Читать книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова - Страница 4
2. Экспорттық-импорттық операциялар мен капитал қозғалысын қамтамасыз ету шарттары
ОглавлениеСыртқы сауда әлем шаруашылығының ұлттық шаруашылықтарын байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың негізін бастаушы болып тарихи түрде қалыптасқан. Сыртқы сауданың арқасында халықаралық еңбек бөлісі қалыптасады, ол сыртқы сауда мен басқа да халықаралық экономикалық операциялардың дамуымен тереңдейді және жетіле түседі.
Қазіргі кезде барлық елдер әлем шаруашылығының қатысушысы болып табылады. Жекелеген елдердің әлемдік шаруашылыққа қатысушылығының белсенділігі, интеграциялануы түрлі дәрежеде, бірақ та қоршаған әлеммен өзара экономикалық ынтымақтастық желілерімен белгілі бір дәрежеде байланыспаған ел болмайды. Елдің әріптестерімен жүргізетін сыртқыэкономикалық операциялары ұлттық экономикаларды әлем шаруашылығына айналдыратын әлемшаруашылық байланысы ретінде көрінеді.
Әлемшаруашылық байланыстары өзінің дамуы барысында белгілі бір кезеңдерден өтеді, кезеңдердің ауысуы әлем шаруашылығының біртұтастығының күшеюінің, және де халықаралық экономикалық қатынастар – сауда мен қызмет көрсетулерден капитал өндіу мен одан әрі халықаралық өндіріске өтуі, одан әрі біртұтас әлемдік валюта, кредит, құнды қағаздар рыноктарын қалыптастыру сияқты жоғары деңгейінің сипатын береді. Әлем шаруашылығының негізін құрайтын әлемнің дамытан елдері әлемшаруашылық байланыстарының эволюциясының генераторы болып табылады. Туындаған жаңа кезең осы елдердің экономикалық қызметі бірлігінің күшеюімен сипатталады. Аталмыш кезең шаруашылық өмірінің интернационализациялануы мен жаһандануын, тауарлар, қызметтер, капиталдар, қаржы ресурстары ұлттық рыноктарының әлемдік рынокқа бірігуінің объективті тенденциясы қызметінің нәтижесі.
Әрбір ел басқа елдермен белгілі бір сыртқыэкономикалық қарым-қатынасқа ие болады.
Мемлекетаралық экономикалық қатынастар негізгі екі бағыт – халықаралық сауда және қаржы бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Ел тауарлар, қызметтер, ақша қаражаттары мен қаржы құралдарының импорты мен экспортын жүзеге асырады. Мемлекет алуан түрлі активтерді шығару мен енгізуді демеп отыруға мүдделі. Сондықтан да мемлекет өзінің резиденттері – жеке және заңды тұлғаларының (сол елде тіркелген), және де шетел мемлекеттерінің жеке және заңды тұлғаларының сыртқы экономикалық қызметін бақылап отырады.
Сыртқы сауда байланысы – аталмыш елде өндірілген өнімнің бір бөлігі шетелге экспортталады, ал шетелде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бір бөлігі аталмыш елге импортталып, тұтынылады немесе сол елде инвестицияланады деп болжанады.
Қаржы саласында ұлттық экономикалардың өзара байланысы бойынша белгілі бір елдің азаматтары ұлттық активтермен бірге шетелдік активтерге де ие бола алады, соның ішінде ақша салымдарын шетелдік банкілерде ұстай алады, шетел компанияларын немесе үкіметтері шығарған құнды қағаздарды сатып ала алады, өз елінен тысқары аймақтардан қозғалмайтын мүлік сатып ала алады.
Мұның нәтижесінде халықаралық тауарлар мен қызметтер рыногы, сонымен қатар қаржы рыноктары тығыз өріле отыра аталмыш елдің жалпы ішкі өнімінің көлеміне, инфляция деңгейіне және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.
Қазақстанның экономикалық жағдайы Ресейдің экономикасы қандай кезеңде тұрғандығына тәуелді, және де сол елге қазақстандық экспорттаудың көлеміне тікелей байланысты болады. Егер де Ресейде экономикалық өсу байқалатын болса, Ресейге экспорттауды өсіруі есебінен Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің артуы бойынша, бір мемлекеттің экономикасының өсуі басқа елдің экономикасының өсуіне септеседі.
