтқанда, отарлардан әскер құрамына адамдар алынып қоймай, әскери тапсырысты орындайтын кәсіпорындарға қажетті орта білімі бар мамандарды жергілікті жерде дайындау тәжірибесі кеңінен қолданыла бастады. Бұндай шараларды жүзеге асыру ғасырлар бойы отарларды қатаң басқарып келген әдістерді біршама жұмсартуға өз себін тигізді. Яғни, отар халықтар бірқатар әлеуметтік және экономикалық құқықтарға ие болды. Бұл құқықтар шектеулі болғанымен, саяси құқықтар мен бостандыққа алып келетін қиындығы мен тауқыметі көп сара жолда жасалған алғашқы қадам болды. Тәуелсіздік пен бостандық жолындағы үздіксіз қозғалыстың нәтижесінде отар халықтардың арасында тәуелсіздік пен еркіндікке жетуді мақсат тұтқан саяси күштерге айналуға қабілеті бар белгілі бір деңгейдегі ұйымдар пайда бола бастады.

.....

Сыртқы саясатта ким дэ Чжунның қол жеткізген алғашқы табыстарының бірі кхдР-ға қатысты «күннің жылуы» саясатын жариялауы болды. Сондай-ақ ол корей түбегіндегі мәселелерді реттеуге Ресейдің қатысуын қолдады. 2000 жылдың 13 маусымында ким дэ Чжунның Солтүстік кореяның басшысы ким Чен Ирмен кездесуі болды.

Оңтүстік кореяда 2003 жылға қарай дағдарысты біртіндеп жеңудің көріністері байқалды. Бұған корей үкіметінің Әлемдік Валюта Қорымен (ӘВҚ) жасаған келісімдерін орындауы және елде басталған реформаларды табанды түрде жалғастыра беруі мен сыртқы қарыздарды реструктуризациялау үшін несие-беруші банктермен табысты келіссөздер жүргізуі болды. Жүзеге асырылған осындай қажырлы шаралардың арқасында 2003 жылдың соңына таман Оңтүстік корея экономикасы біртіндеп көтеріле бастады. Бағасы қымбат емес, бірақ сапасы жақсы корей тауарларының әлемдік нарыққа көптеп шығарыла бастауы, ел ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде экономиканың жандана түсуіне әсер етті. Елдің ұлттық жиынтық өнімі өсе түсті. 2004 жылы өсімі 5,3 % жоспарланған, ҰЖӨ 6 % құрады. Бірақ 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы ел экономикасын тағы да ауыр жағдайда қалдырды.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім
Подняться наверх