Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)

Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Автор книги: id книги: 803702     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 200 руб.     (1,99$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-1270-5 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)  атты оқу құралы 5В020300–«Тарих» мамандығы бойынша жоғары оқу орны тарих факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына арналған. Оқу құралы кредиттік оқу технология бағдарламасына сай жасалып,  халықтардың Ұлы қоныс аудару процесі барысында Азиядан Еуропаға көшкен түркі тайпаларының мигрциялары, өзге халықтармен қатынасы, мәдени және саяси қақтығыстары, Авар қағанатының құрылуының алғы шарты, дамуы мен құлауы мәселелері қамтылды.

Оглавление

Қ. Жұмағұлов. Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)

АЛҒЫ СӨЗ

І бөлім. АВАР ҚАҒАНАТЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

1-тақырып. Авар қағанатының тарихы жөнінде Еуропа жазба деректері

2-тақырып. Аварлардың этногенезі мен атауының қалыптасу мәселелері

3-тақырып. Авар қоғамындағы әлеуметтік-әкімшілік басқару жүйесі

ІІ бөлім. АВАР ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕУРОПАҒА ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ

4-тақырып. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың орнауы

5-тақырып. VІ ғ. Византия империясы мен Түрік қағандығы арасындағы қатынастың барысы

6-тақырып. Авар тарихында Баян қағанның рөлі

7-тақырып. Авар-славян қатынастарының барысы

8-тақырып. Аварлардың Паноннияны иеленуі

ІІІ бөлім. АВАР ҮСТЕМДІГІНІҢ САЯСИ ӘЛСІРЕУ КЕЗЕҢІ (VІІІ ғ.)

9-тақырып. Ұлы Карл бастаған Франк империясының аварларға қарсы соғыстары, қағанаттың құлауы

10-тақырып. Аварлардың әскери өнері мен мәдениеті

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

Қосымша

Реферат тақырыптары

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Отрывок из книги

VІ-VІІІ ғасырлардағы Авар қағанатының тарихы ортағасырлық Еуропа тарихымен, дәлірек айтқанда, Византия империясы, франк корольдігі мен славян және тағы да басқа тайпалық бірлестіктердің саяси тарихымен байланысты болғандықтан, жазба деректер қатары да осы мемлекеттердің тарихи шығармаларында көп кездеседі. Сондықтан авар тарихына қатысты негізгі дерек көздері жазба деректер болып есептелінеді. Авар мәселесіне қатысты жазба деректер мен жылнама жинақтарын әр елдің тарихынан жинастыратын болғандықтан, деректану пәнінің классификациясына сәйкес оны ішінара бірнеше топқа бөліп қарстырған жөн.

Жазба деректердің бірінші тобын антика авторлары шығармаларынан бастағанымыз жөн.

.....

Авар қағанаты Анахуань (Анағұй) қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анахуань өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады.

Таққа Қара-Еске, Бумынның інісі отырғаннан кейін оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында жужандарды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған (Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты – Ианту. Мұның бәрі 552-554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады. Бұл жылдары түркілердің батыста жасаған соғыс жорықтары күшті бола түседі. Оларды Бумынның басқа бір інісі Істеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары батысқа жасаған жорықтардың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайлақ» деп атап өзін қағанмын (Шисин було қаған) деп жариялайды. Бұл – өте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық әскери ұйымның шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара – Териш қаған (Шаболо Дилиши) өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі. Әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамның қарамағында болады. Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп «он жебе» деген ат шығады. Тайпалық әскери сандық ондық дәстүр тілді тайпаларында VІ ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленді.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Подняться наверх