Капиталдың халықаралық ағымдарының сипаттамасы мен бағыты, өз кезегінде белгілі бір елдің Орталық банкінің қандай кредиттік-ақшалық саясатты ұстанып отырғанына тәуелді болады. Сонымен, егер де РФ Орталық банкісі қатаң кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырып отырса, оның салдары пайыздық ставканың көтерілуіне алып келеді, бұл жағдайда, егер де Ресейге капитал салу тиімді болатын болса, Қазақстаннан капиталдың кері ағынын күтуге болады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі де әрбір елдің үкіметі экономикалық саясатын дайындаған кезде ашық экономикадағы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысының механизмін есепке алмай қоймайтыны көрсетеді. Бұл жағдайда елдің халықаралық тауар, қызмет және капитал айырбасына қатысуын сипаттайтын негізгі макроэкономикалық өзгергіштер анықталуы және өлшенуі міндетті.
Аталмыш ел мен басқа елдің арасындағы барлық мәмілелерге ағымдағы операциялар мен капиталмен жасалатын операциялар енеді. Бұған сәйкес төлем теңгеріміне үш құрамдас әлементтер енеді, бұлар: ағымдағы операциялар шоты; капитал қозғалысы шоты; ресми резервтердің өзгеруі.
Ағымдағы операциялар шотына тауарлар мен қызметтер экспорты, импорт, инвестициялаудан түсетін таза кіріс және таза трансферттер жатады. Тауарлық белгі мен тауарлық импорттың арасындағы айырма сауда теңгерімін құрайды. Жалпы алғанда ағымдағы операциялар шоты кеңейтілген сауда теңгерімі ретінде жұмыс істейді.
Капитал қозғалысы шотында активтермен атқарылатын барлық халықаралық мәмілелердің көрінісі беріледі, бұлар: шетелдіктерге активтер, облигациялар, қозғалмайтын мүлік және т.б., сатудан түсетін кірістер мен шетелден активтер сатып алу нәтижесінде пайда болатын шығындар.
Шетелдіктерге активтер сату шетелдік валютаның қорын өсіреді, ал сатып алу, керісінше – азайтады. Сондықтан да капитал қозғалысы теңгерімі активтермен жасалатын барлық мәмілелерден таза шетел валютасының түсуін көрсетеді.
Валюталық резервке ресми түрде алтын, шетел валютасын, ХВҚ-дағы елдің кредиттік үлесін плюс заимға алудың арнайы құқығы (ЗАҚ) және т. б. енгізіледі. Банкілік сектор активі көлемінің 2/3 жуығын елдің халықаралық резерві құрайды. Банкілік сектор активтерінің мұндай құрылымы дамушы елдер мен транзитивті экономикалы елдерге тән болып келеді. Дамыған елдерде резервтер активтердің 20 %-нан аспайды, банкілік сектордағы шетел активтерінің басым бөлігін коммерциялық банкілердің активтері құрайды.
Резервтік активтердің шотында орталық банкі мен үкімет органдары жүзеге асыратын шетел валютасын, алтын мен валютаны, алтын мен басқа активтерді сатып алу-сату операцияларының көрінісі беріледі. Мұндай операциялардың мақсаты пайда алу емес, төлем теңгерімінің бейтеңгерімін реттеу, белгілі бір валюталардың курсын демеу және басқа да мақсаттар болып табылады. Ресми резервтер есебінен төлем теңгерімінің екі бабы – ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы бойынша жетімсіздік немесе пассивтік сальдо жабылады. Бұл орталық банкінің жинақталған резервтік активтерді сату немесе мемлекеттің басқа банкілерден валюталық кредиттер алу жолы арқылы жүреді. Орталық банкі резервінің азаюы рынокта ақша ұсынысының өсуіне алып келеді және теңгерімде плюс белгісімен көрініс береді. Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шоттары бойынша белсенді сальдо ресми валюталық резервтердің өсуіне алып келеді және теңгерімде минус белгісімен көрініс береді. Ағымдағы шоттың, капитал қозғалысы шотының және резерв көлемінің өзгеруі сальдосының сомасы нөлді құрауы керек.
