Читать книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова - Страница 3

1. Сыртқы тауар және капитал айналымында тепе-теңдікке жетудің теориялық мәселелері

Оглавление

Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары 1929-1933 жылдардағы Ұлы экономикалық депрессия кезінен бері экономикалық теорияның басты мәселесі болып келеді.

Экономикадағы тұрақтылық оның сыртқы және ішкі сектоларында тауар, қызмет көрсету және капитал айналымының тепе-теңдікте жүруіне әсер етеді.

Тепе-теңдік жағдайындағы айырбас пропорциясы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізу арқылы жасалынады және де нарыққа қатысушылардың бірде-біреуі өзінің жоспарланған сатып алу және сату көлемін өзгертуге мүдделі емес.

Л. Вальрас моделі тұңғыш макроэкономикалық тепе-теңдік моделі болып табылады. Оның моделі барлық рыноктарда толықтай тепе-теңдікті қамтамасыз етіп тұратын тепе-тең баға негізінде құрылған. Вальрас моделінен келіп шығатын аса маңызды қорытынды – егер экономикада өзара байланысты нарықтардан тұратын тепе-теңдік n – 1 нарақтары арқылы қол жеткізілсе, бұл тепе-теңдік басқа n-шi нарығында да автоматты түрде орнайтын болады.

1847 жылы жарық көрген Вальрастың «Таза экономика әлементтері» атты еңбегінде көрсетілген ережеге сәйкес елдегі импорт құны экспорт құнына және шетелге сатылған таза активтер мен олардан түскен пайыздық үстемелерге тең болады:

JM = X+NA+NR (1)

мұндағы, JM – импорт; Х – экспорт;

NA – таза актив сатылымдары (шетелдіктерге сатылған активтер құны мен олардан сатып алынған активтер құнының арасындағы айырма);

NR – таза пайыздық төлемдер (шетелден сатып алынған капиталдың пайыздық құны мен шетелдіктерге төленген пайыздық құн арасындағы айырым қалдық).

Қандай формада болмасын активтерді сату (жекеменшік құқық, құнды қағаздар, алтын және басқа) елге капитал ағынын әкеледі. Ал пайыздық төлемдер дегеніміз бұрын алған капиталды пайдаланғаны үшін төленетін ақы. Салық – бүгінгі төлемдер. Соған сәйкес, таза мезгілдік активтер сатылымы неғұрлым жоғары болса (NA) болашақта алынатын таза пайыздық үстемелер соғұрлым төмен болады (NR).

1 теңдеуін құрастыра отырып, 2 теңдеуге келеміз. Теңдеудің сол жағы – капитал саудасы ретінде қарастырылатын ағымдағы тауарлар мен қызметтер балансы және капиталға төленетін таза пайыздық төлемдер, ал оң жағы – капитал қозғалысының балансы.

JM – X – NR = NA (2)

Сөйтіп, Вальрас ережесіне сәйкес тауар және қызмет сатылымдарының баланстары қарама-қарсы капитал қозғалысы балансы заңына сай болуы шарт. Егер мұндай тепе-теңдік болмаса, онда қалатын қалдық қателік деп аталады.

Капитал мен шетелдік инвестиция тарту қажеттілігіне байланысты Вальрас теориясы капитал өндірістік факторларының бірі болып табылады деген қағидаға негізделеді. Капитал қоры негізінен тауар шығаруға (жұмыс күші, қызмет түрлері) жұмсалуы тиіс. Өндірістің кәсіби ерекшеліктері мен жетістіктеріне байланысты, мемлекеттердің өзіндік мамандану ерекшелікте-ріне қарай тауар өндірісінің тиімділігі салыстырмалы түрде бір елдерде жоғары, екінші елдерде төмен болады.

Халықаралық капитал және еңбек бөлісі тек елдердің материалдық қорына ғана байланысты емес, тарихи дәстүрлеріне, өндірістік тәжірибелеріне және тауар өндірісі мен нарықтық механизмдеріне, сондай-ақ ақша және басқа да қаржы қорларына сәйкес айқындалады. Жеткілікті қор жинағы (ақша формасындағы капитал) инвестиция тартуға және өндірісті жетілдіруге, кеңейтуге арналған ең басты алғышарттардың бірі болып табылады.

Бір елдерде артық капитал қоры жинақталуы, ал екінші бір елдерде капитал тапшылығы орын алуы мүмкін, соған сәйкес кейбір елдердің капитал көздерін іздеуі және шетелден капитал тарту жолдарын қарастыруы қажет болса, келесі елдер капиталын өсіру мақсатыңда тиімді өндіріс орындарын ұнымдастыруы керек.

Осыған байланысты бір елдерде шетелдік капитал ағыны пайда болады да, екіншілері өздеріне неғұрлым тиімді капитал салу жолдарын іздейді. Капиталды қарыз немесе несие түрінде алуға болады. Бірақ оны уақыты келгенде пайыздық үстемемен қайтару қажет.

Сонымен қатар өндіріске капиталды инвестиция ретінде тартуға болады, ал ондай капиталды қайтарудың қажеті жоқ. Инвесторлар тауарды сатқаннан кейін табыс табады (капиталды қайтару формасы) және мемлекетке салық ретінде пайда келтіреді (мемлекеттің таза табысының формасы).

Егерде мемлекеттің нарықтық және инфроқұрылымдық жүйелері дамымаған болса, онда мұндай мемлекеттердің территориясына шетелдік капитал тарту қиынға соғады. Себебі инвесторлар өз елімен салыстырғанда пайданы аз шығынмен алуға бел байлайды. Сондықтан ең жақсы немесе тең шарттар келісімі бойынша салуға тырысады.

Шетелдік инвесторлар өз қаражатын шетелге шығарар алдында капитал салымының тиімділігінің көрсеткіштеріне сүйенеді. Сол сияқты ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияны қабылдау мәселелері салынатын қаржының тиімділігі мен капитал алушы елдің мүддесі тұрғысынан айқындалады.

Инвестицияны жүзеге асыру кезінде байлықа деген сұраныс артады, ал игілік ұсынысы біраз уақыттан кейін, салынған инвестиция өңдірістің дамуына ықпал еткен кезден бастап пайда болады.

Аталмыш пайымдауды мультипликатор құралдарының (инструменттері) көмегімен талдауға болады. Оның көрсеткіші экономиканың қандай да бір сыртқы әсерлерге сезімталдығының интегралды, сипаттамасы болып табылады.

Мультипликаторлардың түрлі типтерінің ішіндегі неғұрлым әмбебап, әрі маңыздысы – инвестиция мультипликаторы, ол әрбір инвестициялық бірлікке шаққандағы барлық ішкі өнімнің өсу дәрежесін көрсетеді. Осындай қасиеттеріне байланысты инвестиция мультипликаторы іс жүзінде экономикалық дамудың жиынтық көрсеткіші болып табылады, ол капитал салымының ең жоғары өнімділігін айқындайды.

Елдегі әлеуметтік экономикалық үдерістердің белгілі бір дәрежеде инвестицияның өсуіне ықпал ететінін ескерсек, инвестиция мультипликаторы ішкі өндірісті дамытуға байланысты экономиканың потенциалдық мүмкіндіктерін айқындайтынына көз жеткізуге болады.

Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық және импорттық операциялармен қоса сырттан капитал келтіру мен сыртқа капитал шығару операцияларын жүргізу арқылы тепе-теңдікке қол жеткізу мәселелерін классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық концепциялар түрліше түсіндіреді.

Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі классикалық концепцияның басты постулаттарына негізделеді. Классикалық мектеп принциптеріне сәйкес экономика бір-бірінен тәуелсіз екі секторға бөлінеді: ақша және шынайы экономика секторлары. Шынайы экономикада тауарлар мен қызметтердің шынайы ағынының қозғалысы жүріп жатады. Ақша экономикасында олар ақша ағындарына ешқандай әсер етпей тек қана қызмет көрсететін ақша айналымы жүріп жатады.

Бұл моделде үш нарықтың түрі қарастыралады: еңбек, капитал (құнды қағаздар) және игіліктер. Осы нарықтарда екі макроэкономикалық субъектілер өзара ынтымақтастықпен әрекет жасайды: үй шаруашылығы және кәсіпкерлер.

Классикалық коцепцияда жинақ қоры (сбережения) пайыздық ставканың функциясы болып табылады. Кірісті тұтыну мен жинақтауға бөлген кезде үй іші шаруашылықтары жинақ деңгейін негізге алады.

Пайыз ставкасының жоғарылауы жоспарланған жинақ көлемін қайта қарауға алып келеді. Тепе-теңдікті қамтамасыз ететін пайыздық ставка орнағанша оны жоғарылау жағына, ал инвестицияларды төмендеу жағына қарай жылжытады. Капитал нарығында жинақ қоры көлемінің инвестиция көлемінен асып кеткен жағдайда бос кредиттік ресурстар пайда болады, бұл пайыз ставкасының тепе-теңдік күй жағдайына дейін төмендеуіне жол ашады.

Игіліктер нарығында бейбаланстың пайда болуының әсері капитал нарығында да көрнісін табады. Капитал нарығында тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін орнатылған тұрақтандырғыш бар болғандықтан, капитал нарығындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктің қалпына келуіне алып келеді.

Классикалық модельдегі жалпы экономикалық тепе-теңдік шарттарының қалыптасуы өздігінен реттелу принципі бойынша мемлекет жағынан кірісусіз жүреді. Мұны орнатылған үш тұрақтандырғыш қамтамасыз етеді – иілімді бағалар, жалақының иілімді номиналды ставкасы және иілімді пайыз ставкасы. Және де бұл жағдайда ақша және шынайы сектор бір-біріне тәуелсіз болады.

Баға иілімділігі игіліктерге ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларына да тән болып табылады. Сондықтан да игіліктердің баға деңгейінің өзгеруі факторлардың баға деңгейінің сәйкес өзгерісін шақырады. Осылайша номиналды жалақы өзгереді, ал шынайы жалақы өзгеріссіз қалады. Бұдан шығатыны игіліктер, факторлар бағасы және бағаның ортақ деңгейі бірдей пропорциямен өлшенеді.

Алайда, экономиканың жалпы тепе-теңдігі еркін (мінсіз) бәсекелестік жағдайында тиімдірек жүзеге асырылатынын есте ұстау керек. Экономикада болатын жалпы тепе-теңдік жағдай монополизмнен тәуелсіз, бағаның сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне сәйкес тез және иілімді өзгеруі, салааралық бәсекелестік нәтижесінде капитал мен жұмыс күшінің ауысуы жағдайында сақталады. Әлбетте, бұл жағдайда экономиканың жалпы тепе-теңдігін бұзбайтын экономикалық саясаттағы және экономиканы мемлекеттік реттеудегі қателердің, әлеуметтік және табиғи сілкіністер сияқты құбылыстардың болмауы керек.

Кейінгі зерттеулер былай деп көрсетті: жалпы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласудың болмауы жағдайындағы жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.

Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы керек. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа әсер етуге қолданылуы тиіс.

Неоклассиктердің пікірінше, ақша нарығында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайды. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болуы керек. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады.

Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігін неоклассиктер ақша нарығы кепілдендіреді деп есептейді. Тұтынушылар, егер оларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, жинақтау жүргізеді және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Аталмыш пайызды жинақталған ақшаны өндірістің дамуына пайдаланатын инвестор-кәсіпкерлер төлейтін болады.

Егер де жалпы шығындар азаятын болса, нарықтық экономика, неоклассиктердің пікірінше, өндіріс пен толық жұмыспен қамтудың қажетті көлемін қамтамасыз ете алады. Егер жинақ қорының көлемі инвестициядан жоғары болатын болса, өнімге жұмсалатын жалпы шығындардың азаюы оған деген бағаның төмендеуіне алып келеді.

Өнімге сұраныстың төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қоры жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріс пен жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді.

Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмыс таба алады, яғни жұмыссыздық болмайды.

Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм (пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы) шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін толық жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікті демеп тұрады.

Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі классикалық мектеп постулаттарынан айырмасы бар принциптерден құрылған.

Кейнсиандық моделде жетекші рөлді тиімді сұраныс атқарды. Тиімді сұраныс IS–LM моделі шеңберінде құралады. Моделде барлық нарықтар өзара байланысты болады, классикалық дихотомия еңсеріледі.

1-суретте макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі кескіндеме тұрінде берілген, мұнда (Q) абцисс осінде ЖҰӨ шынайы көлемі, ал (Р) ординат осінде баға көрсетілген.


1-сурет. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі.


Кейнсиандық теорияға сәйкес жиынтық ұсыныс ирегі горизонтал (AS) тұрде болады. Жиынтық сұраныс тұрақты болмайды, ал баға мен жалақы төмендеу бағытына қарай иілімді болмайды. Және де бұл жағдайдағы жиынтық сұраныстың AD1-ден AD2-гe дейін төмендеуі баға деңгейіне көп әсер етпейді. Оның үстіне бұл жағдайдағы өндірістің шынайы көлемі Q2-ден Q1-ге дейін төмендейді және бұл деңгейде белгісіз мерзімге дейін ұзақ уақыт бойы тұруы мүмкін. Бұдан келіп шығатыны кейнсиандықтар үшін жиынтық сұраныстың өзгергіштігі және төмендеу бағытындағы бағаның иілімді болмауы жұмыссыздықтың өсуіне алып келуі және бұл көрініс нарықтық экономикада белгілі бір ұзақ мерзімге сақталуы мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды: жиынтық сұранысты реттеудің мемлекеттік макроэкономикалық саясаты қажет.

Дж. Кейнсті тұжырымына сәйкес, өндірілген тауарлар мен қызмет саны жиынтық шығындардың (немесе жиынтық сұраныстың) деңгейіне, яғни тауарлар мен қызмет тұрлеріне деген шығындарға тәуелділікте болады. Жиынтық шығындарының өте маңызды бөлігі тұтынушылық, бұны жинақ қорымен қоса алғанда қолда бар кіріске салық төлегеннен кейінгі кіріске тең болады. Бұған сәйкес, аталмыш кіріс тұтынушылықты ғана емес, сонымен бірге жинақ қорын да анықтап береді. Сонымен қатар тұтыну және жинақ қоры көлемі тұтынушылық қарыздар, капитал көлемі сияқты және т. б. факторларға тәуелді болады.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі 2-суретте бейнеленген. Абсцисс осінде шынайы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) (Q), ал ординаттар осінде – баға деңгейі көрініс береді (Р).


2-сурет. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі


AD-AS классикалық моделінен көріп тұрғанымыздай, жиынтық ұсыныс ирегі (AS) толықтай жұмыспен қамту болып тұрған кездегі шынайы ЖҰӨ өндірісінің көлемін айқындайтын вертикаль сызық тұрінде көрінеді. Баға деңгейін айқындайтын AD жиынтық сұранысы әдетте тұрақты болып тұрады. Егер де ол төмендейтін болса (кескіндемеде ADl-ден AD2-гe дейін) баға деңгейі тез құлдырайтын болады (Р1-ден Р2-ге дейін). Мұның нәтижесінде ұсыныстың уақытша көтерілуінен АВ жойылады және С нүктесінде толықтай жұмыспен қамту қалпына келтіріледі. Осыған сай егер де сұраныс төмендейтін болса, онда баға икемділігі ЖҰӨ өндірісі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің тепе-теңдік күйі жағдайын демеп тұратын рыноктік механизмнің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан да макроэкономиканы мемлекеттік реттеу қажет етілмейді деп санайды неоклассиктер.

Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделінде ақша массасы (М = kYP) жалпы ұлттық өнімге (ЖҰӨ) және бағаның ағымдағы деңгейіне пропорционалды болып келеді. Мұнда М – ақша массасы, Y – ұлттық табыс (ЖҰӨ), Р – баға деңгейі, k – ақшаның кассалық қалдық коэффициенті.

Берілген ақша массасы мен ақша айналымының жылдамдығының көрсеткіштері жағдайында баға деңгейі тек қана шынайы ұлттық табыс көрсеткіштеріне ғана байланысты болады: Р = (MV)/Y.

Сонымен бірге шынайы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) бекітілген тепе-теңдік күйінде ақша нарығы параметрлерінің өзгеруі ақшаның бейтараптығына байланысты тек қана баға деңгейінің өзгеруінде ғана көрінеді.

Жиынтық шығындардың келесі құрамдас бөлігі инвестициялар болып табылады. Олардың көлемі екі факторға тәуелді: пайыздың шынайы ставкасына және таза кіріс нормасына. Инвестицияларға жұмсалатын шығынның көлеміне негізгі капиталды сатып алу, оны пайдалану және оған қызмет көрсету, капиталдағы өзгерістер, технологиялар және басқа да уақытша факторлар әсер етеді.

Соныменен, жиынтық сұраныстың көлемін айқындайтын жоғарыда көрсетілгендей тұтынушылық пен инвестицияға жұмсалатын шығындар тұрақты болмайды. Бұл нарықтык макроэкономкада тұрақсыздық шақырады.

Дж. Кейнстің экономиканы теңгерімдеу үшін, оның тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін тиімді сұраныс болуы керек деп есептейді. Соңғысы тұтынушылық пен инвестицияларға деген шығындардан тұрады. Тиімді сұранысқа демеу жасауды осы сұраныстың өсімін инвестицияларының өсімімен байланыстыратын мультипликатордың көмегімен жүргізу керек. Және де бұл жағдайда әбір инвестиция тұтынушылық пен жинқтауға кететін жеке кіріске айналады. Нәтижесінде тиімді сұраныс әсімі бастапқы инвестициялар өсімінің көбейтілген көлемі болады.

Мультипликатор адамдардың өз кірістерінің қанша бөлігін тұтынушылыққа жұмсауына тікелей байланысты, бірақ жеке тұтынушылық кірістің өсуімен бірге өседі, алайда оны кірістен төменірек өседі деп те айтуға болады. Бұл адамдардың қор жасауға деген ұмтылысы сияқты психологиялық фактормен түсіндіріледі. Дж. Кейнстің пікірінше осы фактор жиынтық кірістегі тұтынушылық қорының төмендеуіне алып келеді.

Жиынтық кірістегі тұтыну үлесінің төмендеуін адам табиғатына тән жағдай деп есептей отыра, Дж. Кейнс инвестициялар сияқты жиынтық кіріс компонентіне демеу жасап отыру керек деп атап көрсетеді. Мемлекет жеке инвестицияларға салық, несие-ақша саясаты және мемлекеттік қаржы бөлу жолы арқылы қолдап отыруы қажет. Осы жолмен тиімді сұраныстың кемшілігі қосымша мемлекеттік сұраныспен жабылады, бұл макро-экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізуге жағдай жасайды.

Кейнс пен оның ізбасарлары жалпы экономикалық тепе-теңдікті қалыптастырудың тұрлі жағдайларын қарастырған. Кейнсиандық моделдің негізгі ерекшелігі – ондағы экономиканың шынайы және ақша секторы өзара байланыста болып қалуында. Бұл байланыс ақша сұранысының кейнсиандық түсіндіру ерекшелігінде болады, бұл ерекшелік бойынша ақша байлық болып табылады және дербес құндылыққа ие, және де пайыз ставкасының трансмиссиялық механизмі арқылы көрініс береді.

Кейнсиандық моделде игіліктер нарығы аса маңызды нарық болып табылады. «Жиынтық сұраныс – жиынтық ұсыныс» байланысындағы жетекші рөл жиынтық сұранысқа тиесілі. Бірақ та оның көлемі ақша нарығымен өзара істестік нәтижесінде өзгеретін болады.

Жалпы экономикалық тепе-теңдікті кейнсиандық моделі ішіндегі барлық нарықтар өзара байланысты болып табылатын және де сол нарықтардың біреуінде тепе-теңдік шартының өзгеруі басқа нарықтардағы тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгеруіне жәңе тұтастай алғандағы жалпы экономикалық тепе-теңдік шарттарының бұзылуына алып келетін біртұтас жүйе ретінде сипаттайды.

Егер Ү-ге қатысты айырбастың сандық теңгерімін елестетсек және осы арқылы жиынтық сұраныстың функциясын көрсетсек: Ү = (MV)/P, онда Ү=const шартын қамтамасыз ету үшін ақша массасы мен баға деңгейін бірдей пропорцияға дейін өзгерту қажеттілігі айқын болады.

Ақшаның бейтараптығы «Кембридж әсері» деген атау алған механизммен толықтай дәйектеледі. Бұл әрбір субъект өзі үшін қолма-қол ақшаның (шынайы кассалық қалдық) оптималды деңгейін жоспарлап қояды. Ақша көлемінің қандай да бомасын өзгеруін экономикалық субъектілер шынайы касса қалдықтарының оптималды көлемінің ауытқуы ретінде қабылдайды да, оның оптималды көлемін қалпына келтіруге әрекеттер жасайды.

Шынайы кассаңың өсуі жағдайында артық қолма-қол ақшаны субъектілер игіліктерге (благо) айырбастай бастайды, бұл арқылы тұтынушылық шығындар мен жиынтық сұранысты өсіреді. Ал шынайы кассаның төмендеуі жиынтық сұранысты азайтады.

Толық жұмыспен қамтылу жағдайында табиғи шығару (естественный выпуск) деңгейіне қатысты жиынтық сұраныс қатаң түрде бекітілген болады, сондықтан да жиынтық сұраныстың мүмкін болатын жалғыз реакциясы – бұл баға деңгейінің сәйкес өзгеруі ғана болуы мүмкін. Классикалық концепциядағы баға абсолютті иілімді болады, сондықтан да сұраныстың өзгерүлеріне жиынтық ұсыныс реакциясы лезде жауап береді.

Қазіргі заманғы макроэкономикаға инфляция мен жұмыссыздық тән екенін атап ескере кету керек. Баға мен жалақы динамикалық тұрде болады – төмендеуі де, жоғарылауы да мүмкін. Сондықтан да AS жиынтық ұсынысының ирегі жалпы нарықтық тепе-теңдіктің неоклассикалық және кейнсиандық моделдерінде көрсетілгендей қатаң вертикал және горизонтал жайда болмайды. AS жиынтық ұсынысының шынайы ирегі тұрлі ұдайы өрбіп отыратын өндірістік ситуациялардың үш кесіндісі болады: I горизонтал кесінді (кейнсиандық); III – вертикал кесінді (классикалық); II – жаңадан жоғарылап келе жатқан аралық сипатқа ие кесінді (3-сурет).


3-сурет. Тұрлі үдайы өндіріс жағдайларындағы жиынтық ұсыныс ирегі.


