Читать книгу Сөнбеген жалын - - Страница 2

Алғы сөз

Оглавление

«Махахаббат – екінші рет дүниеге келу». Сол себепті ғашық болған адам бала секілді. Айтылған сөз құлағынан ағып кетеді. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезімдердің бірі. «Махаббаттан құдіретті дін жоқ», – деп бекер айтпаса керекті.

Адамдар дүниеге келеді, жүреді-жүреді, соңында қайтыс болады. Бәрі де бірсарынды. Тек айырмашылық – жүрегінде. Жүрегі махаббатқа толы жанның ғұмыры мағыналы болады, оның қуанышы қойнына сыймайды. Барлығының да бастамасы махаббат болып табылады. Ол – сезім оты. Оған күйесің, жанасың, тіпті өртенесің. Ғашық болған адам сүйген кісіден басқа ешкімді ойламайды. Күндіз де, түнде де көз жанарын ілмей ғашығын ғана ойлайды. МАХАББАТ. Бар жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін бәрі біле бермейді. Бұл – жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күш. Бал арасы гүлдің ең әдемісіне, ең тәттісіне қонғандай, махаббат та жан дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады. Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Біреулер ойлайды: үріп ауызға салғандай қызды көріп, оны ұнатса болды, мен ғашық болып қалдым, махаббат деген осы екен деп! Бірақ та шынайы махаббаттың оянуы оңай емес. Махаббат деген әртүрлі болады. Сүйіктісіне, ата-анасына, Отанға, кейбір жансыз заттарға деген сүйіспеншілік… Біз бәріміз біреуді немесе бір нәрсені жақсы көреміз, ол солай болған және де солай болып қала бермек. Ғашық жанның жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Ол махаббат дертінен зардап шегеді. Көзі тұманданып, соқыр болады, есінен айырылады. Ондай адамда шыдам болмайды, ал егер де шыдамы бар болса, ол ғашық та болмайды.

Жаныңызды өзге түгіл өзіңіз түсініп білмейтін күйге бөлейтін жағдайды басыңыздан өткіздіңіз бе? Әрине өткіздіңіз, себебі ешбір жанды айналып кетпей, жүрегіңізге келіп, мәңгі орнығатын ол махаббат деген ұлы күш. Ақындарға өлең жаздыратын, содан соң олардың жүректерін тоздыратын, компазиторларға шабыт беретін, ал біздерге бірде қуаныш, бірде мұң сыйлайтын махаббат емес пе? Махаббатты ешкім де қолмен ұстап көрген емес, бірақ ол кімнің болсын да жүрегінде. Мәңгі ескірмейтін, мәңгі өлмейтін махаббат қайдасың?

«Махаббаттың қиындығы мол. Ғашық болдың ба, зардабына да дайын бол?!» (Шарипов Бекзат)

Сөнбеген жалын

Подняться наверх