Шынайы өмірде төлем теңгерімі оң немесе теріс сальдомен шығарылуы мүмкін. Бұл нәтиже екі шотқа ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысына қатысты. Ол халықаралық сауда мен қаржы операцияларын жүргізудің нәтижесіндегі валюта қозғалысының (елге немесе елден сыртқа қарай) бағытын көрсетеді. Егер төлем теңгерімі жетімсіз болса, ел жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын аз алады. Жетімсіздіктің көлемі ресми резервтерді қысқартуға тең болады. Ал белсенді сальдо мемлекет жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын көп алып, мұның нәтижесінде валюталық резевтердің өсуі жүрді дегенді білдіреді. Әлемдік практикада тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландыру үшін халықаралық резервтердің үш айлық көлем жеткіліктілігі ережеге қабылданған.
Төлем теңгерімінің макроэкономикалық тағайындауы – аталмыш елдің шетелдік әріптестерімен халықаралық қатынасының жағдайын айқын формада көрсетуінде, ол мемлекеттік қарыздардың ақша-кредиттік, валюталық, бюджеттік-салықтық, сыртқы сауда саясаты мен басқаруын таңдаудың индикаторы болып табылады.
IS-LM моделі бойынша ұлттық шоттардың негізгі тепе-теңдігі келесі теңдеу түрінде көрінеді:
Y = C + I + G + (E – Z) (13)
мұнда (Е – Z) = NE – таза экспорт.
Тепе-теңдік (13) кіріс (шығару жиынтығы – совокупный выпуск) барлық тауарлар мен қызметтерге кететін ішкі шығындарға (С + I + G) плюс таза экспортқа (NE) тең деп сендіреді. Себебі аталмыш тепе-теңдіктің оң бөлігі өнімге кететін жиынтық шығынды көрсетсе, соған сәйкес таза экпорттағы өзгерістер шығару жиынтығы мен жұмыспен қамтылуда өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Егер де Ү экономикаға арналған ішкі факторлармен жасалынған жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), яғни тауарлар мен қызметтердің түпкі құнын көрсететін болса, онда NE-гe тауарлар мен факторлық емес қызметтер енеді. Егер де Ү аталмыш елдің резиденттерімен жасалған жалпы ұлттық өнімді (ЖҮӨ), яғни тауарлар мен қызметтердің түпкі құнын көрсететін болса, онда NE-гe шетелден келетін тауарлар, факторлық емес қызметтер мен таза факторлық кірістер енеді (ҮF).
ЖҰӨ = Y = C + I + G + (E – Z + YF) (14)
Егер де тепе-теңдіктің екі бөлігіне (14) шетелден келетін таза трансферттерді (RF) қоссақ, онда резиденттердің тұтынуға және жинақтауға кететін таза кірісін көрсететін жалпы ұлттық қолда бар кірісі (NDI = ЖҮӨ + RF) шығады.
NDI = C + I + G + (E – Z + YF+ RF) (15),
мұнда (Е – Z + YF + RF) төлем теңгерімі (баланс) шоттарындағы ағымдағы операциялардың теңгеріміне сәйкес келеді.
Егер де ұлттық шоттардың негізгі тепе-теңдігін келесі түрде көрсететін болсақ:
Y – (C + I + G) = NE (16),
онда бұл жағдайда NE резиденттердің (мемлекетті қоса алғанда) кірісі мен жиынтық шығындары арасындағы айырманың көрінісін береді. Оң NE кірістің жыйынтық шығындардан асып тускенін көрсетсе, теріс NE кірістің жыйынтық шығындардан кем болғанын күәландырады.
Бұл пайымдау сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу проблемаларының экономиалық аспектілері бар және оның шешімі кіріс пен шығыстың арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құрал түрін таңдауды қажет етеді дегенді білдіреді.