Көріп тұрғанымыздай, AS жиынтық ұсынысының өсуі жағдайында тепе-теңдік шарты жиынтық ұсыныс ирегінің қандай кесіндісінде AD жиынтық сұранысының жаңа ирегімен қиысатынына байланысты болады. Егер де AD жиынтық сұранысы горизонтал I кейнсиандық кесінді шеңберінде өзгеретін болса, онда сұраныстың өсуі жиынтық ұлттық өнімнің шынайы көлемінің өсуіне алып келеді, алайда баға деңгейін өзгертпейді. AD III классикалық кесіндіде өскенде баға көтеріледі, ал жалпы ұлттық өнімнің шынайы өсімі бұрынғы қалпында қалады, бірақ та толық жұмыспен қамту жағдайында өз деңгейінің шеңберінен асып кетуі мүмкін. Егер де AD жиынтық сұранысы II аралық кесіндіде өсетін болса, бұл жалпы ұлттық өнімнің және баға деңгейінің өсуімен қатар жүретін болады.

Ашық экономикадағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін макроэкономикалық саясаттың бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық қуралдары сияқты дәстұрлі тұрлерімен қатар, сыртқы сауда және валюта, сыртқы қарызды басқару сияқты тұрлері де қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа, бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық саясаттың жабық экономикада өзінің тиімділігін көрсеткен шаралары ашық экономикада көп жағдайда тиімсіз болып қалады.

Ашық экономикада экономиканың ішкі жағдайының сипатын беретін негізгі макроэкономикалық өзгергіштердің арасындағы өзара байланыстары сыртқы әлемде болып жатқан үрдістер арқылы жүзеге асатын болғандықтан айтарлықтай күрделенеді. Ал сыртқы сектор көрсеткіші болып табылатын экономикалық өзгергіштер ішкі өзгергіштердің әсерінде болады.

Мұның бәрі көбейіп келе жатқан факторларды есепке алуды талап ететін макроэкономикалық саясатты жүргізуді күрделендіре түседі.

Ішкі және сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз ету проблемасы тауарлық, ақша және валюталық рыноктардың жұмысына жатады. Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке жету макроэкономикалық реттеудің маңызды проблемасы болып табылады, кері жағдайда ішкі және сыртқы өзгергіштердің өзара әсер етуін және де олардың бір-біріне кері әсер етуін назарға алу қажеттілігін тудырады.

IS-LM моделі – тауарлар мен қызметтер нарығын, ақша нарығы мен қаржы активтері нарығын бір бүтінге біріктіретін базалық моделдің көрінісін береді. Бұл пайыз ставкасын және табыстың деңгейін табуға мүмкіншілік береді, осы кезде тауар және ақша нарықтары бір уақытта тепе-теңдікке жетеді.

IS-LM моделінде экономика екі секторға (немесе нарыққа) бөлінеді, бұлар: өндірістік («шынайы») сектор және несие капиталының жыйнақталған нарығындағы істердің жағдайын көрсететін ақша секторы. Бұл екі сектордың озара ынтымақтастығы экономикадағы жиынтық сұраныс деңгейі мен несиелік пайыз деңгейін анықтайды.

Өндірістік секторда аталмыш ел азаматтарының уақыт бірлігі ішінде өндірген түпкі өнімнің көрінісін беретін жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жасалынады.

Егер де ЖҰӨ түпкі сұраныс компоненттері көзқарас тұрғысынан қарастырылса, ол біріншіден, бір бөлігі жеке тұтынуға жұмсалған, екіншіден, бір бөлігі жеке секторда жинақтауға кеткен (жеке валюталық инвестициялар), үшіншіден, бір бөлігі жиынтық мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға жұмсалған (мемлекеттік тұтыну және жинақтау) және де төртіншіден, бір бөлігі сауда балансы (экспорт минус импорт) сальдосына тең соманың көрінісін береді.

Материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөліп тарату және тұтыну үрдісінде макроэкономикалық субъектілер арасында қалыптасатын қарым-қатынас нәтижесінде жиынтық тұрде экономикада кірістер мен шығындардың халықшаруашылық айналымын құрайтын тұрақты ақша ағындары қалыптасады.

Барлық негізгі ақша ағындарының сызбалық кескіндемесі 4-суретте көрсетілген.


4-сурет. Халық шаруашылығы айналымы.


Әрбір өнім ағынына белгілі бір ақша ағыны сәйкес келеді. Тауарды игіліктер нарығында сату, өндіруші ақшалай кіріс алды, ал сатып алушы ақша шығынын жасайды дегенді білдіреді. Халық шаруашылығы айналымында тап осы шығындар мен кірістердің ақшалай ағындары есепке алынады.

Схемада үш негізгі нарыққа кіретін – игіліктер, өндіріс факторлары және қаржы нарықтарына енетін төрт макроэкономикалық субъектілер (үй іші шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және шетел) атап көрсетілген.

Өндіріс факторлары рыногында үй іші шаруашылықтары мен фирмалар кездеседі. Фирмалар нарықтық бағамен үй іші шаруашылықтарынан сатып алған өндіріс факторларының көмегімен өндірілген игіліктерді сатады және де оны сатудан Ү көлеміндегі кіріске ие болады.

Фирмалардың тапқан кірістерінің барлығы да еш қалдықсыз факторлық кірістерге бөлініп орналастырылатындықтан үй іші шаруашылығы факторларды сатудан Y көлеміндегі кіріс алады.

Үй іші шаруашылықтары алған кірістен мемлекетке Т көлеміндегі салық төлейді, ал қолда қалған кіріс (Үv = Ү – Т) тұтынуға (С) және жинақтауға (S) бөлінеді.

Мемлекет үй іші шаруашылықтарынан Т көлемінде салық алады және де G көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Ұлттық экономиканың шетел секторымен арақатынасы таза экспорт көрсеткіші (NE = Е – Z) арқылы игіліктер нарығында және капиталдың таза экспорты көрсеткіші (NKE = КЕ – KZ) арқылы капитал нарығында көрініс табады.

Кірістер мен шығындар ағындары арасындағы өзара байланыс әрбір макроэкономикалық субъектінің бюджетінде көрініс береді. Егер де аталмыш ағындардың жиынтық мәні өзара тең болатын болса бюджет теңгеріледі.

Мұны символдармен белгілесек, келесі макроэкономикалық тепе-теңдік тұрінде көрінеді:

Y = C + I + G + (E – Z), [1]

мұнда,

Ү – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)көлемі, С – жеке тұтынушылық шығындардың көлемі, I – жеке жиынтық капитал салымының көлемі. G – мемлекеттік тұтыну және жинақтау көлемі, Е – экспорт көлемі, Z – импорт көлемі.

Тепе-теңдік экономикадағы маңызды түсініктердің бірі болып табылады. Оны экономикалық конъюнктураның берілген көрсеткіштері бойынша сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен анықталады. Тепе-теңдік қандай да бір нарықтағы жеке тепе-теңдікке және де ортақ тепе-теңдікке (игіліктер, ақша және құнды қағаздар нарықтарында), сонымен қатар барлық нарықтардағы бір мезгілдегі жалпы тепе-теңдікке бөліп көрсетіледі.

Игіліктер (благо) нарықындағы тепе-теңдікті әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі деп анықтауға болады. Тепе-теңдік шарты шынайы шығару (реальный выпуск) көлемін барлық жоспарлы шығындар көлеміне теңдігін постулаттайтын негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктен келіп шығады.

Әдетте, барлық көлем өзгермейтін бағамен өлшенеді, бірақ та уақыт талабына сай ағымдағы бағалармен өлшеу оған көбірек сай келуі де мүмкін.

