Читать книгу Сөнбеген жалын - - Страница 3

1 Бөлім

Оглавление

Қыс. Бұл мезгіл ашулы мінезімен, сықырлаған аязымен, кіршіксіз аппақ қарымен ерекше. Міне, таңның сазы да біліне бастады. Ауа-райы болса күннен күнге дейін суытып барады. Даладағы аяздың қаҺарына төтеп беру мүмкін емес. Желдің ығына да қарсы шыға алмассың. Қара жердің бетін басқан аққұба ару секілді үлпүлдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Түс ауа күннің көзі әлсің-әлсің болса да, арайлы сарғылт жүзін әлемге көрсете бастады. Жел де саябырсыды.

Осы кезде Бекарыс дүние есігін ашты. Ол Жанболат пен Айнагүлдің баласы еді. Жанболат ұзын бойлы, қара торы келген, ірі денелі адам. Ал Айнагүл орта бойлы, үріп ауызға салғандай келбетті еді. Оның мөлдіреген көздері түнде жарық беретін жұлдыздар секілді, тұла бойы шыбықтай келген, еріндері шиедей болған.

Әкесі баласының қақап тұрған суықта емес, сәл болса да жылынып тұрған мезгілде туғаның жақсылыққа жорыды. «Жолы болғыш бала екен», – деді Жанболат.

…Арада бір жыл өтті. Айнагүл о дүниелік болды. Әрине, Бекарыс үшін бұл тансық нәрсе еді. Ол анасының омырауынан шығып үлгерген. Бірақ бала шешесінің жоқтығын сезеді ме, көп жылай береді?! «Қиыңдыққа мойымаймын», – деген Жанболат бар күшін жинап алды. Тағдырға өз мінезін көрсете білді. Өзі де анасынан ерте айырылған еді, анасыз өмір сүрудің не екенің жақсы біледі.

…Енді міне Бекарыс мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қасында анасының жоқтығын біледі. Іші алай-дүлей болса да, сыртқа оны көрсетпейді. Жанболат барынша Айнагүлді жоқтатпауға тырысып жүр. Дегенмен бала үшін шешенің орны бөлек. «Әкесіз жетім – пұл жетім, Анасыз жетім – тұл жетім», – деп халық бекер айтпаған.

Күз. Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Жерге алтын кілем төселгендей. Осы бір құбылмалы айда білім күні басталады. Бекарыс та мектепке келді. Жан тәні қайғы-қасіретке толы болса да, бар назарын оқуға аударуға тырысады. Анасынан ерте айырылған бала өзгелерден мінезімен де, тапқырлығымен де ерекшеленді.

Бір күні Бекарыс үйге жылап оралды. Бұл кезде әкесі үйде еді. Баласының көз жасын көріп:

– Не болып қалды?, – деді әкесі.

– Ештеңе, – деп жауап қатты баласы. Бірақ іштей барлығын айтқысы келіп тұр. Оны әкесі де сезіп тұрғандай, баласына телміріп қадала қалды. Біраз уақыттан кейін Бекарыс қайта тіл қатты.

– Әке, – деді, сәл кідіріп, көз жасын сүртіп алды. —Бізге тапсырма берілді. Әкесі мен баласы сөйлескенде бір-бірінің сөзін бөлмейтін. Тіпті қазір де бұл үрдіс сақталып қалды. -«Менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу керек. Жанболат баласын бірден құшағына алды. Бірақ не дерін білмеді. Сәлден кейін баласының көзіне тура қарап, күлімсіреп тұрды. Бекарыс әкесінің бұл қылығын түсіне алмады. Содан кейін Жанболат:

– Сенің отбасын бар. Бұл шығарманы бірге жазамыз. Бес деген баға аласын. Осыдан көрде тұр, – деді.

– Барлығы аналары туралы көп нәрсе жазады. Ал мен не жаза аламын? Тіпті анамның бейнесін де білмеймін.

– Ол үшін қапа болма. Айнагүлдің қандай болғаның білемін-ғой. Басқа балаларға қарағанда көп сөз жазасын. Сонда осыған бола жыладың ба?

– Иә. Не істерімді білмедім. Аз сөз жазып, төмен баға алып қаламын деп ойладым.

– Барлық қиыңдықтан өтесің. Саған арқау боламын. Бұны естен шығарма. Енді бұндай түймедей нәрсеге бола жылаушы болма. Түсіндің бе, балам?

– Түсіндім, әке, – деді Бекарыс.

Келесі күні Бекарыс мектептен күлімсіреп оралды. Жазған шығармасы үшін бес алды. Бірден әкесін құшақтады.

– Рахмет саған, әке, – деді.

– Сенің күлімдеп жүргенің мен үшін үлкен бақыт.

– Маған барлығы қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Мұғалім де таңғалды. Шығарманы сенімен бірге жазғанымды айттым. «Ендеше әкене де бес қояйық», – деді Жанар Мұратқызы. Сен де бес алдың, әке.

– Өте қуаныштымын, балам. Бізді алда әлі көптеген жеңістер күтіп тұр.

Сөнбеген жалын

Подняться наверх