Егер де тепе-теңдіктің (15) оң жағына таза салықты Т алып тастап және Т таза салықты қосатын болсақ (трансферттерді шегеріп тастағандағы салықтар), онда келесіні шығарамыз:
NDI = C + I + G + T – T + (E – Z + YF + RF). (17)
Sp = NDI – С – T – жеке жинақтаудың (частные сбережения) анықтамасын пайдалана отырып, BS = T – G – мемлекеттік бюджеттің артықтығын ескеріп және NE = E – Z + YF + RF ағымдағы операциялар шотын қолдана отыра келесі тепе-теңдікке жетуге болады:
NE = (Sp – I) + (T – G) (18)
Ағымдағы операциялар теңгерімі (NE) жеке сектордағы жинақтаулар (Sp) мен инвестициялардың (I) айырмасына плюс бюджет артығына тең болады. Аталмыш теңдеу мемлекеттік бюджет жағдайы пен сыртқы тепе-теңдік арасындағы тікелей байланыс фактісін көрсетеді. Бюджеттік жетімсіздіктің өсуі (егер де ол жеке жинақтаулардың өсуімен немесе инвестициялардың төмендеуімен қатар жүретін болмаса) ағымдағы операциялар теңгерімінің болмай қалмайтын нашарлауына алып келеді.
Ағымдағы операциялар теңгерімінің сальдосы оң болуы үшін не жеке меншік сектордағы жинақтаулардың инвестициялардан асып түсуі, не мемлекеттік секторда таза салықтың шығындардан асып түсуі қажет. Егер де макроэкономикалық саясат шараларының көмегімен тікелей немесе жанама түрде осы мақсаттардың тым болмаса біреуіне қол жеткізу мүмкін болса, ағымдағы операциялар теңгерімі жақсаратын болады.
Аталмыш қорытынды ерекше маңызға ие, себебі ағымдағы операциялар теңгерімінің жақсаруы импорттық квоталар, импорттық тарифтер немесе экспорттық субсидиялар енгізумен байланысты деп саналады. Ал шындығында ағымдағы операциялар жетімсіздігі инвестициялар мен мемлекеттік шығындармен салыстырғанда ұлттық жинақтаулар жетімсіздігінің көрінісін береді.
Айтылып өтілгендей, белгілі бір елдің төлем теңгерімі дегеніміз – бұл сол елдің резиденттері мен сыртқы әлем арасындағы барлық экономикалық мәмілелері туралы статистикалық есеп беру болып табылады. Төлем теңгеріміне ағымдағы операциялар шоты (NE), капитал қозғалысы шоты (К) және ресми резерв активтерінің өзгеруі (∆R) енеді. NE және К сомасын әдетте ресми есеп теңгерімі (ВР) деп атайды (баланс расчетных операций).
BP = NE + K (19)
Ресми есеп теңгерімі таза шетел тауарлары, қызметтері мен активтерін сатып алуды көрсететін жағдайда валюталық реттеу органдары бейтеңгерімді Орталық банкіде сақтауда жатқан шетел валютасы резервін қолдану, немесе сыртқы қаржы рыноктарынан қарызға алу жолы арқылы қаржыландырады
NE + K = ∆R (20)
Ресми резервтік активтер енетін төлем теңгерімінің (платежного баланса) түпкі сомасы нөлді құрайды.
Ағымдағы операциялардың теңгерімі (NE) төлем теңгерімінің жалпы алғандағы жағдайының аса маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі ол сыртқы қарыз алудың көлемі мен бағытын анықтайды. Импорт экспорттан асып кеткен жағдайда ағымдағы операциялардың теріс теңгерімі сыртқы рыноктардан ағымдағы операциялар теңгерімі жетімсіздігінің көлеміне пара-пар займдар алу есебінен жабылу тиіс. Осылайша, егер ағымдағы операциялар есепшотын (NE) оны қаржыландыру көздерінің сомасы ретінде елестететін болсақ, біз келесіге ие боламыз:
NE = ∆R – ∆K = ∆FA (21)
мұнда, ∆R – шетел валютасының таза резервіндегі өзгерістер;
∆K – сыртқы әлем алдындағы таза ликвидтік (өтімділік) міндеттемелердегі өзгерістер (капитал ағыны елдің сыртқы әлем алдындағы ликвидтік міндеттемелерінің көбеюін білдіреді, ал капиталдың кері ағыны елдің сыртқы әлемге деген ликвидтік талаптарының өсуін білдіреді).
∆R мен ∆К арасындағы айырмашылық елдің таза шетелдің активтері (∆FA) өзгерісінің көлемінің сипатын береді. ∆FA – бұл елдің сыртқы әлемге деген ликвидтік талаптарының таза ұлғаюы.