Тап сол жалпы ұлттық өнім де басқа жағынан да, нақтырақ айтсақ, жалпы кіріс құрылымы көзқарасынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл көзқараспен қарағанда жалпы ұлттық өнім келесі бөліктерге: біріншіден, жеке тұтыну, екіншіден, жеке жинақтаулар мен корпорациялардың жинақтаулары, үшіншіден, мемлекетке төленетін таза салық төлемдері (яғни, мемлекеттік трансферттік төлемдер, бұл әлеуметтік бағдарламаларға, шағын бизнеске субсидиялар және тағы басқаларға деген кірісті шегеріп тастағандағы), төртіншіден, шетелге таза трансферттерге бөлшектенеді. Бұл символдар тұрінде былай көрінеді:

Y = C + S + T + NE, [2]

мұнда, Ү мен С 1-формуладағы таңбалағанды көрсетеді, S – жеке үй іші шаруашылығы мен жекеменшік-кәсіпкерлік секторлардағы жинақ көлемі, Т – мемлекеттің таза салық кірісінің көлемі, NE – шетелге таза трансферттеу.

Түрлі көзқараспен қарастырылса да, 1-ші және 2-ші формулалар арақатынастарында бір ғана статистикалық мөлшер – жалпы ұлттық өнім ғана қарастырылады. Осыған сай, егер де статистикадағы дәлсіздіктерді есепке алмай-ақ қойсақ, екі жағдайда да мөлшер біреу ғана болып шығуы тиіс. Мұның нәтижесінде біз фундаменталды теңгерім тепе-теңдігіне жетеміз:

C +I + G + (E – Z) = Y = C + S + T + NE, [3]

Немесе, оң және сол бөліктерге ортақ С көлемін қысқартсақ, келесі теңдік шығады:

I + G + (Е – Z) = S+ T+NE. [4]

Әрі қарай біз сыртқы экономикалық байланыстардан абстракцияланамыз, яғни көлемдер (Е – Z) мен NE-ні елемейтін боламыз. Бұл жағдайда [4] арақастынасы келесіге айналады:

I + G = S+ T [5]

Осылайша теңгерім тепе-теңдігі, бір жағынан, жеке жиынтық инвестициялар мен мемлекеттік ағымдағы шығындар мен инвестициялар көлемінің тұрақты түрлерін, екінші жағынан мемлекеттік бюджетке жеке жинақтаулар мен таза салық төлемдерінің көлемін білдіреді.

Теңгерім тепе-теңдігі постфактумды, яғни өндіріліп қойылған және жүзеге асырылған ЖҰӨ қатынастарын анықтайды.

Экономикалық агенттердің шешім қабылдауы және жиынтық сұранысты қалыптастыру сатысында бұл тепе-теңдік рыноктік экономика үшін өндіріс және тұтыну саласындағы тепе-теңдіктің өмірлік маңызы бар шартына айналады.

К. Маркстің «Капиталының» екінші томында келтіретін өндіріс саласындағы тепе-теңдік шарттарымен салыстырғанда IS-LM моделі өндіріс пен тұтыну арасындағы функционалдық байланыстарды талдау құралы болып, өзінің тікелей тағайындалған мақсатында қызмет етеді, түпкі өнімді сатуды жүзеге асыру саласында тепе-теңдік шартын негізге алады.

Маркстік қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің арасындағы тепе-теңдік шарты алдын ала орындалады деп болжанады. Осы арқылы модель өндірістік сектор ішіндегі құрылымдық диспропорцияларының мүмкіндіктерінен абстракцияланады.

IS-LM моделі екжей-текжейлі сараптама жүргізуді талап ете алмайды және К. Маркстің өндірістік схемаларын ауыстыра алмайды, бұл, асылы, экономикадағы тепе-теңдіктің тағы бір шартына көңіл аудару үшін ғана қызмет ететінге ұқсайды.

IS-LM толық моделінде, соған сәйкес, тепе-теңдік шарты келесі түрге енеді:

S + T + Z = I +G + E. [6]

Бұл шарт халықшаруашылығы айналымы моделінен келіп шығады, оны логикалық жолмен де негіздеп дәлелдеуге болады.

Біз ағымдағы тұтынуға қанша қажет болса, сонша игіліктер өндірілетін экономика туралы елестетіп көрейік. Осылайша, ұсыныстың барша көлемі тұтынушылық тауарлардан құралады. Егер де үй іші шаруашылықтары барлық қол жеткізілген факторлық кірістерді тұтынуға бағыттайтын болса, онда бұл тауарлар тұтынылатың болады, яғни мына теңдік сақталынуы тиіс:

C(AS) = C(AD). [7]

Бұдан әрі, үй іші шаруашылықтары қолда бар кірістің бір бөлігін жинақтауға шешім қабылдады деп болжайық. Алайда мұндай әрекет тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді, себебі факторлық кірістердің бір бөлігі игіліктер нарығынан алып кетіледі де, жиынтық сұраныс ұсыныстан азайып қалады.

Тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін не ұсынысты қысқарту керек, не игіліктер нарығының ағымына қосымша сұраныс жасау керек.

Кәсіпкерлердің инвестициялық сұраныстары мұндай ағымға айналады. Бұл сұраныстар үшін қаржыны кәсіпкерлер капитал нарығынан алдында орналастырып қойған жинақтары көлемінде ала алады. Бұл жағдайда игіліктер ұсынысының құрылымы да өзгеруі керек. Бұған сәйкес тепе-теңдік шарты да өзгереді:

C + S = C + I. [8]

Мемлекет нарыққа енген жағдайда игіліктер нарығында салықтар түріндегі жаңадан кері ағын пайда болады, ал егер де мемлекет мемлекеттік сатып алулар түріндегі сәйкес ағынды қамтамасыз ететін болса, тепе-теңдік қалпына келуі мүмкін:

C + S+T = C + І + G. [9]

Халықаралық сауда («шетел» секторының) пайда болған жағдайда игіліктер нарығынан кірістің бір бөліктері алып кетіледі, бұлар импорттық тауарлар мен қызметтерді төлеуге аударылады. Бұл жағдайда экспорт ағынның орнын толтырушы болып қызмет етеді:

C + S + T + Z = C + I + G + E. [10]

Егер де игіліктер нарығында тұтастай алғанда тепе-теңдікке қол жеткізілген болса, онда түпкі тауарлар мен факторлардың жеке нарықтары да тепе-теңдік жағдайында болады. Алайда тепе-теңдік тұрақты болуы үшін, тауарлар мен қызметтердің бағасы және факторлар бағасы белгілі бір түрде келісімделген болуы керек.

Тауарлар мен қызметтердің бағасы шығындардың орнын толтырып және пайда алу үшін жеткілікті кіріспен қамтамасыз етіп тұруы керек. Еңбек етуге және кіріс алуға деген ынтаны қамтамасыз етіп тұруы үшін еңбектің құны біршама жоғары болуы тиіс.

Ашық экономиканың сараптамасын жүргізген кезде IS-LM моделін қолдану біршама ерекшеліктерге ие болады.

Біріншіден, IS-LM моделі валюталық курстың өзгерісін көрсететін көрсеткіштермен кеңейтілуі керек. Яғни бұл модель тағы да бір деңгеймен толықтырылған жағдайда алгебралық жүйе анықталына алады. Мұның салдарынан моделдің графикалық кескіндемесі үш өлшемдіге айналады. Үш өлшемді, интерпретациялаудың қиындығы салдарынан сараптама не координаттардың дағдылы жүйесінде (і/Ү), не көлбеу сипаты мен ирек жылжуын анықтайтын қосымша факторларды енгізулері бар координаттар жүйесінде (е/Ү) жүргізіледі (5-сурет).

