1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор книги: id книги: 803613     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 190 руб.     (1,85$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: История Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2011 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9965-29-641-3 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Үш тараудан тұратын зерттеу еңбекте Қазақстанның өткен ғасырдың 20-, 30-жылдарындағы тарихи-демографиялық жəне тарихи-географиялық хал-ахуалы кеңінен қарастырылған. Сол кезеңдерде жүргізілген халық санақтарына барынша талдау жасалынған. Нақты айтқанда, Республика халқының саны, əкімшілік-аумақтық тұрғыдан орналасуы, ұлттық құрылымындағы өзгерістер, адамдардың өсімі мен шығыны, жыныс құрамы, сауаттылығы, сондай-ақ əлеуметтік беталыс – ұжымдастыру, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық тың деректермен қайта сараланылған. Еңбек тарихшылар мен демографтарға, Отан тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Оглавление

К. А. Саркенова. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

КІРІСПЕ

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ

1.1. Қазақ АКСР: құрылуы, аумағы, әкімшілік бөлінісі

1.2. Халықтың саны, орналасуы, жас/жыныс құрамы

1.3. Халықтың сауаттылығы

1.4. 1926 жылғы санақ: әкімшілік-аумақтық бөлудегі, халықтың санындағы, орналасуындағы және ұлттық құрамындағы болған өзгерістер

1.5. 1926 – 1936 жылдардағы халықты ағымдық есепке алу жүйесі

1.6. Қазақстан халқының ұжымдастыру кезіндегі шығыны

2-тарау. 1937 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ЖӘНЕ 1939 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ

1939 жылғы санақ

3-тарау. 30-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІ

ҚОРЫТЫНДЫ

НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР

Қосымшалар

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Отрывок из книги

1920 жылдың 28 тамызында халық санағы жүргізілді. Азамат соғысына байланысты халықтың 30 %-ы бұл санаққа кірмеді, шет аймақтың халқының саны 1917 жылға дейінгі деректер негізінде алынды. Санақта карточка жүйесі қолданылды. Қала халқы үшін үш формуляр пайдаланылды: 1) меншік түрін анықтауға арналған аула телімдері ведомосі; 2) тұрғын үй пәтерлері туралы пәтер картасы); 3) әрбір тұрғынға арналған жеке парақ. Селолық жерлерде жеке парақтармен қатар әрбір шаруашылықтың иегеріне (аулаға) бір жолдан берілген жергілікті бланкілер толтырылды.

Бұл санақтың тұрақты халық туралы мағлұмат беретін негізгі формуляры жеке парақ болды. Ол сол санақ жүргізілген күнгі шаруашылықтағы әрбір адамға арналып құрастырылды.

.....

«Батыс еуропалық топқа» (поляктар мен немістерден басқа) Батыс Еуропаның көптеген өкілдері: латыштар (492 адам), литвалықтар (185 адам), эстондар (160 адам), мадьярлар (137 адам), чехтар мен словактар (117 адам) кірді. Орта Азия халықтары өкілдерінен сарттарды (876 адам), бұқарлықтарды (415 адам) атауға болады. Соңғы «басқа ұлт өкілдері тобына» 20 халық өкілі мен санақ кезінде ұлты белгісіз болған 200 адам жатты. «Басқа ұлт өкілдері» ішінен саны жағынан башқұрттар (393 адам), сығандар (264 адам), чуваштар (112 адам), қытайлар (121 адам), парсылар (82 адам), түріктер (59 адам), кәрістер (52 адам) болды. Қалған ұлт өкілдері бірлі-жарымды (оның ішінде египеттік феллагтар да кездесті)117 құрады.

Санақ материалдары бойынша Қазақ АКСР-інде қала халқы ішінде қазақтардың үлесі өте аз (8,8 %). Бірақ қазақтардың үлесі әр губернияларда әртүрлі болды. Қостанай мен Орынборда 1,7 %-дан 1,1 %-ға дейін төмен, Семейде – 15 %-ға, Бөкейде – 35,7 %-ға, Торғайда – 57,2 %, ал Адай уезінде, тіпті, одан да жоғары болса, ал Ақтөбе, Ақмола, Орал губернияларында қазақтардың үлесі орташаға жақындады.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Подняться наверх