NE елдің таза сыртқы активтері жалпы алғанда қаншалықты көбейгендігін көрсетеді. Егер де елдің жиынтық шығыны кірістен төмен болса және NE оң болатын болса, бұл жағдайда оның сыртқы әлемге деген ликвидтік талаптары да ұлғаяды. Ағымдағы операциялардың оң сальдосы шетел валюталық резервтерінің таза ұлғаюын және елден капиталдың кетуін білдіреді.
Егер де елдің жиынтық шығындары кірістен асып кетіп және NE теріс болса, онда аталмыш елге шетелдіктердің ликвидтік талаптары ұлғаяды. Ағымдағы операциялар теңгерімінің теріс сальдосы шетел валюталық резервтердің азаюын және елге капиталдың келуін білдіреді.
Егер де NE оң болып және ел халықарылық қаржы рыноктарына кредиттер ұсынатын болса, онда оның тұрмыс халы өседі, себебі шетелдіктер өз импортымен бүгін төленбеген аталмыш елдің әрбір бірлігін кейіннен ұсынылған кредиттер үшін төленетін пайыздар мөлшеріне қарай өскен үлкен сомамен төлейді.
Егер де NE теріс болып және ел халықаралық қаржы рыноктарынан қарыз алатын болса, онда елдің тұрмыс халы төмендейді, себебі ол ел бүгінгі тұтынуын болашақтағы тұтыну эксперты есебінен импортап отыр.
Бұл теңдіктен (21) тағы да ұзақмерзімдік кезеңде ағымдағы операциялардың тұрақты жетімсіздігі таза шетелдік активтердің (олар теріс шамаға айналуы мүмкін) қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде ел нетто-қарызгерге айналады да, қарыздарын қалай төлеу мүмкіндігі дилеммасына келіп тіреледі.
Тепе-теңдікті (21) қайта құру келесі теңдеуді береді:
(Sp – І) + (Т – G) = ∆FA (22)
Егер де жеке сектордағы жинақтар инвестицияларға тең болатын болса, онда бұл жағдайда мемлекеттік бюджет артығы елдің сыртқы әлемге ликвидтік (өтімділік) талаптарының таза ұлғаюын білдіреді. Ол не сыртқы қарыздың азаюы, не шетел валюталық резервінің өсуі түрінде көрінеді.
Кредиттік-ақшалық реттеу органының – Орталық банкінің (ОБ) – ресми валюталық резервіндегі өзгерістер ақша ұсынысына байланысты болады. ОБ теңгерімдік есеп беруі активтерінде ішкі кредит пен ресми валюталық резервтердің көлемінің көрінісі беріледі, ал пассивтерде ақша базасының көлемі беріледі. Бұдан әрі сараптама жүргізуді қарапайымдандыру мақсатында шетел валюталық резервінің көлемі ОБ-нің ресми валюталық резервінің көлеміне дәл сәйкес келеді деп болжауға болады. ОБ-нің теңгерімдік есебінен келесі көрінеді:
∆R + ∆DС = ∆ДБ (23)
∆R – ОБ таза ресми валюталық резервіндегі өзгеріс;
∆DС – үкіметке және коммерциялық банкілерге ұсынылатын ішкі кредиттегі өзгеріс;
∆ДБ – ақша массасындағы өзгеріс.
Экономиканың сыртқы секторы есепшотындағы елдің ресми есептерінің теңгерімі (ВР) іс жүзінде ОБ-нің таза ресми валюталық резервіндегі өзгерістердің көлемін көрсетеді.
BP = ∆R (24)
Елде ВР жетімсіздігі болатын болса, шетел валютасына деген сұраныс өседі және ресми валюталық резервтер азаяды, себебі ОБ өз валютасын шетелдік валютаға айырбастап сатып алуы керек.
Егер де ел ВР жетімсіздігін бастан кешіріп отырғандығының нәтижесінде ресми валюталық резервтер ∆R көлеміне азаятын болса және ішкі кредит (DC) өзгермейтін болса, онда ақша базасы (ДБ) тап сондай көлемге азаяды.