Екіншіден, экономикалық саясаттың бір, не басқа шараларының әрекеттеріне деген экономика реакциясының сипаты көп дәрежеде ұлттық экономиканың сыртқы әлеммен арақатынасының формасына тәуелді болады. Есепке алуды талап ететін негізгі сәттер келесілер:

– ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы дәрежесі (кіші – үлкен экономика);

– валюталық курсты реттеу режимі (бекітілген жылжымалы валюталық курс);

– капиталдардың еркін қозғалысы үшін экономиканың ашықтығы дәрежесі (капиталдың жоғары – төмен ұтқырлығы).

IS ирегінің түр мен сипаты факторлар тізбегімен анықталады. Автономды шығындардың өсуі жағдайында IS ирегі оңға қарай жылжиды, бұл жағдайда ирек автономды шығындар мультипликаторының азаюы және барынша инвестициялауға бейімділік жағдайында неғұрлым тігірек көтеріле бастайды.

IS ирегінің жылжуына ұлттық валюта курсының өзгеруі әсер етеді. Валюталық курстың төмендеуі (яғни ұлттық валютаның құнсыздануы) IS ирегін солға қарай, курстың жоғарылауы оңға қарай жылжуына әкеледі. Бұл бірінші жайда таза экспорттың өсуімен, екіншіде – оны төмендеуімен түсіндіріледі.

Валюталық курстық IS ирегінің сыйпатына әсер етуін ескеру маңызды. Егер де жабық экономикада ақша ұсынысы экзогендік көрсеткіш ретінде қарастырылса, бекітілген валюталық курсты ашық экономикада ақша ұсынысы эндогендік мөлшерге айналады.

Орталық банкі (ОБ) бір мезгілде ақша базасын да, валюталық резервтер базасының мөлшерін де реттей алмайды, яғни оның алдында не ақша ұсынысына бақылауды, не валюталық курсқа бақылауды, екеудің біреуін жүзеге асыру керек дилеммасы тұрады. Ақша-кредиттік саясаттың мақсаты ретінде бекітілген валюталық курсты таңдап алса Орталық банкі ақша массасына бақылаудан толықтай айрылады.

Валюталық курстың өсуі (ұлттық валютаның қымбаттауы) LM ирегінің оңға, төмендеуі солға жылжуына алып келеді. Бұл ұлттық валютаның қымбаттауы жағдайында Орталық банктің валюталық резервтерінің көбеюімен, бұған сәйкес ақша базасының да өсуінің жүруімен, ал валюталық курстың төмендеуі жағдайында ақша базасының азаюымен түсіндіріледі.

Бұл тәуелділікті формалды (үстірт қарау) түрде айырбастауды сандық теңгеру мен сатып алушылық мүмкіндік паритетін теңгеру арқылы шығарып алуға болады. Айырбасқа сандық теңдеу жүргізуге сәйкес М = kҮР. Сатып алуға мүмкіншілігі бар паритет (СМП) концепциясынан алғанда, er = const жағдайында Р = ePz болып шығады. Онда ақша ұсынысының валюталық курсқа тәуелділігін келесі түрде көрсетуге болады:

М = kҮeРz, [11]

М – номиналды ақша ұсынысы;

Ү – шынайы кіріс немесе ЖІӨ;

Р – ел ішіндегі баға деңгейі;

k – шынайы кассалық қалдық коэффициенті;

Pz – шетелдегі баға деңгейі;

е – валюталық курс.

Жүзбелі валюталық курс жағдайында ақша ұсынысы экзогендік көрсеткіш болып табылады, сондықтан да LM ирегінің түрі мен сипаты жабық экономика жағдайындағы сияқты факторлармен анықталады. Алайда бұл жағдайда валюталық курс ақша ұсынысының көлеміне тәуелді көрсеткішке айналады. Бұл тәуелділікті формалды тұрде е-ге қатысты теңдеуді шешіп корсетуге болады:

e = М/(kҮРz). [12]

Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік шарттарын олардың өзара байланысы және өзара шарттастықтарын есепке ала отыра жекелей қарастырайық. Аталмыш нарықтардағы бір мезгілдегі тепе-теңдіктің шарттарын сипаттайтын модель (IS-LM моделі) 5-суретте көрсетілген.


5-сурет. IS-LM моделіндегі тепе-теңдік.


Экономикалық тепе-теңдіктің жалғыз ғана Е нүктесі тауарлық рынок шарттарын да қанағаттандыратын, сонымен бірге ақша рыногы шарттарын да қанағаттандыратын iЕ пайыз ставкасы мен ҮЕ кіріс деңгейін анықтайды. Басқаша айтқанда, Е нүктесінде экономикалық жүйенің шынайы шығындары жоспарланғанмен тең болады, ал шынайы ақша қаражатына деген сұраныс оған деген ұсынысқа тең болады.

5-суретте ұсынылған диаграмманың қандай да болмасын бір нүктесінде берілген шарттардың кем дегенде біреуі орындалмайды, сол себепті де нарық күштері экономиканы Е нүктесіне сәйкес келетін ортақ тепе-теңдікке итермелейді.

Мұның қалай жүретінін түсіну үшін, егер де экономикалық ахуал A нүктесімен сипатталатын болса, не болатынын қарастырып көрейік. А нүктесінде тауарлық рынок тепе-теңдік күйде (жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең) тұрғанына қарамастан, пайыздық ставка тепе-теңдік күйден жоғары болып шығады, мұның нәтижесінде ақшаға деген сұраныс ұсынысқа қарағанда төмен болып шығады. Ал адамдарда артық ақша бар болғандықтан, олар облигацияларды сатып алу арқылы одан (ақшасынан) «құтылуға» тырысады. Мұның нәтижесінде облигациялардың бағасы өсетін болады, бұл өз кезегінде жоспарланған инвестициялық шығындардың да, таза экспорт көлемінің де өсуіне алып келеді. Жиынтық сұраныс өсе бастайды және экономиканың ағымдағы жағдайын сипаттайтын нүкте IS желісі бойынша пайыздық ставкалар іЕ деңгейіне құлағанша, ал жиынтық өндіріс ҮЕ-ге дейін өскенше, яғни экономика Е нүктесімен көрсетілетін тепе-теңдік күйіне жеткенше қозғала береді.

Ақша сұранысы оның ұсынысына тең болатынына қарамастан. В нүктесінде ұлттық кіріс тепе-теңдік күйі деңгейінен, яғни жиынтық сұраныстан жоғары болып шығады. Фирмалар өздерінің барлық өнімін сата алмайды және жоспарланбаған қор жинақтала береді, бұл олардың өндірістерін қысқартуға және де өндіруді азайтуға мәжбүр қылады. Өндіріс көлемін азайту ақшаға деген сұраныстың төмендеуін білдіреді, ал бұл пайыздық ставканың төмендеуіне алып келеді. Мұның нәтижесінде экономиканың ағымдағы күйін сипаттайтын нүкте Е жалпы тепе-теңдік нүктесіне жеткенше қисығы бойынша төмен жылжиды.

Практика көрсеткендей, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру жылдамдығы түрліше болады. Егер ақша нарығында тепе-теңдікке облигацияларды сатып алу және сату операциялар арқылы қол жеткізілетін болса, тауар рыногындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру фирмалардың өндіріс кестесін өзгертуін талап етеді, олар бұл шараларға тауар қорындағы бір немесе басқа өзгерістердің біршама ұзақ тұрғандығына көз жеткізгеннен соң бара алады.

Дамыған ақша нарығы жағдайында экономика бұл нарықтағы тепе-теңдікке біршама тез қол жеткізеді (LM ирегінің бір нүктелерінің біреуінде). Мұнан соң тауарлар нарығында тепе-теңдік баяуырақ орнай бастайды (LM ирегінің бойымен Е жалпы тепе-теңдік нүктесі бағытындағы қозғалыс).

Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін IS-LM моделіне төлем балансы функциясының кестесін (ВР ирегін) енгіземіз.

Бұл жағдайда сыртқы теңгерім экспорттың активтік сальдосы капиталдың таза сыртқы ағынына тең болған жағдайда, былайша айтқанда сыртқы сауда операцияларының ағымдағы есеп-шотының оң сальдосы (қалдығы) капитал қозғалысы есеп-шотының теріс сальдосына тең болған жағдайда ғана екі жақ теңгерімге жетеді; немесе импорттың активтік сальдосы капиталдың таза салымдарына (вливаниям) тең болған жағдайда мүмкін болады, басқаша айтқанда сыртқы сауда операциялары теріс сальдосы капитал қозғалысы есеп-шотының оң сальдосына тең болуы керек.

Ішкі нарықтағы і пайыздық ставка әлемдік нарықтағы пайыздық ставкаға іz тең болғанда үш жақты тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Графикалық түрде оны 6-суретте көрсетілгендей IS, ІМ және ВР иректерінің Ү = Ү* және і = іz көрсеткіштеріне сәйкес келетін нүктеде қиысуы түрінде көрсетуге болады.

Бұл жағдайда капиталдың толық мобилділігі жағдайы шартында ашық экономикада үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз ететін механизм жұмыс істейді. Бұл валюталық курстың ағымдағы мәнін коррекциялау есебінен болады.

Валюталық курс тұрақты деген болжам жасайық та, сыртқы сауда қатынастарының ағымдағы шоты теңгерімі мен капитал шотының қозғалысы теңгерімінің анықтаушы факторларына (детерминанттарға) көңіл бөлейік.

Сауда теңгерімі (Е – Z) айырбас валюталық курсқа және жалпы ішкі өнім деңгейіне, соның ішінде ЖІӨ өскен кезде, көтерілу тенденциясына бейім болады да сауда балансы (теңгерімі) нашарлайды.


6-сурет. Капитал мобилділігі жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-теңдік.


Халықаралық капитал ағымына келсек, оның үдемелілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы кіріс (доход) болып табылады, оны түрлі елдер өз активтеріне қосылған табыс деп есептейді және де ол көп жағдайда пайыздық ставканың көлемімен анықталады. Сондықтан да ұлттық және әлемдік пайыздық ставка арасындағы айырма капиталдың құйылуы мен кетуін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады.

IS ирегі LM ирегін соңғысының ВР ирегімен қиысу нүктесінен жоғары қиып өтеді деп елестетейік. Бұл игіліктер мен ақша нарығындағы бірлескен тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыздың ішкі ставкасы әлемдіктен асып түседі дегенді білдіреді. Бұл жағдайда ішкі активтердің әлемдікпен салыстырғанда жоғары кірістілігіне байланысты экономикаға шетел капиталының құйылуы басталады.

Құнды қағаздар арзанырақ бола бастағандықтан, шетел инвесторлары оны сатып ала бастайды. Осы кезде аталмыш елдің резиденттері шетел активтерін сатып алудан өздерін тоқтата тұрады және де шетелден төменірек пайыздық ставкалар бойынша шетелден алып пайдалануды мақсатқа лайық деп табады. Мұның салдарынан елге капитал құю ағыны өседі және оның шетелге кетуі қысқарады. Нәтижесінде аталмыш елдің төлем теңгерімінің капитал қозғалысының шоты жақсарады.

Шетел капиталының құйылу ағынының өсуі отандық валютаға деген сұраныстың өсуін қозғайды, оның нәтижесінде валюталық курс көтеріле бастайды (үлттық валюталық курс қымбаттай бастайды). Ұлттық валюта курсының көтерілуі таза экспорттың азаюын қозғайды, мұны нәтижесінде IS ирегі солға қарай жылжи бастайды. IS ирегінің қозғалысы пайыздың ішкі ставкасы әлемдікпен теңескенше, яғни шетел капиталының құйылуын қозғаған себеп жойылғанша жүре береді.

Егер де пайыздың ішкі ставкасы әлемдіктен аз болса, капиталдың елден шетелге шығарудың өсуі байқалады, яғни шетел валютасына сұраныстың өсуін қозғайды, мұның салдары ретінде таза экспорттың өсуіне, IS ирегінің оңға жылжуына және пайыз ставкасының ішкі көтерілуіне алып келеді.

Ішкі пайыздық ставканың құлдырауы жағдайында ішкі құнды қағаздарды шетелдіктерге айырбастаудың, бұған сәйкес капитал қоғалысы шотының нашарлауы жүретін кері процесі байқалатын болады.

Капитал мобилділігін үш түрге бөледі:

1) мінсіз капитал мобилділігі. Бұл жағдайда ішкі құнды қағаздар шетелдік қағаздардың орнын басады, олардың бағасы (олай болса, пайыздық ставка да) әлемдік нарыкта бекитін болады. Әлемдік нарықтағы басым пайыздық ставка дегейі шағын ашық экономикада да басым болады;

2) мінсіз капитал мобилсізділігі. Бұл жағдайда ашық экономика капитал нарығы әлемдік капитал нарығынан мүлде қол үзген жағдайда болады. Капитал қозғалысы шотының теңгерімі (балансы) ішкі пайыздық ставкадан тәуелсіз әрдәйім нөлге тең болады;

3) жетілмеген капитал мобилділігі. Әдеттегі жай ретінде қарастырылатын бұл мобилділікте ішкі құнды қағаздар шетелдік құнды қағаздардың жетілмеген алмастырғышы болып табылады. Капитал қозғалысы шотының теңгерімі пайыздық ставканың өзгеруі функциясы түрінде көрінеді. Ішкі пайыздық ставка көтерілген кезде (шетелдік пайыздық ставка тұрақты болып қалады деп болжана отыра) капитал қозғалысының шоты жақсарады.

Қарастырылып отырған жағдайдағы сауда теңгерімі жалпы ішкі өнімнің тікелей функциясы болып, ал таза капитал құйылу ағыны (капитал қозғалысы шотының балансы) пайыздық ставканың тікелей функциясы болып табылатындықтан, ЖҰӨ деңгейі мен пайыздық ставка капиталдың таза құю ағыны сауда теңгеріміне сәйкес болған жағдайда сыртқы тепе-теңдік (төлем теңгерімінің тепе-теңдігі) жағдайына қол жеткізу мүмкін болады.

Бекітіліген валюталық курс жағдайындағы ақша ұсынысы, жоғарыда атап өтілгендей, Орталық банкі жариялаған деңгейдегі валюталық курсты демеу саясаты жүзеге асырады. Бұған байланысты экономиканы реттеудің монетарлық әдістері тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажеттілігімен қайшылыққа түседі.

Егер де ОБ ақша ұсынысын өсіруге тырысатын болса, онда отандық валютаның нарықтық бағамы төмендей бастайды. Бірақ та ресми бағам бұрынғыдай қала беретіндіктен, отандық валютаны нарықтықпен салыстырғандағы жоғары ресми бағам бойынша Орталық банкіге сату белсенділігі артады, бұл ақша массасының бастапқы деңгейіне дейін төмендеуіне алып келеді. Ынталандырушылық әсерге тек қана ұлттық валютаның девальвациялануы жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

Осылайша бекітілген валюта курсы жағдайында кредиттік-ақша саясаты жарамсыз, алайда бекітілген валюталық курс режимі ақша саласындағы күйзелістердің салдарын, ұлттық кіріс деңгейін тұрақты ұстап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бекітілген валюталық курс жағдайындағы фискалдық әдістер, керісінше өте нәтижелі болып табылады.

Үкімет мемлекеттік шығындарды көтеру жолы арқылы жиынтық сұранысты ынталандыру міндетін қойды деп елестетейік. Мұның нәтижесінде IS ирегі 7-суретте көрсетілгендей оңға қарай жылжиды (IS1 IS2).