Ақша базасы ақша мультипликаторы арқылы ақша ұсынысымен байланыста болады (ақша ұсынысы ақша базасы мен ақша мультипликаторының көбейтіндісіне тең болады). Егер де ОБ ресми валюталық резервтердің азаюына ешқандай да жауап шаралар қолданбаса, ақша базасы азаяды және де оның салдарынан ақша ұсынысы да азаяды. ОБ-нің мұндай пассивті саясаты белгілі бір жағдайларда іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, жиынтық сұраныстың қысқаруына, өндіру деңгейінің түсуіне алып келуі мүмкін.
Алайда мұндай ДБ-ның автоматты азаюының алдын алуға болатын тәсіл бар. ОБ сыртқы есептердің бейтеңгерімдігін ол ақша ұсынысына әсер ете алмайтындай етіп жоя алады немесе «стерильдей» алады. Стерильдеу барысында ОБ DC-те сәйкес өзгерістер жүргізу арқылы ресми валюталық өзгерістерді бейтараптандырады да, ресми валюталық резервтердегі өзгерістерге қарамастан ДБ өзгеріссіз қалады.
Бұл төлем теңгерімі жетімсіздігі бар елде ОБ ресми валюталық резервтерді жұмсайды дегенді білдіреді, бұл ДБ азаюына алып келеді, бірақ та бір мезгілде ақша массасы бастапқы деңгейде қалуы үшін немесе жоспарланған көлемге азаюы үшін ашық рыноктағы дисконт ставкасының төмендеуі немесе резервтік жабу нормаларын төмендету операцияларын жүргізу арқылы кеңейтуші ақша саясатын жүргізе отыра DC-ті көбейтеді. Стерильдеу саясаты өзгеріссіз пайыз ставкасын немесе өзгеріссіз ақша массасының көлемін демеуге бағытталған кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырушы елдерде басым болып келеді.
Алайда стерильдеудің мүмкіншіліктері шектеулі болады. Төлем теңгерімінің ұзақ жетімсіздігі ОБ-нің ресми валюталық резервінің азаюына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге ішкі кредиттің әрі қарайғы кеңеюіне жол бермейді. Бекітілген валюталық курс жағдайында ішкі кредиттің ұдайы кеңеюі валютаға деген сенімді жоғалтуға алып келеді де, салдары – сол валютадан қашу және оған деген спекулятивтік қысым жасау түрінде көрініс береді. Қалыптасқан жағдайда ОБ не валютаны девальвациялауға немесе иілімді валюталық курс режимін жүргізуге мәжбүр болады.
Егер де ОБ мақсаты валюталық курстың бекітілген деңгейін демеп тұру үшін сыртқы тепе-теңдікті тез қалпына келтіру болып табылатын болса, онда ол стерильдеуге қарама-қарсы әрекеттер жасай алады. Бұл жағдайда төлем теңгерімінің жетсіміздігі ақша ұсынысын азайту есебінен қысқартылуы мүмкін, бұл экономикадағы ішкі шығындардың, соның ішінде импортқа деген шығындардың азаюына алып келеді. Төлем теңгерімінің оң сальдосы, керісінше ОБ-тан ішкі шығындар мен импортты ынталандыратын ақша массасының көбейтуін таладі етеді.
Төлем теңгерімі (платежный баланс) аталмыш елдің басқа елдермен халықаралық экономикалық қатынастарының жайын көрсете отыра, бюджеттік-салықтық, ақша-сыртқы сауда, валюталық және т.б. негізді макроэкономикалық саясаттарды дайындау кезінде өте маңызды бағдар болып қызмет етеді.
Төлем теңгерімі белгілі бір кезең аралығында (әдетте бір жыл ішіндегі) елдің экономикалық субъектілерінің басқа әлеммен сауда және қаржы мәмілелері жөнінде бухгалтерлік есепшоттар формасындағы статистикалық есеп беру түрінде көрінеді. Сондықтан да бұл құжатқа бекіген атау оның шын болмысына сәйкес келмейді, себебі теңгерімде белгілі бір датадағы қордың (запастардың) көрінісі беріледі, ал төлем теңгерімінде қарастырылатын кезең ішінде елдер арасындағы игіліктер мен капитал (мүлік) ағындары көрсетіледі. Төлем теңгеріміндегі көрсеткіштер әдетте бірыңғай әлемдік валютамен (АҚШ долларымен) беріледі.