7-сурет. Бекітілген валюталық курс жағдайындағы ынталандырушы фискалдық саясат.


IS ирегінің жылжуы үш еселенген тепе-теңдікті бұзады, себебі і1 пайызының ішкі ставкасы әлемдіктен жоғары болып шығады.

Біз білетініміздей, пайыздың ішкі ставкасының жоғарылауы елге шетел капиталының ағынын тартады, бұл отандық валютаға деген сұраныстың өсуіне алып келеді. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Орталық банкі ақша ұсынысын өсіруге мәжбүр болады, мұның нәтижесінде LM1 ирегі LM2 күйіне қарай оңға жылжиды. Осылайша Ү2 жоғарырақ ұлттық кіріс мәні мен і = іz пайыздық ставкасы жағдайында жаңа үш еселенген тепе-теңдік орнайтын болады.

Пайыздық ставка өзгермегендіктен, жеке инвестицияларды ығыстыру әсері болмайтынын атап өту керек, және де жабық экономика жағдайымен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың өсуінің мультипликативтік әсерінің әрекеті толық көлемде болады.

Осылайша, бекітілген валюталық курс жағдайындағы фискалдық саясат пәрменді болып шығады, себебі үш еселенген тепе-теңдік сақталғанда ғана жиынтық сұраныс мен шынайы ұлттық кірістің өсуіне алып келеді. Бұдан басқа, осы тәріздес нәтижелерге импортқа шек қоятын протекционистік шаралар арқылы да қол жеткізуге болады.

Жүзбелі валюталық курс жағдайында фискалдық саясат, керісінше, тиімсіз болып қалады. Мұның себебі IS-нің оңға жылжуы шақырған пайыздың ішкі ставкасының өсуі елге шетел капиталының құйылуына алып келеді және отандық валютаға сұранысты арттырады. Отандық валютаға сұраныстың өсуі валюталық курстың өсуін қозғайды, бұл таза экспорттың қысқаруына алып келеді. Таза экспорттың төмендеуі жиынтық сұраныстың бастапқы өсімін жоққа шығарады және IS ирегін бастапқы кұйге қайтарып алып келеді. Яғни фискалдық саясат бұл жағдайда тиімсіз болып шығады. Алайда мұның жағымды жағы бар: жүзбелі валюталық курс экономиканың ұлттық кіріс деңгейін тұрақты ұстай отыра, автономды сұраныстағы күрт толқулардың әсерінен сақтайды.

Жүзбелі валюталық курс жағдайында кредиттік-ақша саясаты, керісінше тиімді болып табылады. Ынталандырушы монетарлық шаралардың нәтижесі 8-суретте бейнеленген.


8-сурет. Жүзбелі валюталық курс жағдайындағы ынталандырушы кредиттік-ақша саясаты.


Орталық банкі ақша ұсынысын көбейтті деп болжайық, бұл LM1 ирегінің LM2 жайына қарай жылжуында көрініс береді. Ақша ұсынысының өсуі елден капиталдың кері ағынын ынталандыра отыра, пайыздың ішкі ставкасының төмендеуін қозғайды. Шетел валютасына деген сұраныстың нәтижесінде валюталық курс төмендейді, бұл таза экспорттың өсуіне, және де бұған сәйкес жиынтық сұраныстың (IS1 IS2) өсуіне де алып келеді. Жаңа үш еселенген тепе-теңдік Ү2 ұлттық кірістің жоғарырақ деңгейі және пайыздың әлемдік ставкасы жағдайында орнайтын болады.

Соныменен, мемлекеттің ашық жүйедегі экономикаға әсер ету әдістерін таңдауы ұлттық валюта режиміне тәуелді болады.

Соның ішінде, төлем теңгерімінің қарызын Орталық банкінің елдің валюта резервтерін сату жолы арқылы орнын толтыруы қажеттілігін тудырады. Орталық банкінің валюталық резервінің азаюы бұл жағдайда ішкі нарықта Орталық банкінің елдің экономикалық жүйесінен «алатын» ұлттық валютаның орнына шетел валютасының ұсынысының өсуімен қатар жүреді. Осылайша төлем балансының жетімсіздігі елдегі ақша ұсынысын азайту тенденциясына, ал артылып қалушылығы – көбейту тендениясына ие болады. Егер де монетарлық үкімет көңіл аудармаған жағдайда (мұндай жағдай өте сирек болады) бұл процесстердің орын алуы мүмкін. Ақша ұсынысы, әдетте, төлем бейтеңгерімін белсенді түрде стерильдеуге, яғни төлем бейтеңгерімінің ақша ұсынысына әсер етуіне жол бермеуге әрекет ететін монетарлық үкіметтің өте қатаң бақылауында болады.

Төлем теңгерімінің жетімсіздігін стерильдеу үшін олар ашық рыноктағы мемлекеттік облигацияларды сатып алуы, есеп ставкаларын азайтуы немесе резервтік талаптарды азайтуы керек. Төлем теңгерімінің артылып қалушылығын стерильдеу үшін олар керісінше жасауы керек, яғни мемлекеттік құнды қағаздарды сатуы, есеп ставкасын көтеруі, резервтік талаптарды көтеруі керек. Монетарлық үкіметтің төлем бейтеңгерімін стерильдеу қабілетінде шектеулер бар екендігі айқын. Мысалы, монетарлық үкімет ұзақмерзімдік созылмалы (немесе фундаменталды) жетімсіздікті шексіз стерильдей алмайды, себебі ертелі-кеш оның халықаралық резервтік авуарлары таусылатын болады. Сол сияқты монетарлық үкімет созылмалы артылып қалушылықты да шексіз стерильдей алмайды, себебі ертелі-кеш халықаралық резервтік авуарлар қоры халықаралық ақша ұсынысына тең болады да, бұдан арғы артылып қалушылықтар ақша ұсынысының өсуін біржақты негізде өсуіне алып келеді.

Қорытынды

1. Жалпы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласудың болмауы жағдайындағы жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.

2. Қазақстандағы қазіргі уақыттағы кризистік жағдайда жалпы ұлттық өнім баға өсуімен қатар жүрмейтін сұраныстың өсуінің кейнсиандық варианты мақсатқа лайықтырақ болып табылады.

3. Жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы дурыс болар. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа әсер етуге қолдануы керек.

4. IS-LM моделі өндіріс пен тұтыну арасындағы фундаменталды байланысты анықтайды және түпкі өнімді жүзеге асыру саласындағы тепе-теңдік шарты болып табылады.

5. IS-LM моделін валюталық курстың өзгерістерін көрсететін көрсеткіштермен кеңейту экономикадағы ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсының ағымдағы мәнін коррекциялау арқылы қол жеткізілетін үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Үш жақты тепе-теңдік ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы дәрежесінің және халықаралық капиталдың еркін қозғалысы үшін экономиканың ашықтығы дәрежесінің сипатын береді. Оның реттелуі монетарлық, фискалдық және валюталық саясат құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі түсініктер, терминдер:

Макроэкономикалық тепе-теңдік, мультипликатор, ұлттық өндіріс, IS-LM моделі, валюталық курс, әлемдік шаруашылыққа интеграциялану, валюталық курстың тұрақтылығы, капиталдардың еркін қозғалысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Л. Вальрас моделінен қандай қорытынды туындайды?

2. Кейнсиандық моделде қандай фактор жетекші рөлді атқарады?

3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделінің неоклассикалық моделінен айырмашылығы неде?

4. Капитал мобилділігі қандай түрлерге бөлінеді?

5. Үш жақты тепе-теңдіктің реттелуі қандай құралдардың қолданулары арқылы жүзеге асырылады?

Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы

Подняться наверх