Төлем теңгерімінде 1-кестеде жүйелеп көрсетілген төрт есепшот аталып көрсетіледі. Әрқайсысының кредитінде шетел валютасының ағымдағы кезеңдегі түсімін қамтамасыз етуші операциялар, ал дебетте шетел валютасының кері ағынымен қатар жүретін операциялар көрсетіледі.
1-кесте. Төлем теңгерімінің есепшоттарының сызбасы.
№ 1 шотта кезең ішіндегі экспорт пен импорттың көлемі есепке алынады. Оның ішіндегі игіліктердің тауарлар мен қызметтерге бөлінуі халықаралық тауарлар мен қызмет айырбасының статистикалық есепке алудың ерекшеліктерімен байланысты болады. Егер де экспортталатын және импортталатын тауарлардың көлемін олардың шекара арқылы қозғалысы кезінде кедендік қызметтер жедел тіркеуге алып отыратын болса, ал екі елдің бір-біріне көрсеткен қызметтердің құндылығының жалпы сомасын есептеу үшін есепке алудың ерекше әдістерін қолданады. Халықаралық қызмет алмасуды сонымен бірге көзге көрінбейтін экспорт-импорт деп те атайды.
Шекара сыртында қолданылатын еңбек пен капиталдан түсетін кіріс № 2 есепшотта көрсетіледі.
Аударымдар есепшотында тауарлар мен қызметтерді олардың ағымдағы құндылығы бойынша ақысыз жеткізулері есепке алынады. Бұған көмектің барлық түрлері мен ақысыз ақша аударымдары жатады. Көмек ретінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің құндылығы төлем теңгерімінде екі рет көрсетіледі, біріншісі аударымдар теңгерімі дебетінде, екіншісі тауарлар мен қызметтер шоты кредитінде. Егер де ақшалай көмек ұсынылатын болса, ол ауадарымдар теңгерімі дебеті мен валюталық резервтер шоты кредитінде көрсетіледі.
Қарастырылған үш теңгерім шоты ағымдағы операциялар есепшотымен біріктіріледі. Ағымдағы төлемдер сальдосы елдің игіліктерінің (Е – Z = NE) таза экспорты болып табылады.
Ағымдағы операциялар есепшоты бойынша аталмыш кезеңде жүзеге асырылған мәмілелердің сомалық сальдосы тек қана кездейсоқ жағдайда нөлдік болып шығуы мүмкін. Бұл есепшот бойынша оң сальдо (NE > 0) шетелдің ел алдындағы міндеттемелерінің өсуін білдіреді, ал теріс сальдо (NE < 0) елдің шетел алдында өзінің міндеттемелерін өсіргендігінің көрінісін беред. Бұл өзгерістер капитал мен қаржы құралдарымен операцияларды есепке алу кезінде ескеріледі.
Бұл есепшотта сауда кредиттерін көрсетуден басқа, мұнда бейрезиденттердің елде және резиденттердің шетелдерде жүзеге асырылған инвестициялары, сонымен қатар капиталдық трансферттердің көрінісі беріледі. Бұл жағдайда инвестициялар қоржындық (құнды қағаздар сатып алу), тікелей және тағы басқалар деп бөлінеді. Қоржындық және тікелей инвестицияларды шектеу үшін практикада келесі критерийлерді қолданады: егер де инвестор кәсіпорынның кәдімгі акцияларының 10 %-на ие болатын болса, онда ол салған қаражатты тікелей инвестициялауға жатқызылады. Тағы басқа инвестицияларға (прочим инвестициям) халықтың жинақтау қаражаты, сауда кредиті, мерзімі асып кеткен қарыз ретінде қолдану үшін сатып алған шетелдік валютаны жатқызады.
Капиталмен жүргізілетін операциялар сальдосының есепшоттары таза капитал экспорты (NKE) деп аталады. NKE > 0 болуы жағдайында елдің капиталы таза сыртқа ағады (шығарылады), ал NKE < 0 болуы жағдайында оны таза ішке құю (енгізу) жүреді.
Ағымдағы операциялар мен капиталмен жүргізілетін операциялар есепшотының сомалық сальдосы төлем теңгерімінң сальдосы (ZB) болып табылады. Егер де NE > NKE болса ел белсенді (артық) төлем теңгеріміне, ал NE < NKE